Егер программада жолдық мәліметтерді өңдеу қажет болса, онда оны символдар массив ретінде қарастыру қажет. Мұндай массивте жолдың әр элементі үшін жеке ұяшықтар бөлінеді және ең соңғы элементі ретінде жолдың соңы таңбасы (\о) қойылуы тиіс.
Символдық массивті енгізу және инициализациялау мысалдарына программа келтірейік:
Функциялар туралы негізгі мәліметтерді түсіндіріңіз
Си-дегі кез-келген программа - бұл айнымалылар сипаттамасы мен функциялар жиынтығы. Функциялар арсындағы байланыс мән қайтаратын аргументтер мен сыртқы айнымалылар арқылы орнатылады. Return инструкциясы нәтижені шақыратын функциядан шақырған функцияға қайтару механизмін орындайды және return сөзінен кейін кез келген өрнек тұруы мүмкін.
Return ˂Өрнек˃; Өрнекті жақшаға да жазуға болады, бірақ ол міндетті емес.Си-дегі функция Раscalғы процедура мен функция секілді.
Айырмашылығы:-Си-де функцианың барлық аргументі параметрлер ретінде беріледі, яғни шақырылатын функцияға аргументтің өзі емес оның аргументтерінің мәні беріледі. Си-гі кез келген функцияның прототипі болуы тиіс, яғни функция аты, аргументтерінің типі және қайтарылатын нәтиже типі көрсетілген тақырыбы хабарланады. Прототипі программа денесінде немесе бөлек тақырыптар файлында айқындалады. Функция прототипі компиляторға функция туралы информация береді де, сәйкесінше компилятор типтер сай келуін тексереді.