12-практикалық сабақ. Бір өлшемді массив элементтерін өңдеу алгоритмдері. Мақсат. Массив элементтерінің барлығын бірдей бір тəсілмен өңдеу, бірнеше массив элементтері үстінде өңдеу есептеріне программа құру.
Нәтиже:Массивтің реттелген, өңделген элементтерін алу.
Әдістемелік нұсқау. Массив элементтерінің барлығын бірдей бір тəсілмен өңдеу, массив элементтерінің орналасу реттілігін өзгерту тəсілдеріне алгоритмдер келтіріліп, оларға программалар жазылады.
Массив элементтерін бір-бірімен орнын ауыстыру үшін қосымша тағы бір айнымалы керек болады. Мысалы, a[i] жəне a[j] элементтерінің орнын ауыстыру үшін қосымша R айнымалысы керек: R=a[i]; a[i]=a[j]; a[j]=R; Жаңа c массив мынадай формула арқылы есептелінеді: c[i]=a[i]+b[i]