Циклдар инструкциялары туралы түсіндіріңіз
Программалау негіздеріндегі қайталау алгоритмдерін ұйымдастыруда қолданылатын негізгі үш циклдық конструкция қарастырылған. Олардың бірбірінен басты ерекшелігі циклдың қайталану шартына қарай цикл денесінің орындалу ретінің анықталуына байланысты.
While циклы
Жалпы форматы:
While ˂өрнек˃ инструкция
Мұндағы, ˂өрнек˃ есептелінеді, егер мәні 0-ге тең емес болса, онда инструкция орындалады да өрнек қайта есептеледі және ол өрнек мәні 0-ге дейін қайталанады.
for циклы
For (өрнек1;өрнек2; өрнек3) инструкция
Мұндағы: өрнек1 және өрнек3 көбінесе меншіктеу немесе функцияны шақыру, ал өрнек2 қатынас өрнегі болып табылады. Өрнек1 цикл орындалғанға дейін қабылданғаннан кейін қатынас өрнегі тексеріледі. Егер қатынас өһрнегі ақиқат мән қабылдаса, онда циклдың денесі ретінде анықталған инструкция орындалады. Цикл денесі орындалған соң, яғни итерация аяқталғаннан кейін өрнек3 орындалады да қатынас өрнегі қайта тексеріледі. Осы процесс оның мәні жалған мән қабылдағанға дейін жалғасады.
Бұл өрнектердің кез-келгені болмаса да ; қойылуы міндетті.
Мысалы,
for(;;) {
…
}
Мұнда өрнек2 мәні барлық уақытта ақиқат деп есептелінеді, бұл шексіз циклды көрсетеді. Мұның жұмысы breаk немесе return инструкцияларының көмегімен тоқтатылуы мүмкін.
Цикл мысалы:
For(i=0,I < n;i++) …
Do-while циклы
Жалпы форматы:
Do
Инструкция
while (өрнек);
Инструкция орындалған соң өрнек есептеледі, ақиқат болса онда инструкция қайта орындалады.
|