Әдістемелік нұсқау: Арифметикалық операциялар символдар арқылы жазылады. Си тілінде мынадай операциялар бар: * – көбейту, / – бөлу, % – модуль бойынша бөлу (қалдықты анықтау), + – қосу, – – азайту.
Модуль бойынша бөлу бүтін санды бүтін санға бөлген кездегі қалдықты анықтайды. Мысалы: 20 % 3 = 2.
Меншіктеу операторы символдар арқылы жазылады. Кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнектің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.
Си тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар. Жалпы меншіктеу операторының жазылу форматы мынадай болады: