<айнымалы> = <айнымалы> <операция> <өрнек>; Мұны Си тілінде қысқаша былай жазуға болады:
<айнымалы> <операция> = <өрнек>; Төменде бірнеше мысал келтірілген.
a=a+b; a+=b; a=a*b; a*=b; a=a-b; a-=b; a=a/b; a/=b; Си тілінде тізбектеле жазылған меншіктеу операцияларын да қолдануға болады. Мысалы:
sum = a = b; Мұнда меншіктеу операторы оңнан солға қарай орындалады, яғни b-ның мәні a-ға меншіктеледі, ал а-ның мәні sum-ға меншіктеледі.
Меншіктеу операторын былай да жазуға болады:
1) a = (b = 1) +2; мұнда a=3, b=1.
2) a = b = 1 + 2; ал мұнда a = 3, b = 3.
Дөңгелек жақшаға алынған кез келген меншіктеу операторы анықталған мәні бар өрнек болып табылады, мысалы: ((s=13+12)<=30) деген өрнек ақиқат мәнді болып табылады.