Мəтін теруде пернетақтаны басқару
Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты
|
2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушы үшін:
Оқушылар өздері оқитын мектептің ерекшеліктері туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Құрастырған сөйлемді компьютерде қалай теріп сақтауға болатынын айтады.
Кейбір оқушылар үшін:
Пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастырады.
|
Сабақтың барысы
-
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс- əрекеті
|
Оқушының іс-əрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)
|
Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Балық, құс, аң» ойыны
Ойынның шарты: жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана: «балық, құс, аң» деп айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде даусын қаттырақ шығарып:
«Балық!» (немесе «аң, құс»), – деп айтады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.
|
Топтастыру
|
«Есімдер арқылы топтастыру» əдісі
Оқушылардың есімдерін балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз, жауап беру үшін кездейсоқ тəртіппен оларды таңдап шығарыңыз. 1, 2, 3-ке дейінгі сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз.
1- топ: 2- топ: 3- топ:
|
(МК, Ұ) Ой
қозғау.
«Миға шабуыл» əдісі
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз
|
–Өзің оқитын
мектептің қандай
ерекшелігін атай аласың?
–Құрастырған сөйлеміңді компьютерде қалай теріп сақтауға болады?
–Компьютерде мəтін теруге арналған қандай программаларды білесің?
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Қошеметтеу» əдісі
арқылы бағалайды.
|
| -
|
ойларын айтып,
жауап береді.
|
|
|
|
Жаңа сабаққа дайындық
|
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ортаға ой салады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау
критерийлерімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы (31 мин.)
|
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
(МК. Т) Оқулықпен жұмыс. «ДЖИГСО» əдісі
Көлемді мəтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да төрт шағын топқа бөлініп («бастапқы топ»), 1- ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың əрқайсысы өз
нөміріне сəйкес мəтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар тобында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады.
Мысалы: мəтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1-топқа, т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын
таныстырады, топтық талқылау жүреді.
|
Дескриптор
Жаңа тақырыптың мəтінін оқып, танысады.
Топтар арасында талқылайды.
Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.
|
Топтар бірін-бірі сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай
|
Достарыңызбен бөлісу: |