(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде
білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Өзіңе ұнайтын қандай компьютерлік ойындардың кейіпкерлерін атай аласың? (1сурет)
«Ойын
сценарийі» дегенді қалай түсінесің?
Сен жасайтын ойын кейіпкерінде қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз – Өте жақсы!
Төртбұрыш – Жақсы!
Үшбұрыш – Талпын!
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|