Программа развития Жамбылской области



бет62/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Мәдениет

  • Облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамытуда жұмыс жүйелендірілген;

  • Отандық мәдениет өніміне сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

  • Мәдениет саласында жаңа ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолайлы осы заманғы форматта қол жетімділігі кеңейтілген.



Тілдерді дамыту

  • Мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқы тілдерін оқыту инфрақұрылымы кеңейтілді;

  • Мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды (лингафондық кабинеттер, компьютерлік бағдарламалар) ендіру қамтамасыз етілді;

  • Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді іске асырылуда.



Дене шынықтыру және спорт

  • Бірінші кезекте сұраныс жағынан дене шынықтыру кіші секторының күшті жақтарына оқушылар мен білімгерлер санының өсіп отырғандығын жатқызуға болады, бұл демографиялық келеңсіздіктің аяқталуының салдары.

  • Күшті жақтарының тағы бірі ҚР басқа өңірлерімен салыстырғанда денешынықтыру мұғалімдері білімінің жоғары деңгейі (мұғалімдердің басым көпшілігінің профильдік білімі бар). Сондай-ақ облыста денешынықтыруды оқыту әдістемелерін әзірлеу құзыры бар ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығы бар.



Туризм

  • Тартымды климат, бай және көркем табиғи әлеует, бай мәдени мұра;

  • Өсімдік және жануарлар әлемінің әртүрлілігі, бірегей ландшафтар мен таулы жерлер пейзаждары;

  • Демалыстың белсенді түрлерімен айналысу мүмкіндіктері: экологиялық, спорттық және этникалық туризм.



Жастар саясаты

    • Аудандарда жастар орталықтарының желісінің болуы;

    • Мемлекеттік жастар саясатының аудан және қала бюджеттерінен қаржыландырылуы.



Гендерлік саясат

  • Облыстағы жалпы және саясатты өмірде әйелдердің белсенді қатысуы.



Құрылыс

  • Бастапқы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу: гипс, шағал тас, құм, топырақ;

  • Құрылыс материалдары өндірісінің қарқынды өсуі;

  • Облыс аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бойынша мердігерлік жұмыстарға сұраныстың өсімі;

  • Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу;

  • Мемлекеттік бюджеттен құрылысқа бөлінген қаржыларды мақсатты және толық игеру;

  • Тұрғын үй құрылысы көлемдерінің және оларды пайдалануға берудің артуы.




Көлік

  • Облыс аумағы арқылы ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді;

  • Облыстық мәндегі жолдардың біршама жоғары тығыздығы;

  • Қатты төсеніші бар автомобиль жолдарының жоғары үлес салмағы.



Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Жер асты сулары қорларының болуы;

  • Сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғыртуды қаржыландырудың өсуі.



Жылумен қамтамасыз ету

  • Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала ғимараттарының енгізілуіне байланысты коммуналдық қызметтерге сұраныстың өсуі.



Газбен қамтамасыз ету

  • Амангелді газ-кен орнының болуы;

  • Газбен қамтамасыз ету қызметтеріне сұраныстың тұрақтылығы.



Тұрғын үй қорын басқару

  • Алмастырушы тауарлардың болмауынан коммуналдық қызметтерге деген сұраныс;

  • Коммуналдық қызметтердің сапасын және коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған осы заманғы технологиялар мен жабдықтардың болуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет