Программа развития Жамбылской области



бет64/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101
Білім беру

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде орын тапшылығы сақталуда;

  • Облыстың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының төмен жалақыға және артық жүктемеге байланысты білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;

  • Жыл сайын күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;

  • Үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы;

  • Ауылдық жерлерде балшықтан соғылған ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы;

  • Ауылдық елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділіктің жеткіліксіздігі;

  • Инклюзивтік білім берудің жеткіліксіз дамуы;

  • Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының (саз, көркемсурет мектептері, техникалық шығармашылық орталықтары) жеткіліксіздігі;

  • Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитындар санының қысқара отырып, колледждерде ақылы оқу түрінің ұлғаюы және басымдылығы;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру объектілері ғимараттарының ескіруінің жоғар дәрежесі;

  • Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің тапшылығы.



Денсаулық сақтау

  • Тағаммен толыққанды қамтамасыз етілмеу;

  • Аурулардың асқындауы кезінде көмекке кеш жүгіну;

  • Жүкті әйелдердің тұрақты тексеріліп тұруы үшін ынталандырудың жеткіліксіздігі;

  • Зиянды дағдылардың денсаулыққа әсері туралы атүсті білу;

  • Денсаулық пен СӨС басымдылығының төмендігі;

  • Қан тамырлары ауруларының дамуына әсер ететін тамақтану рационына дағды;

  • Жұмыс орындарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру саласындағы ынтымақтастыққа компаниялар қызығушылық танытпайды;

  • Әлеуметтік проблемалар (кедейшілік) халықтың басым бөлігіне өзінің денсаулығы үшін қамқорлыққа мүмкіндік бермейді;

  • Жоғары мінез-құлық тәуекелдіктері (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық);

  • Педиатрлардың тапшылығы;

  • СӨС орталықтарында қызметкерлердің тапшылығы;

  • Халық үшін перзентханаларда орынға қолжетімділіктің төмендігі;

  • Бала туу жасындағы әйелдердің қан аздық тәуекелділігін азайтатын және тууға дейінгі асқынуларды болдырмайтын препараттармен қамтамасыз етілмеуі;

  • Медициналық тексерулер мен жалпыға бірдей скринингтердің жеткіліксіздігі;

  • БАҚ арқылы жалпы қолдаудың жеткіліксіздігі;

  • Дәрігерлердің үлкен және перманентті тапшылығы;

  • Амбулаторлық деңгейде, әсіресе ауылдық жерлерде жабдықтардың ( оның ішінде рентген және УЗИ) және диагностикалық препараттар мен дәрілердің тапшылығы;

  • Ғимараттар мен құрылғыларды жаңартудың жеткіліксіз қарқыны.



Әлеуметтік қорғау.

  • Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесінің жоғарылығы.

  • Мүгедектерді және жастарды жұмысқа орналастыру проблемалары.

  • Жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі.

  • Күн көріс деңгейінен табысы төмен халықтың үлесінің жоғарлығы.

  • Ауылдағы кедейшілікті және жұмыссыздықты оқшаулау.

  • Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бойынша жалақы мөлшерінің сәйкессіздігі

  • Еңбек ақының төмендігіне байланысты медициналық–әлеуметтік мекемелердің білікті мамандармен (онің ішінде, бір саладығы мамандандырылған дәрігерлермен) қамтамасыз етілуінің төмендеуі.



Мәдениет

  • Мәдени мекемелер желісінің дамуындағы теңсіздіктерге байланысты облыс халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;

  • Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлардың тапшылығы;

  • Отандың мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.



Тілдерді дамыту

  • Тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;

  • Мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ.



Дене шынықтыру және спорт

  • Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткіліксіздігі;

  • Сондай-ақ елеулі кемшілігі - ауылдық елді мекендерде спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерлердің жетіспеушілігі.



Туризм

  • Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы;

  • Сервистің төмен деңгейі;

  • Кадрларды даярлаудың әлсіз деңгейі.



Жастар саясаты

  • Барлық деңгейдегі мәслихаттарда жастар проблемасының жеикіліксіз деңгейде көтерілуы

  • Гендерлік саясат

  • Қоғамның гендерлік мәдениетінің жетіспеушілігі.

  • Өкілетті органдар билігіндегі әйелдер үлесінің мардымсыздығы.



Құрылыс

  • Халықтың төмен кірістері;

  • Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;

  • Елді мекендерге құрылыс салу бас жоспарларының жоқтығы (Тараз қаласынан басқа);

  • Коммуналдық инфрақұрылымның жетімсіздігі;

  • Ескірген құрылыс технологиялары;

  • Халық пен құрылыс компанияларының үлестік құрылысқа дайын еместігі.



Көлік

  • Автожол төсенішінің нашар жағдайы;

  • Жүк автокөлігі үшін сервистік инфрақұрылымның жоқтығы;

  • Шалғай жатқан елді мекендермен автобус қатынасының жоқтығы;

  • Тараз қаласындағы автобус қатынасының оңтайландырылмаған бағыттық картасы;

  • А класты қойма терминалдарының жоқтығы;

  • Көлі-логистикалық орталықтың жоқтығы.



Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Тұрғын үй қорының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;

  • Ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

  • Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;

  • Су көздерінің техногендік ластануы;

  • Қалдық суларды биологиялық тазалау қондырғыларының жоқтығы;

  • Тасымалдау кезінде суды айтарлықтай жоғалту;

  • Инвестицияларға ықпал етпейтін сумен қамтамасыз етудің және су бөлудің төмен тарифтері.



Жылумен қамтамасыз ету

  • Тұрғын үй қорының және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орталықтандырылған жылумен жарақтандырылуының төмендігі, қуаттардың көптігі, негізгі қорлардың тозуы;

  • Жылумен қамтамасыз ету қызметтеріне бағалардың жоғарылығы.



Газбен қамтамасыз ету

  • Қолданыстағы газ құбырлары желілері бұрынғы кеңес газ құбырлары жүйесінің бір бөлігі болып табылады және басқа республикаларға газды тасымалдауға арналған, сондықтан табиғи газды қажет көлемде жеткеруге қабілетсіз;

  • Жергілікті газ-кен орны қуаттарының төмендігі;

  • Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

  • Өзбекстан газының қымбаттығы және жеткерудің тұрақсыздығы.



Тұрғын үй қорын басқару

  • Халықтың жалпыүйлік аумақты басқарудағы белсенділігінің төмендігі (ПИК төмен үлесі), ПИК басқарушыларының кәсіби еместігі, ПИК жұмысының ашық еместігі, тұрғын үй қорының өте ескіруі;

  • Халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

  • Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.



Электр энергетикасы

  • Халық кірістерінің төмен деңгейі;

  • Шектеулі дәстүрлі шикізат көздері;

  • Шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер кезінде энергия жабдықтарының жоғары физикалық және моральдық тозуы;

  • Жоғары энергия сыйымдылығы және электр энергиясына шығыстар тарифті көтеру мүмкіндігін шектейді.



Аумақтық даму

  • Өндірістік күштерді орналастырудағы аумақтық әркелкіліктер, қосымша құнның өнеркәсіптік буындарының жоқтығы;

  • Облыс аумағының қалалану деңгейінің төмендігі - 42%, бұл ауыл халқының басым екенін көрсетеді;

  • Облыс аудандарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы елеулі әркелкіліктер.



Мұрағат

  • Тиісті мұрағат ақпараттарын сақтау үшін мұрағат қорын сақтау алаңының жетіспеуі.

  • Материалды-техникалық базалармен қанағаттандырылмайтын жағдай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет