IF-ELSE және ELSE-IF конструкциясы if-else конструкциясы. Төмендегі конструкция программадағы бірнеше жолдың біреуін таңдауға қолданылады: Ол келесі түрде жазылады: If (өрнек) инструкция1 else инструкция2 Мұнда else тармағы болуы да болмауы да мүмкін. Алдымен «өрнек» есептеледі, егер ол ақиқат болса, онда инструкция1 орындалады. Егер өрнек жалған және else тармағы бар болса, онда инструкция2 орындалады. If өрнектің сандық мәнін ғана тексеретіндіктен, шартты кейде қысқартылған түрде жазуға болады.
Мысалы:
If (өрнек)
;азуы
if (өрнек!=0).
Кейде бұндай қысқартулар анық болады, ал кейбір жағдайларда керісінше программаны түсінуді қиындатады. Бір-біріне іштестірілген If конструкцияларының бірінің else тармағы болмауы конструкция жұмысын түсінуде қиындықтар туғызады. Мұндай жағдайда блокты орынды қолданған жөн.
If (n>0)
If (a>b) z=a;
Else z=b; else ішкі if-ке тиісті. Егер бізге басқа интерпретация қажет болса, фигуралық жақшаларды дұрыс қоюымыз қажет;
if (n>0){
if(a>b) z=a;
}
else
z=b;
Мұндағы z=a-дан кейін тұрған нүктелі үтірге көңіл бөліңіз:
If (a>b)
z=a;
else
z=b;
Мұндағы нүктелі үтір міндетті түрде керек, себебі грамматика ережесі бойынша If-тен кейін инструкция тұру қажет, ал z=a; түріндегі инструкция әрқашан нүктелі үтірмен аяқталады.
else-if конструкциясы. Конструкция If (өрнек) инструкция еlse if(өрнек) инструкция еlse if(өрнек) инструкция еlse if(өрнек) инструкция еlse инструкция Келтірілген if инструкциялар тізбегі -көпсатылы шешім қабылдайтын сипаттаудың жалпы әдісі. Алдымен өрнек рет бойынша есептеледі, ''ақиқат'' мәнді өрнек кездескеннен кейін, оған сәйкес инструкция орындалады; осымен тексеру тізбегі аяқталады. Мұнда инструкция деп не бір инструкция не фигуралық жақшаға алынған инструкциялар тобы айтылып отыр. Егер алдыңғы шарттар орындалмаса,Сонда соңғы еlse тармағы орындалады.
Switch инструкциясы өрнектің мәні берілген тұрақтылар жиынынан алынған мәндердің біріне тең болса, онда оған сәйкес тармақты, ал ешқайсысына тең болмаса, онда default сөзінен кейінгі тармақ орындалады, егер ол жоқ болса, ештеңе орындалмайды.