Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет



бет1/4
Дата09.08.2017
өлшемі11,74 Mb.
#23157
  1   2   3   4

ББК 84Қаз 7-6

Ә 55

Әлімжан Е.



Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы,

2006-256 бет.


ISBN 9965-548-11-0

Жазушы-драматург Елен Әлімжан оқырмандарға «Оралу» «Көріпкел» атты прозалық, «Толық адам туралы» публицистикалық жинақтарымен жақсы таныс. Драматург ретінде алғашқы пьесасы «Жанталас» деген атпен Жамбыл театрында сахналанған. «Бір қазаққа - бір қатын?!..», «Тақталас», «Жанұран» атты комедиялары М. Әуезов атындағы академиялық театрдан бастап көптеген казақ орыс, қырғыз театрларында қойылды.

Жазушының драматургиялық шығармалары бүгінгі өмірді шыншыл бейнелеуімен құнды.


ББК 84 Қаз 7-6


ISBN 9965-548-11-0

Әлімжан Е., 2006


Бүгінгі қазақ өмірінің шыншыл суреткері
Таразға жұмыс ауыстырып келген соң облыстық «Ақ жол» газетіне бас сұққанмын. Сол кездегі басшылары менің жедел сұхбат беруімді өтініп, оны алатын қызметкерін іздеді. Ол- Елен Әлімжан екен. Кабинетіне келдік. Төрдегі үстел бос. Өзі соған көлденең жапсарластырылған шағын үстелде есікке таяу отырады екен. «Мен сізден жедел сұхбат алғанды қалап тұрған жоқпын, басшылар айтқан соң амал жоқ» деді де ол:

-«Бұл сұхбат сіздің Таразға келгеніңізді қысқаша таныстыру болсын». Бірақ осы сұхбаттың өзінде ол қазақ халқы мен оның әдебиетінің тарихы туралы жақсы хабары бар қаламгер екенін көрсетті. Содан пікіріміз жарасып кетті. Ол менен, мен одан кітаптар алысып оқып тұрдық. Мені оның кітапханасынан Аллаттану бағытындағы орысша, қазақша әдебиеттер, сондай-ақ қазақ тарихына қатысты кітаптары қызықтырады. Есесіне ол менен шығыс ғұламаларының кітаптарын алып тұрды.

Бірте-бірте түрлі әдеби жиындарда, ақындар айтыстарында, кездесулерде жиі бас қосатын болдық. Еленнің студенттер алдында Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза туралы көсіле сөйлегені есімде. Ол туралы әріптестерінен білгенім, бұрын «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, облыстық телерадиокомпанияның төрағасы сияқты қызметтер атқарғанымен, қайтып ешкімге барып лауазымды жұмыс сұрамапты. Тіпті жұмыссыз да жүріпті. Бірақ журналистер қауымы қазір республикалық теледидардан жиі көрсетілетін «Желтоқсан жаңғырықтары», сондай-ақ «Асқаровтың ісі» көпсериялы хабарларды көрегендікпен, сол кездегі басшылардың қабағына қарамастан жасатқаны үшін ұнатады екен.

Ал облыстық айтыс ақындарымен қарым-қатынасы оның тек қазылық етуімен шектелмейтін сияқты көрінеді. Ол айтыс үстінде қатал қазы болса, жайшылықта олардың ақылшысы ма дедім. Оысдн он-он бес жыл бұрын Жамбыл облысынан жас ақындар қаулап шығып, республикалық айтыстарда маңдайлары жарқыраса, бұлақтың көзін дер кезінде ашып жіберген Елендердің де еңбегі бар екен онда. Бүгін де Тараздың республикаға танылып қалған Ерлан Жүніс және басқа жазба ақындары үнемі Еленнің айналасында жүреді.

Еленнің тағы бір уақытын көп бөлетін жері-театр. Ол осы театрдың авторы, репертуарын жасаушылардың бірі ғана емес, баспасөз арқылы насихатшысы да. Ұжыммен бірге түрлі фестивальдарға да барып жүреді.

Елен содан, кейін, әрине «Бауыржантану» мұраларын зерттейтін ғылыми орталыққа жиі бас сұғады. Ол мұнда Баукеңнің энциклопедиясын жасап шығуға тікелей жауапты қызметкер.

Осындай сан-салалы жұмыстар атқрып жүрген Еленді көпшілік, әрине, оның көркем шығармалары арқылы таниды.

Елен Әлімжанның алғышқы әңгімесі қазақтың қазіргі маңдайалды жазушылардың сапына қосылған Дулат Исабеков, Төлен Әбдіковтермен қатар шыққан екен. Жас жазушылардың «Таңғы шық» (1964) атты жинағын құрастырған Мағзом Сүндетов сол кезде ҚазМУ-дің филология факультетінде оқып жүрген студенттер дулат пен Еленнің өзіне алғашқы әңгімелерін қалай алып келгенін кейіннен баспасөзде жазғаны бар. «Қазір екеуі де үлкен жазушы болды» деп баға берген. Рс Дулат Исабеков кең танылды, Мемлекеттік сыйлық алды. Ал Елен Әлімжанда ондай атақ-дәреже жоқ. Бірақ, Еленнің ең алғашқы «Ән сыры» атты әңгімесін жинаққа енгізіп жазушылық жолға салған Мағзом жас қаламгердің кейінгі шығармашылық жолын жіті бақылап отырған сыңайлы. Ал, Мағзом сөз еткен өткен ғасырдың 70-80 жылдары Е.Әлімжанның «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында, «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде «Ескі жара», «Тек» атты повестері, бірнеше әңгімесі сондай-ақ «Оралу» (1978) атты жинағы жарық көріпті. «Үлкен жазушы болды» дегенде Мағзом сол шығармаларына көңілі толғаннан айтқан болуы керек. Шынында да, Еленнің мерзімдік басылымдарда жарияланған дүниелерінің біразы жылдық шолуларда жақсы бағаланыпты. Өзін жарнамалауға селқос қарайтын біреу болса, соның өзі Елен шығар.

Десе де Елен Әлімжан – қалың оқырманға аз насихатталған жазушы. Оның өзіндік себебі бар. Біріншіден, ол өмір бойы үлкен әдеби ортадан алыста өмір сүріп, барлық шығармаларын шалғайда жүріп жазды. Ал, ақылдылардың бәрі астанада деп есептеп, алыста тұратындардың шығармашылығына мұрын шүйіре қарайтын мінезіміз қазақы шындық. Қазақы ұғыммен айтсақ «ауылдағының аузы сасық» болып шығады.

Екіншіден, оның өндіре жазған тұсы – еліміз егемендік алған жылдары. Соңғы бес-жиырма жылда ол «Көріпкел» атты прозалық, «Толық адам туралы» публицистикалық жинақ беріп, «Жан талас», «бір қазаққа-бір қатын?!...», «Тақталас», «Жанұран», «Қызыр баба», «Ақ періште – арманым!» атты пьесалар жазыпты. Бұл пьесалары М.Әуезов атындағы академиялық театрдан бастап, республикамыздың көптеген театрларында, атап айтқанда, Жамбыл, Ақтөбе, Талдықорғанда, Жетісайда, кезінде Арқалықта қойылыпты. «Тақталасты» орыс тіліне аударып Жамбыл орыс драма театры, ал «Жанұранды» қырғыз тіліне аударып Бішкектің «Ұчұр» атты жастар телетеатры сахналапты. Драматургиямен айналысқалы оның есімі театр афишасынан түсіп көрмепті. Өйткені оның пьесалары театрлардың репертуарларынан берік орын алды.

Тіпті ол кешегі қиын-қыстау кезінде Жамбыл театрын қаржылық жағынан қолдау үшін шағын жанрларда әзіл-сықақтар да жазып беріп отырыпты.

Әрине, бұлардың бәрінің баспасөзде ізі бар. Еленді іздейтін өз оқырманы мен көрермені де бар. Бірақ жазушы сол оқырмандары мен көрермендерге не ұсынғанын саралап берген әзірг ешкім болмаса, оған, ең алдымен, «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» кеткен уақыт кінәлі болса керек. Әр театр репертуарын өзі белгілеп кеткен кезеңде жаңа уақыттың драматургиясы мен оның сахнадағы қойылуын жиынтықтап, салыстырып сөз ететін мүмкіндік тым кемшін болды. Оның үстіне жазушының кемелденген кезінде жарық көрген «Көріпкелі» де көп тиражбен тарамады, қалың көпшілікке жетпеді.

Бірақ бір нәрсеге шүкіршілік ету керек. Ең әділ төреші-уақыт десек, Еленнің драматургиясы сол уақыт сынына төтеп беріп тұр. Демек, оған берілген ең үлкен баға сол.

Мен зерттеушімін, сыншымен деп айта алмаймын. Дегенмен өз ортамда бірге жүрген ақын-жазушылардың шығармаларын жібермей оқуға және реті келген жерде пікірімді де білдіріп отыруға тырысамын. Інімдей болып кеткен Еленнің де шығармаларымен түгел таныстым десем болады.

Оның әңгімелері кәдімгі Бейімбет Майлин бастап, Ғабит Мүсірепов қоштап, бүгінде Дулат Исабеков, Тынымбай Нұрмағанбетовтер жалғастырған мектепке жатады. Есіп тұрған тілінен жеңіл юмор сезілетін жазушы негізінде өз заманының және оның адамдарының характерін жасайды. Шағын ғана шығармаларында адамдарының пенделік әрекеттері арқылы қоғамның да кескін келбетінен көріністер беріп отырады. Тағы бір байқалатын ерекшелік өз кейіпкерлерін тіршілік таптаурынына салмай тосын ситуацияларда танытады. Бірақ бәрі де өмірдің өзінен ойып алғандай сенімді де қарапайым. Мәселен Шерхан Мұртаза мақтаған «Коммунизм маршы», Бейбіт Қойшыбаев жылың жақсы әңгімелерінің қатарына қосқан «Рекеңнің жолы» тіпті Серікқали Хасен жылға шолуында айрықша тоқталған «Көріпкел» жинағындағы қай әңгімені алсаңыз да біздің заманның адамдарының бейнесі жасалған. Мәселен, «Төрткүлде» атты әңгімесінде ғарышта адамзат ақыл-ойының жемісі-орбиталық станция ұшып барады, көміліп қалған қаланың үстінде ойнаған балалар сол ғарышқа самғауды армандайды, ал ашаршылықта өлген әке-шешесін еске алып келген әскери адамның асын ішіп отырған оның ағайындары ата-ата болып айтысып, қызмет бөлісе алмай әлек. Оснау шағын әңгімеде бүкіл қазақ қауымының тоғышарлық болмысы тұрғандай.

Ал, «Тарғыл сиыр» атты әңгімесінде ауылдағы сол тоғышарлық болмыстың нарыққа ену кезіндегі өзгерістері суреттеледі. Иә, қазір қазақ болмысында, психологиясында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Автор соның суретін салып, келер ұрпаққа қалдырғысы келеді. Өте дұрыс істейді, ертең кеш болуы да мүмкін.

Оның көптеген әңгімелері мен повестерінің кейіпкерлері жағымды да, жағымсыз да емес, біреуге жақсылық та жасайтын, бірақ қателесетін, билігін асыра пайдаланып жіберетін, тіпті сұғанақтық та жасап қоятын кәдімгі пенделер. Мәселен, «Әкімнің добы» атты әңгімесінің кейіпкерлері бала-шағасының, ағайын-туысының қамы үшін тәп-тәуір тірлік етіп жүрген азаматтар. Сөйте тұра, ағайынның жалған намысын жыртып әлдекімдердің «добына» айналып кете барады.

Елен өз шығармаларында өзі өмір сүрген кезеңінің өткінші емес, өзекті проблемаларының көркем көрінісін беруге ұмтылған.

Бұл ойымызды басқаша айтсақ, Елен, әсіресе, драмалық шығармаларына мәңгілік тартыстарды арқау етеді. Бірақ оған мысалды бағасы беріп қойылған алыс тарихтан емес, халқының басынан қазір өтіп жатқан құбылыстардан алады. Сол арлы-ьергі тарихты, өз өз елі және өзгелердің басынан өткен қилы кезеңдерді жақсы білгендіктен, әрі мемлекеттік баспасөзде, партиялық қызметте істеп, әр нәрсені байыппен пайымдап үйренгендіктен, бұл құбылыстарға уақыт, әлде ресми саясат өз бағасын беруін күтіп жатпайды. Оның ішкі түйсігі әдебиет атты ар ісінде адастырмайды. Тіпті азамат соғысы жылдарынан алыңған ең алғашқы «Екі дүние айрығы» атты драмасын жазғызған да өзі өмір сүрген қоғамның сыздаған жарасы еді. Асқар Сүлейменов айтқандай «таптаурын болған тақырыпты жаңаша пайымдауғы» тырысқан Елен кейін «Жанталас» деген атпен сахналанған бұл шығармасында Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамынан екіге жарылуының себептерін іздестіріпті. Бір қызығы драма жазылып жатқан күндері 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы өтіп, Қазақ қоғамы тағы да екіге жарылыпты.

Сірә, жазушы сол кездегі қазақ қоғамының жарыларға шық қалғанын әлдеқалай түйсігімен сезінген тәрізді. Сезінген соң сол қажеттілік қолына қалам алдырып, оның астарын іздеттірген. Ал астары дәстүрлі қазақ қоғамының астаң-кестеңін шығарған бодандықтың бұғалығы мен таптық текетірестерде жатыр еді. Желтоқсан жарылысына алып келген де қазақтың сахнасында қашаннан бері қайнауы жеткен отарлық езгінің уыты болатын.

Ел егемендік эйфориясында жүргенде Елен «Бір қазаққа-бір қатын?!..» атты комедия жазады. Кәдімгі тұрмыстық мәселе тәрізді. Жаңа қоғамдық қатынастар мен ұғымдарды жатырқаған қазақ тоғышарларының қылығына күлесің. Бірақ сол ұғымдар мен қатынастар арқылы одан әрі құлдырап бара жатқан халқыңның демографиялық ахуалын сезініп күйінесің. Ал, театрдан шыққан соң, автор ашық қоғамға кірген соң алдымен халқыңның санын көбейту қамына шұғыл кіріспесең, жұтылып кету қайпі туатынын ескерткенін ұғынасың.

Сол қазақ қоғамының, сол номенклатурщиктердің келбетін «Тақталаста» да көресің. Бұл комедиясында Елен Әлімжан қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет Қауғабай, Дауғабай, Жауғабайлардың типтік көркем бейнесін жасады. Кешегі қайға ұстап мал баққан, қамшы ұстап дау қуған найқа ұстап жауға қарсы шапқандардың бүгінгі бір орынтаққа таласын небір драмаға тән ситуациялар арқылы өрбітеді. Ақыры бір-бірінің астынан ло қазып жүріп, сол орға құлап тынады. Тіпті, осы сор маңдайлығы аз болғандай таласын сол ордың ішінде ары қарай жалғастыруға түсетінін қайтерсің. Жалғастырғаны сол, бірін-бірі аяғынан тартқылап, ордан шығармайды. Ал, сол қоғамның белгілі бір тобының өкілдері болып табылатын мал баққан Мауғабай мен егін еккен Бақшагүл де жоғарыдағы үшеудің таласынан өз есептерін түгендеп жүр. Бірақ, бәрі де осылай өз есептерін түгендеп жүріп, ұлттың, халықтың есебін жіберіп алады. Орынтаққа басқа бірек келіп отырады. Таласып жүріп ел тізгінінен айырылғнын білмей қалады.

Комедияның барлық кейіпкерлері жиынтық тұлғалар, әрекеттерінде символикалық шарттылықтар да бар. Сөйте тұра олардың іс-әрекеті де, мінезі де нанымды, көкейге қонымды. Бірден қабылдайсың, күлесің, ыза боласың, артынан уыр ойға қаласың. Өйткені бұл комедияда қазақ қоғамының өзің көріп көріп жүрген бет-бейнесі, психологиясы тұр. Сірә, қазіргі қазақ қоғамының қыжылдарын «Тақталастай» терең беріп, өткір әжуалаған өзге шығарма бар ма екен? Ол жағын айта алмаймын. Шерхан Мұртаза «Мәселе жазушының шығарманы том-том етіп, көптіріп жазуында емес. Міне, «Тақтластай» өмірлік өзекті дүниенің жүгін көтеріп тұрған бір-ақ дүниемен де әдебиет әлемінен орын алуға болады» деген пікірді тегін айтпаған болу керек. «Жар басындағы жантақты жанынан безген нар жейді» дегендей, бұндай шығарманы тудыру үшін өз қоғамын суда жүзген балықтай сезінетін біліктілік пен азаматтық әділдікті ту етіп көтерген суреткерлік шеберлік керек. Егер қара қыл қақ жарылмай сәл мүлт кеткен жері болса, мұндай ьесаны ешқандай театр қоюға алмас еді.

