Семинарлық сабақ №4 Тақырыбы: .Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары. Мақсаты: деректерді қолдана отырып, Қазақстандағы ұжымдастыру мен индустриаландыру ерекшеліктеріне назар аудару.
Жоспары: Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
Қазақстандағы индустриаландыру:
а) Қазақстандағы индустриаландыру тұсындағы экономиканың ерекшеліктері;
б) оны жүргізудегі әдістер туралы пікір-талас
2. Қазақстандағы ұжымдастыру:
а) Қазақстандағы ұжымдастырудың көлемі, сипаты, қарқыны;
ә) ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарлары.
б) демографиялық салдары.
4. ХХ ғ. 30 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
5. 1920-1940 жж. Қазақстанның мәдени құрылысы
6. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.): тағдырлар ерліктері мен трагедиялары.
7. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның экономикасы, ғылымы және мәдениеті
Әдісі: семинар-конференция
Бақылау шаралары: Ауызша жауап, глоссарий және кесте құрастыру тесттер, кроссворд, шағын баяндамалар даярлау.
Көрнекілік құралдары: иллюстриация, слайдтар, видео-фото құжаттар
Бақылау сұрақтары: 1.Ұжымдастыру мен индустриаландыруды жүзеге асырудағы ерекшеліктердің мәні және тарихи кезеңдерін сипаттау;
2.КСРО тоталитарлық режимінің қайнар көздерін анықтау;
3. «Депортация» сөзінің мағынасын анықтаңыз.
4. Тоталитарлық тәртіптің белгілерін атаңыз.
5. Қазақстанның әкімшілік-аймақтық аудандастырылуын айқындаңыз.
Қазақ АКСР-ын одақтық республикаға ауыстыруы және алғашқы одақтық Конституция мағынасын түсіндіріп беріңіз.
30-шы жылдардағы «аштық» мәселесін тарихи зерттеулерден оқып, нәубеттің салдарын бағалаңыз.
Халыққа білім беру ісінің даму барысын сипаттаңыз.
Ғылымның дамуы: алғы қатарда - өлкенің табиғи ресурстарын пайдалану, геосаяси картасын құру, биологиялық ғылымдарды, ауылшаруашылығын дамыту мәселелерін қарастырыңыз.
Әдебиет пен өнердегі жаңалықтар мен өзгерістерді ашып беріңіз.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және себептерін ашып беріңіз.
Ұлы Отан соғысының басталуы және Қазақстан жауынгерлік жасақтарының қалыптасуы.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерліктерін көрсетіңіз.
Қазақстандықтардың фашизмді жеңудегі еңбекпен қосқан үлесін сипаттау;
Тарихи әдебиеттегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихқа жаңаша көзқарастарға назар аудару.