Файлдармен мәлімет алмасу туралы баяндаңыз.
Файлды сипаттау. С тілінде: Файлдан оқу және файлға енгізу үшін ең алдымен файл fopen функциясының көмегімен ашылуы тиіс. Бұл функция операциялық жүйе арқылы орындалатын әрекеттерді ұйымдастыру жұмысын орындайды және файлмен мәлімет алмасуға арналған көрсеткішті қайтарады. Ал, файлға көрсеткіш файл туралы информациялардан тұратын құрылымға (жазбаға) сілтейді. Мұндағы информация мынадай сұрақтарының жауабынан тұрады:
буфер адресі,
буфердегі ағымды литердің күйі,
файлдан оқуға немесе жазуға ашық па?,
файлдың соңғы таңбасы кездесті ме? Мұндай құрылым сипаттамасы кітапханасындағы FILE типінде беріледі. Қолдану үшін мынадай декларация берілсе жеткілікті:
FILE * fp;
FILE * fopen (char * name, char * m);
Мұндағы:
fp – FILE типіндегі көрсеткіш, ал fopen FILE – ге көрсеткішті қайтарады. Fopen функциясы мына түрде қолданылады:
fp = fopen (name, m);
Мұндғы: name – файлдың атын меншіктейтін жол;
ал, m – файлды қолдану режимі; яғни бұл да жол, қолданушы файлды қалай қолданатынын білдіреді, төмендегідей мәндердің бірін иелене алады:
" r " – (read) оқу режимі;
" w "- ( write) жазу;
" a "- ( apprnd) толықтыру;
Кейбір жүйеде тексттік және бинарлық файлдар болып жіктеледі, бұл жағдайда режим жолына "в" (binary – бинарлық) немесе “t”(тексттік) таңбасы тіркеледі. Файлмен жұмыс жасау барысында қате кездессе, онда fopen функциясы NULL мәнін қайтарады.
Мысалы;
FILE*fin, * fout;
fin=fopen (“PRIMER.dat”,”’r”);
fout=fopen (“RESULT.dat”, “w”);
1-ші жолда 2:fin,fout – файл көрсеткіші құрылады, ал төменгі жолдарда сәйкесінше оқуға және жазуға арналған файлдар ашылады. Fopen() функциясы файлдың аталған көрсеткішін қабылдайды, программаның орындалу барысында олардың мәндері жасанды өзгертілмеуі тиіс.
|