8-практикалық сабақ. Соңғы шартты қайталау алгоритмі
Мақсат: Келесі шарт бойынша қайталау алгоритмдерін программалау.
Нәтиже: Программаны жүргізіп, сан алу.
Әдістемелік нұсқау. Келесі шарт бойынша қайталауда do while операторлары қолданылады. Циклдың орындалуында қадамның артуы (++) немесе кемуі (--) операцияларымен орындалады.
Келесі шарт бойынша қайталау операторы
Do
{ 1-оператор;
2-оператор;
..................
n-oператор }
while (<шарт>);
Жақшадағы шарт цикл тұлғасынан кейін тексеріледі. Сондықтан do while цикл тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл тұлғасынан кейін жазылған шарт ақиқат болса, (яғни ол 0-ге тең болмаса), цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса (немесе 0-ге тең болса), цикл аяқталады.
мысал. қосындысын do while операторымен есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |