Программа развития Жамбылской области



бет67/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101
Газбен қамтамасыз ету

  • Алдағы 5 жылда 96 елді мекенді газдандыру (өңірді газдандыру деңгейін 42,3% жеткізу).



Тұрғын үй қорын басқару

  • Кондоминиумдар құру және ПИК-не ену;

  • Тұрғын үй қоры және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымы жағдайының тұрақты жаңартылып отыратын мәліметтер базасын жасау.



Электр энергетикасы

  • Балама көздерден алынған электр энергиясын кепілді түрде өткеру;

  • Балама энергетиканың жоғары ресурстық әлеуеті;

  • Экономиканың барлық секторларындағы электр сыйымдылығы және халықтың электр энергиясын тұтыну деңгейінің жоғарылығы;

  • Электр энергиясын тұтынуды қысқартуға мүмкіндік беретін технологиялардың болуы.



Аумақтық даму

  • Ауыл халқы санының басымдылығы ауылшаруашылығын дамыту үшін жақсы база жасауға ықпал етеді.



Мұрағат

  • Қордай ауданындағы мемлекеттік мұрағатының жаңа ғимаратын соғу. Мұрағат ақпараттын электронды форматта жолдау.

  • Мұрағат қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың ақпараттық жүйеге қолайлы осы заманғы, электронды форматта қол жетімділігі кеңейтіледі.

Өнеркәсіп

  • Республиканың басқа өңірлеріне қарағанда экономикалық даму қарқыны төмен.

  • Облыстың шекара маңы аудандарында Қырғызстан экономикасының басымдығының ұлғаю мүмкіндігі;

  • Облыс бизнес-ахуалының нашарлау мүмкіндіктері;

  • Үдемелі индустриаландыру жоспарларын іске асыру үшін қолжетімді электр энергиясының тапшылығы.



Ауыл шаруашылығы

  • Ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтар (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер етеді;

  • Нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын кредиттеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперация және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.



Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Бизнестің жабылуы және банкроттыққа ұшырауы, жаңа өндіріс ашуда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі, қолданыстағы өндірістің әртараптануы;

  • Ішкі нарықтың ашылуына және Бүкіләлемдік сауда ұйымына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке енуге байланысты облыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігі, ішкі нарықтың импорттан тәуелділігінің артуы.



Бәсекелестікті дамыту

  • Бензин мен дизель отынының тапшылығы;

  • Шикізатқа елеусіз маусымдық тербелістердің соңғы өнімге асыра әсер етуі.



Сауда

  • Көрсетілген қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

  • Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.



Білім беру

  • Мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоқтығы жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салуда жеке сектор бастамасының жоқтығы, облыста мектепке дейінгі балаларды қамту деңгейінің төмендігі, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындардың тапшылығы балаларды орта мектепте оқытуға дайындау және олардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделуі бойынша мүмкіндіктерді шектейді;

  • Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлініп отырған бюджеттік қаржылардың шектеулігі салдарынан облыстағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашарлауда, атап айтқанда бірқатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде спорт залдары, жүзу бассейндері, саз залдары, ыстық су жоқ, бұл балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді;

  • Ауылдық жерлердегі ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтау салдарынан жаңа мектептер салу шығыстарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • Балалар мекемелерінің жабылу қаупінен балаларды отбасыларына орналастыру мәселесіне интернат мекемелері қызметкерлерінің жасырын қарсыласуы, бұл мәселеде интернат мекемелері басшыларының және қызметкерлерінің әлсіз негіздемесі;

  • Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды отбасыларға орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы;

  • Колледждердегі өндірістік оқу шеберлері жалақысының төмендігі, олардың кәсіптік білім беру жүйесінен кетуі оқу процесінің сапасының және оқушылардың практикалық тәжірибені меңгеруінің төмендеуіне әсер етуде, бұл кезегіне қарай бітірушілердің еңбек нарығындағы қажеттілігіне кері әсерін тигізеді.



