Қоғамдық-саяси субъектілердің белсенділігі. Облыста 8 республикалық партияның филиалдары жұмыс істеуде. Жалпы, олардың барлығымен іскерлік және серіктестік қарым-қатынас орнатылған.
Партиялар қатарынан тек «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы аймақтағы ең бұқаралық және жетекші саяси партия.
Облыстық партиясының ең басты маңыздылығы оның құрамында 11 аудандық пен қалалық филиалдары және 399 бастауыш ұйымдары, облыстың барлық аудан және ірі елді мекендерінде «Жас Отан» жастар қанатының 214 өкілі бар.
Нұротандықтардың 96,5%-ы барлық деңгейдегі мәслихаттарда қызмет етеді.
Жалпы, басқа саяси партиялардың филиалдары аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласпай, селқостық танытуда.