Мақсат 4.2.7: Мемлекеттік тілді дамыту
Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі.
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2011 (нақты)
|
2012
(нақты)
|
2013 (нақты)
|
2014
(жоспар)
|
2015 (жоспар)
|
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі
|
%
|
89
|
90,32
|
94
|
95
|
95,05
|
Міндет 4.2.7.1 Қоғамдық өмірдің әр-түрлі салаларына мемлекеттік тілді енгізу
|
Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі
|
%
|
-
|
-
|
-
|
-
|
98,5
|
Тіл саясаты саласындағы заңнама нормаларының жіберілген бұзушылықтарының саны:
- сыртқы жарнама,
- бұқаралық ақпарат құралдары
|
бірлік
|
-
|
-
|
-
|
-
|
10
|
Қалаларда қазақ тілінде оқытылатын мектептер саны
|
бірлік
|
-
|
-
|
-
|
-
|
40
|
Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім басқармалары, аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері
|
4.2.7.1 Қоғамдық өмірдің әр-түрлі салаларына мемлекеттік тілді енгізу (2015 ж.) міндетіне қол жеткізу жолдары:
Облыстағы өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілге, мемлекеттік қызметкерлерді, облыстың ересек тұрғындарды - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.
Мемлекеттік және басқа тілдерді облыстың этномәдени бірлестіктері жанындағы үйірмелер мен курстарда оқыту, халыққа тілдерді үйрететін мемлекеттік емес оқу, лингвистикалық орталықтармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Облыс аумағындағы тілдік ахуалды зерделеу бойынша әр-түрлі топтарда социологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Қазақстанның лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында келесі шаралар өткізіледі:
- мемлекеттік тілдің және және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік тренингтер және талдама зерттеулер өткізу;
- қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, фестивальдар, «дөңгелек үстөлдер» өткізу;
- Қазақстан халқының тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу.
- көрнекілік және жарнама ақпарат құралдарында әдеби қазақ тілін дұрыс қолдануын бақылауды күшейту;
- мемлекеттік органдардың іс-қағаздарында ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының сақталуына жоспарлы тексерулер жүргізу;
- іс-қағаздарды жүргізуіне әдістемелік көмек беру мақсатында семинарлар өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |