Программа развития Жамбылской области



бет65/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101
Мүмкіндіктері

Қауіптері

Өнеркәсіп

  • Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – қосымша құнның өсімі;

  • Облыстың энергиядан тәуелділігін азайту;

  • Инвестициялық тартымдылықты арттыру;

  • Жаңа минералдық-шикізат ресурстарын игеру;

  • Агроөнеркәсіп кешенін, шағын бизнесті индустриаландыру;

  • Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;

  • Шекара маңы инфрақұрылымын дамыту;

  • Кедендік одаққа қатысудан ашылатын өнімді экспорттау мүмкіндігі;

  • Балама энергия көздерінің технологияларын дамыту.



Ауыл шаруашылығы

  • СДО құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру, бұл экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік береді;

  • Агроөнеркәсіп кешенін индустриаландыру;

  • Егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;

  • Мал табынындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;

  • Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жүйесін жасау;

  • Ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.



Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Облыстағы шағын бизнестің басымда жобаларын одан әрі тұрақты несиелеуді қамтамасыз ету;

  • Франчайзинг және аутсорсинг принциптерінде ірі кәсіпорындар маңайындағы шағын бизнес кәсіпорындарын дамытуды ынталандыру;

  • Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамытуға арналған әлеуеттің болуы;

  • Нарықтағы сұраныстар мен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат жеткерушілер, дайын өнімді өткеру мүмкіндіктері және сатып алуларға қатысу туралы ақпараттар банкін жасау;

  • Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.



Бәсекелестікті дамыту

  • Анықталған жоқ.



Сауда

  • Халыққа көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

  • Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, облыс экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.



Білім беру

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелер және шағын орталықтар құрылысын салуды бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;

  • Жұмыс істеуі және тұруы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына, оның ішінде ауылдық жерлердегі, тарту және қолдау;

  • Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту және мектептердің компьютерлік техникамен жарақтандырылу деңгейін жоғарылату және кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақсатында орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

  • Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында заманауи орта білім беру объектілерін салу саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту;

  • Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынай берілуін және ауылдық жердегі елді мекенге орнығуын ынталандыру;

  • Облыста техникалық және кәсіптік білім беру жаңа оқу орындарын және жатақханалар салу есебінен қолжетімділікті кеңейту;

  • Білім жүйесінің кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланысын білдіретін, сондай-ақ даярланған мамандардың жұмысқа орналасу мәселелерін шешетін корпоративтік білім беру принциптерін ендіру;

  • Білікті кадрлардың ауылдық аудандардағы кәсіптік білім беру жүйесіне ағылуын ынталандыру;

  • Нарықтың техникалық және қызмет көрсетуші кадрларға сұранысын анықтау жөнінде мониторингтің сапасын арттыру;

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастардың техникалық және кәсіби білімге қолжетімділігін кеңейту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет