С\С++ программалау тілдерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
С\С++ программалау тілдерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері.
Деннис Ритчи жазған Си тілінің таралу себебі: салыстырмалы түрде «төмен деңгейлі» тіл, сондықтан алгоритм жұмысының әрбір бөлімін бақылау мүмкіндігі бар және жоғары деңгейлі тілдер принцптері енгізілгендіктен, нақты бір компьютердің архитиктурасы ерекшелітерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болды. Жоғарғы деңгейлі тілдерден Си тілінің ерекшелігі: - операторлар түрі өзгеше; - көрсеткіштер жиі қолданылады; - басқа тілдерге қарағанда синтаксикалық ережелері аз, нәтижесінде компилятор тиімді жұмыс жасау үшін 256 Кб оперативті жады жеткілікті; - қызметші сөздерге қарағанда операторлар мен олардың комбинациялары көп; - алғашқыда Си тілінде 27 қызметші сөз ғана болған. Кейін ANSI Си тіліне және Microsoft C тіліне қызметші сөз қосылды, жалпы саны шамамен 50; - Көп программалау тілдерінде бар функциялар Си тілінде жоқ; - Си тілінде қосалқы енгізу шығару функциялары, математикалық функциялары және жолдармен жұмыс жасау функциялары жоқ, бірақ сол функциялардан және басқа функциялардан тұратын жеке кітапханалардан алу мүмкіндігі қарастырылған; - мәліметтер типін бақылау жеңіл, яғни программаның бір жерінде айнымалыны символ түрінде , екінші бір жерінде осы символдың ASCII коды ретінде қарастыруға болады; - Си тілінде қазіргі тілдері секілді барлық басқарушы конструкциялары бар(For, if / else,….); - Cи тілінде модулдік программалауға болады, яғни программаның әртүрлі бөлігін жеке копиляциялауға болады; - Ассемблер тілінде жазылған ішкі программаларды шақыруға болады; - көрсеткіштер яғни жады аймақтарынан берілген адрес бойынша қарау программаны орындау жылдамдығын арттырады. Көрсеткіштер көп тілде қолданылады, ал көрсеткіштерге арифметикалық амалдар тек Си тілінде қолданылады. - Си тілінде барлық массивтер бір өлшемді, бірақ Си тілінде бір өлшемді массивтерден тұратын конструкциялар бар, яғни көп өлшемді массивтер құрылады; - тек қажетті кітапханалар шақырылатын болғандықтан жады тиімді қолданылады; - басқа тілдердегідей қосалқы функциялар; - көптеге мамандандырылған функциялар кітапханаларының жинытығы бар. Кемшілігі: - Си тілінде мәліметтер типі қатаң қадағаланбайды, сондықтан Си тілінде тәжірибелі программист байқағанмен жаңа үйренуші байқамайтын айнымалы мәндеріне өзгерістер болуы мүмкін.