Денсаулық сақтау

  • Жүктеменің өсіміне байланысты қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

  • СӨС бойынша даярланған мамандар санының жеткіліксіздігінен нәтижеліктің төмендеуі.



Әлеуметтік қорғау.

  • Жұмыс орындарын құрудың негізгі сызбасының (балансының) және өндіріс күштерінің даму мен орналасуын ескергендегі кадрлық қамтудың орындалмауы

  • Әлеуметтік жұмыс орындарын, кәсіптік даярлауды және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін бюджеттік қаржылар көлемінің шектеулігі.

  • Медициналық-әлеуметтік мекемелердің желісін дамыту шығындарының жеткіліксіз қаржыландырылуы.

  • Жастар практикасына қатысушылардың басым көпшілігі мемлекеттік органдарға жолданатындықтан, практика мерізімі біткеннен кейін оларды тұрақты жұмыстармен қамтуда туындайтын қиындықтар.



Мәдениет

  • Табиғи-ауа райы жағдайларының тарихи-мәдени мұра объектілеріне келеңсіз әсері;



Тілдерді дамыту

  • Мемлекеттік тілді қолдану аясында құқықтық кемшіліктердің болуы;

  • Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.



Дене шынықтыру және спорт

  • Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың дене шынықтыру белсенділігі әдетте әл-ауқатының жақсаруына қарай төмендейді.



Туризм

  • Туристiк және көлiк инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы;

  • Қызмет көрсету деңгейінің төмендігі;

  • Мамандарды даярлау деңгейінің әлсіздігі



Жастар саясаты

  • Облыс жастарының әлеуметтік белсенділік деңгейінің төмендеуі.



Құрылыс

  • Елді мекендер бас жоспарларының бекітілуі мен қабылдануының кешеуілдеуі;

  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеудің кешеуілдеуі;

  • Халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі.



Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Сумен қамтамасыз ету желілері жағдайының одан әрі нашарлауы және су құбырлары ұзындығының азаюы салдарынан облыс халқының өмір сүру сапасының нашарлау қаупі өседі.



Жылумен қамтамасыз ету

  • Жаңатас и Қаратау шағын қалаларында жылумен қамтамасыз ету желілері аварияларының веерлік тізбегі.



Газбен қамтамасыз ету

  • Өзбекстаннан газ жеткерулердің бұзылуы;

  • Жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан елді мекендерді газдандыру үрдісінің баялау қаупі бар.



Тұрғын үй қорын басқару

  • Халықта жалпыүйлік аумақтардың жағдайына, қалдықтарды жинау мен шығаруға жауапкершіліктің жоқтығы;

  • Тұрғын үй қорыныі істен шығу қарқынының жеделдеуі.



Электр энергетикасы

  • Қуаттардың тозу деңгейінің одан әрі өсімі, авариялар санының өсімі, э/э техникалық жоғалту деңгейінің және пайдалану шығыстарының өсімі;

  • Энергия үнемдеу технологияларын ендіру бағытында тұтынушылар арасындағы төмен белсенділік;

  • Энергия үнемдеу технологияларын іске асыруға қаржылық ресурстарды тартудағы проблемалар.



Аумақтық даму

  • Жақын орналасқан өсім орталықтары – Шымкент қаласына және Алматы облысына халықтың көшіп кету қаупі;

  • Аудандардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму әркелкілігінің тереңдеуі.



Мұрағат

  • Тиісті мұрағат ақпараттарын сақтау үшін мұрағат қорын сақтау алаңы жетіспеуі.





2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау

Қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясаты облыстың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге және халықты жұмыспен қамтуға, өмір сүру сапасын арттыруға, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл бағытта облыста «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Жамбыл облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру 2-ші бағыттың аясында іске асырылуда – бәсекелестікті жоғарылатуға және өңірдің экономикалық өсуіне ықпал ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет