ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс. «Данышпан үкілер» әдісі Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жаз. Мәтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы тұрған ақпаратты тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.
Маңызды өмірлік даналық Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдір.
Таныс, таныс емес Мәтіннен саған алдында таныс болған және мүлдем бейтаныс ақпаратты тап.
Иллюстрациялық бейнелеу Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көрсет.
Үлгі боларлық қорытынды Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма? Талқылауға арналған маңызды тақырыптар Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойлар мен пікірлерді табыңдар.