3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі);
3.2.1.5 суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы үшін: Мәтіндік редакторда суреттерді енгізу мен реттеуді үйренеді.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту «Шаттық шеңбері» әдісімен бір-біріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта жақсы көңілкүй орнату.
Шеңбер жасап тұрған оқушылар 1, 2, 3 реттік санау арқылы 3 топқа бірігеді.
топ – Бірінші
топ – Екінші
топ – Үшінші Топтың ережесі: Тыныштық сақтау.
Топ басшысына бағыну.
Белсенді болу.
Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.
Белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс істеу.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Қандай мультфильмдерді ұнатасың? Ойыңды ортаға сал.
1-суретте берілген танымал мультфильмдердің қалай аталатынын білесің бе? Осы мультфильмдер туралы ойыңды ортаға сал.
Қысқаша баяндап бер.
Мультипликация өнері туралы мәтін мен суреттен тұратын құжатты