11-практикалық сабақ. Бір өлшемді массивтерді сипаттау Мақсат. Бір өлшемді массивтерді сипаттау, массив элементтерін енгізу және шығару.
Нәтиже:scanf, printf функцияларын пайаланып программаны жүргізу.
Әдістемелік нұсқау. Массив – бір типтегі элементтердің реттелген жиыны. Олар бір атаумен – идентификатормен аталады да, индексті айнымалы ұғымына сәйкес келеді.
Мысалы, мынадай тізбек
0 1 1 2 3 5 8 13 21
Фибоначчи тізбегінің 9 элементін құрайды (алғашқы екі санды таңдап алып, келесі санды алдыңғы екеуін қосу жолымен алады).
Ал мынау өзіне және бірге ғана бөлінетін жай сандар тізбегінің алғашқы 7 элементі:
1 3 5 7 11 13 17
Осындай бір текті тізбектерді массив түрінде Си тілінде сипаттап, оған бастапқы мән беріп инициалдау үшін былай жазамыз: