(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,
суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Өздерің тұратын аймақтағы табиғаты әсем қандай жерлерді атай аласың?
Саған қай тақырыптарда сурет салған ұнайды?
Сурет салу – өнер, шебер сөйлеу де өнер. Берілген суреттерді салыстыра отырып қандай әңгіме құрастырар едің?
(1-сурет).
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
|