Гендерлік саясат Қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Қоғамның гендерлік мәдениетін арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық, ағарту науқандарын өткізу тәжірибесі жалғасады.
Тұрақты негізде семинарлар, тренингтер, әйелдерді билік органдарына тарту бойынша оқыту курстары өткізіледі, әйелдердің өкілетті билік органдарына сайлау науқандарына қатысуы жандандырылады, олардың бос лауазымдарға орналасу конкурстарына қатысуына ықпал етіледі.
Әсіресе ауылдық жерлерде әйелдерді жұмыспен қамту мәселелеріне ықпал ету. Шағын және орта бизнесте әйелдерді қолдау.