Программалау Педагогтың аты-жөні Кетебаева Гульзия Бериковна



Дата08.02.2022
өлшемі5,75 Mb.
#120751
түріПрограмма
Байланысты:
Қысқа мерзімді жоспары


Қысқа мерзімді жоспары


Бөлім

Программалау




Педагогтың аты-жөні

Кетебаева Гульзия Бериковна




Күні 04.10.2021




Сынып: 7Б

Қатысушылар саны



Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы










Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.1- мәтіндік процессорда кесте элементтері пішімдеу



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Компьютерлік желілер түрлерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Компьютердегі желілерді түріне қарай топтастыра біледі

Кейбір оқушылар:

Күнделікті өмірде компьютерлік желілердің қызметінің маңыздылығына дәлелді мысалдар келтіре алады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері



  • Компьютерлік желілерді қолданылу маңыздылығына қарай ажырата отырып топтастыру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
Желілердің түрлері мен топтамаларын біледі және сызбасын жасай алады.

Лексика және терминология:
Желі, жергілікті желі, жаһандық желі, интернет желісі, сымсыз желі, желілер топологиясы, шиналық желі, шеңберлік желі, жұлдызша желі, арналар, кабель, корпоративтік желі, желілік хаттама.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • Компьютерлік желі деген не?

  • Компьютерлік желінің негізгі түрлерін атаңдар?

  • Компьютерлік желілердің маңыздылығы неде?

  • Компьютерлік желіні қалай сипаттайсыңдар?

  • Компьютерде желі құру үшін қандай құрылғылар қажет?

Құндылықтарды
дарыту

Мәнгілік ел азаматтарын информатика пәні арқылы отан сүйгіштікке, еңбеккорлыққа, елін, жерін, өз отанын қадіреуге өз бойларына дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Сымсыз желілерде жұмыс жасайтын құрылғылар атау барысында ағылшын тілінің сөздерін қолданады. (ағылшын тілі пәні), компьютерлік желілерді біріктіру кезіңдегі ара қашықтықты өлшеуі (математика пәні).

Алдыңғы меңгерілген білім

Файлдардың көлемі. Әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құруды және мұрағаттан шығаруды біледі.

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекет

Оқушының
іс әректі

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

Топтастыру 2 мин

«Жұмыс үстелі» әдісі
5 мин


«Миға шабуыл»
2мин

Сабақтың ортасы


Білу, Түсіну

Оқулықпен топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
10мин



«Пайыз» әдісі
Қалыптастырушы бағалау


Жұптық жұмыс
Қолдану
8мин.



Жеке жұмыс
«Детальдарын қосу» әдісі. 
10мин.


Үй тапсырмасы



Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.
«Өзіңе тілегенді - басқаларға тіле!» тренингін ұйымдастыру. (Әр оқушы 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек).


«Жұптасқан жұбың». Ұйымдастыру кезеңіндегі жұптасқан жұптарымен екі топқа бөлемін.
1-ші топтың аты: Жергілікті желі . 
2-ші топтың аты: Жаһандық желі 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Жұмыс үстелі» әдісі арқылы пысықтау.


(Топта отырған оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе жауап береді. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады.)
Сұрақтары:
1. Мұрағаттау дегеніміз не және оны тұрмыста не үшін қолданады?
2. Компьютерде мұрағаттаудың қажеттілігі неде деп ойлайсың?
3. Қандай мұрағаттау бағдарламаларын пайдаланғансыңдар?
4. Желі арқылы үлкен көлемдегі ақпараттарды тасымалдауда уақыт пен қаражатты үнемдеу жолдары қалай шешіледі?
5. WinRar бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттап бер?
6. Көптомдық мұрағаттар дегеніміз не?
7. Мұрағаттаушы бағдарлама көмегімен файлды құпиялауды қалай жүзеге асыруға болады?


«Миға шабуыл».

  1. Компьютерлік желілер дегенді қалай түсінесіздер?

Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
«Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі»
Интербелсенді тақта таныстырылым.
Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырмалар беріледі.
Оқулықпен жұмыс.
Желілерді қасиеттеріне байланысты төмендегідей түрлерге ажыратуға болады.
1-топ:
1. Өңірлік тарауына қарай бөлінуі.
2. Тиістілігіне қарай бөлінуі.
2-топ:
3. Деректерді тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінуі.
4. Деректерді тарату ортасына қарай кабельдік және
сымсыз болып бөлінуі.
Оқушылар жеке оқиды, жұппен талдайды, топпен талықылайды.
Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.
Жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін байқау мақсатында «Пайыз» әдісін қолдану.


Тапсырма №1
«Қолданып көр» дәптермен жұмыс
Компьютер кабинетінде орналасқан компьютердегі жергілікті желінің түрін анықтаңдар. Оның сызбасын дәптерге түсіріңдер.
Дескрипторлар

  1. Компьютер кабинетінде орналасқан компьютердегі жергілікті желінің түрлерін анықтайды.

  2. Компьютер кабинетінде орналасқан компьютердегі жергілікті желінің сызбасын сыза алады.




Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі



Сабақтың мақсаттары мен танысады






Бөлім:

Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)

Педагогтің аты-жөні

Кетебаева Гульзия Бериковна

Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Практикум. Мәтінмен жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
3.2.1.2 қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету)

Сабақтың мақсаты

Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асырады

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1-кезең.
Ұйымдастыру-ынталандыру:



Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл- күйлерін білу.
Сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылар сәлемдеседі, өз көңіл-күйлері туралы айтады



Kundelik.kz, WhatsAрp немесе Zoom желісі

2-кезең.
Теориялық-практикалық:







Өз бетінше орындауға арналған жаттығулар:


Мұғалім түсінік береді.
Оқушылар тыңдап, дәптерлеріне түсіреді.

Тапсырмаларды орындайды. Мұғалімге қол жетімді байланыс арқылы жібереді.



Жазбаша кері байланыс арқылы бағаланады



https://www.youtube.com/watch?v=MWAg4T5FdEo
Оқулық, 36-40 беттер

3-кезең. Рефлексиялық-қорытындылау:



Кері байланыс: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы қорытынды жасалады.
1.Сіз бүгін нені білдіңіз?
2.Сіз үшін не құнды болды?
3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?
Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланады.










Үй тапсырмасы















Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:
Программалау


Күні:


Сынып: 4



Мектеп: №30


Машықкердің аты- жөні: Кетебаева Г.Б


Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салыстыру операторлары

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.4.1.3 салыстыру операторларын пайдалану

Сабақтың мақсаты

Салыстыру операторлары,
Салыстыру операторының қызметін үйрену.

Бағалау критерийлері

  • - айнымалыларды қолдана алады;

  • - кірістірілген қайталау операторын жүзеге асыра алады;

  • - мәтінде қарапайым кестелер жасай алады;

  • - логикалық операторларды пайдалана алады;

  • - салыстыру операторларын пайдалана алады;

  • - өз сценарийі бойынша ойын жасай алады;

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша оқу мақсаты
Оқытудың тілдік мақсаты
Пәндік лексика және терминология
Диолог құруға/ жазылға қажетті сөздер
Оқушылар:

  • Айнымалыларды қолдана алады;

  • Кірістірілген қайталау операторын жүзеген асыра алады;

  • Мәтінде қарапайым кестелер жасай алады;

  • Логикалық операторларды жасай алады;

  • Салыстыру операторын пайдалана алады;

  • Өз сценарийі бойынша ойын жасай алады;

Оқушылар:

  • Өз сценарийін талқылау;

  • Ойынды құру алгоритмын және ойын сахнасын сипатттау;

  • Қолданылған спрайттарды, логикалық және салыстыру операторларды, олардың қызметтерін атап шығу.

Құндылықтарға баулу

Сыныпты ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке шақыру, жақсы қарым-қатынаста болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі,орыс тілі ,қазақ тілі.




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мқғалімнің іс әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут
2 минут
2 минут

5 минут



Амандасу, танысу, түгендеу
— Good afternoon, pupils!
My name is Nazerke. I am a student of Mangistau Humanitarian College. I’ll give you a computer science lesson. So, we begin the lesson.

  • Who is on duty today?

  • Who is absent?

  • What date is it today?



Топқа бөлу
«Күлтелер» әдісі
Оқушыларды алдын ала дайындалған күлтелер арқылы топқа бөлу.
Қызыл түсті күлтелер – «Scratsh» тобы.
Сары түсті күлтелер – «Интерфейс» тобы


Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Тренинг: «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады.


Үй тапсырмасын сұрау
Әдіс: «Тыңдайтын үшбұрыштар»
Шарты: Оқушылар топта бірлесіп жұмыс істейді. Әр топта:


СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).


ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.


ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
Басқа оқушылар айтылған проблеманы немесе мәліметті бетшеге түсіріп постер қорғауы қажет.
(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).

Стикерлер
Күлтелер
Оқулық, А4 форматтағы бетше



Сабақтың ортасы
15 минут

5 минут


Сабақтың аяғы
5 минут
3 минут

1 минут




Кіріспе сөз.
Үштілдік.
Салыстыру операторы- Операторы Сравнения- Comparison operators


Әдіс: «Сократтық семинар»


Шарты: 2 топ оқушыларына бүгінгі тақырып туралы қысқаша мәтінді қағаздар таратылады, ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер ережесі бойынша сабақ түсіндіріледі
1 топ – Ішкі шеңбер
2 топ – Сыртқы шеңбер


Әдіс: «Бумеранг»
Шарты: Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі әр топқа сұрақ қоюына болады.


Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған білімдері мен әсерлерін берілген ақ парақшаға жазу.
Білемін ...


Мен Үйренгім келеді ...


Үйрендім ...


Бағалау
Әдіс: «Өзіңді бағала»
Шарты: Бір топ келесі бір топты берілген жауаптар бойынша бағалайды. Оқушларға топтың аты жазылған парақша беріледі.
1 топ – 2 топты
2 топ – 3 топты
3 топ – 1 топты.


Үйге тапсырма.
Өтілген тақырып бойынша сөзжұмбақ немесе мәтінді жұмбақ құрастырып келу.



Оқулық, А4 форматтағы бетше, фломастерлер, түрлі түсті қарындаштар

Интерактивті тақта, дәптер, тақта,түрлі түсті қағаздар






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет