Массивдегеніміз- бір атпен аталған, әртүрлі индекстелген бір типті элементтер жиынтығы. Қасиеттері: Массивтің қасиеттерін анықтайтын 4 негізгі принципі бар: -массивте элементтер деп аталатын мәндер сақталады; -массивтің барлық элементтері бір типті болуы керек; -жадыда массивтің барлық элементі тізбектеліп орналасады және бірінші элемент адрестің нөлдік индексін білдіреді; -массив атауы тұрақты болып табылады және массивтің бірінші элементінің адресінен тұрады.
Көп өлшемді массивтер.Бір типті элементтер жиынтығын өңдеуде олардың жадыда санына қарай және элементтерін қолдану моделіне қарай анықтап сипаттау мүмкіндігі бар. Соған байланысты массивтің өлшемі анықталады деп есептеледі. Демек, индекстерінің 61 көрсетілуіне қарай бір өлшемді, екі өлшемді т.с.с. массивтерді анықтауға болады. Екі немесе одан да көп өлшемді массивтеркөп өлшемді массивтер деп аталады. Сәйкес өдшемде сипаттау үшін квадрат жақшаларда олардың өлшемдері көрсетіледі. Мысалы, екі өлшемді массив екі квадрат жақшамен анықталып төмендегідей сипатталады.