Абырой болғанда комедия Қазақстанның әр түкпірінде қойылды. Өйткен, «Тақталас» үлкен патриоттық сезімнен, өз ұлтының болашағы үшін қатты алаңдаушылықтан туған, туған халықты бірлікке, бәтуаға шақырған шығарма.

Мұнда қазақ әдебиетінде бұрын – соңды көрініс бермеген кейіпкерлер жүр. Өйткені кешегі адмдар бүгін психологиялық өзгерістерге ұшырап жатыр. «Тақталастың» уақытпен үндескені сонша 1995 жылы Жамбыл театрында өтіге тиіс премьерасын сыйлаушыларының ортасында жүрген сол кездегі парламент депутаттары Шерхан Мұртаза мен Арғынбай Бекбосын көрмек екен. Алмтыға шұғыл шақырыпты да, премьера жүріп жатқан күні, парламент тарап, мандаттарынан айырылып шыға келіпті.

Бір қызығы дәл осындай «кездейсоқтық» 2001 жылы да болды. Қарашның 22-23 терінде Астанада Жамбыл облысының күндері өтті. Облыстық қазақ театры Еленнің «Жанұран» атты комедиясының премьерасын өз көрермендірне икөрсетуге үлгере алмай, Астанада бір-ақ ойнады. Дәл сол күні Қ.Тоқаев басшылығына наразымыз деген сылтаумен бір топ үкімет мүшесі қызметтерінен кетіп, кейін оппозициядағы «Ақ жол» партиясын құрды. Ал, сол дүрлігіс кезінде үкімет үйінің дәл түбіндегі Қ.Қуанышбаев атындағы театр үйінде ойналған Еленнің «Жанұранында» Қазақстанның мол байлығына оңай қол жеткізген капиталдың рухани әлемді таптап, жапырып, бәрін ақша шешеді деген ұранмен билікке ұмтылатыны шырылдап тұрып айтылған еді. Өркениет озып, капитал билік құрған сайын, руханият жұтаңдана беруі жалғыз Қазақстанның емес, әлемдік проблема. Бірақ, бұл мәселе қазір Қазақстанда өте-мөте өткір қойылып тұр. Біз адамдарымызға билік үшін жалғыз байлықтың жеткіліксіз екенін ұғындыруымыз керек-ақ. «Жанұран» осылай уақытына қызмет етіп тұрған туынды. Оны Бішкекте өткен халықаралық театр фестиваліне апарған Жамбыл облыстық қазақ театрының «Тақырыбының актуальдығы мен азаматтық позициясы» номинациясы бойынша жүлде алуының себебі де содан болса керек.

Бағанадан бері біз Еленнің драматургиясына өзек болған өткір проблемаларды сөз еттік. Бірақ бұдан жазушы қоғамның тек көлеңкелі жағын ғана көреді деген ұғым тумаса керек.

Елекең алдымен сол көлеңкелі құбылыстармен кескілескен күреске түскен ізгілік атаулының жаршысы. Ол өз талант қуатының жеткен жеріне дейін соны асқақтта жазып келеді деуге болады. Еленнің өзгеге ізгіліктің нұрын сеуіп жүрген кейіпкері бір қарағанда қара күш жапырып жіберердей әлсіз көрінуі мүмкін. Бірақ, қандай жағдайға тап болмасын, ар сызығын аттамайды, ал жеме-жемге келгенде олардың асқақ рухы атойлап, шырқау биіктен бір-ақ көрінеді. Сөйтіп бұл фәни жалғанның қаншалықты дүлей қара күші болса да қайыспай қарсы тұра алады. Бұлар белгілі бір қалыптан шыққан жасанды кейіпкерлер де емес, қасымызда, қатарымызда жүрген қарапайым адамдар. Бірі-совхоз директоры (Ә.Серікбаев, «Ескі жара»), бірі – мектеп мұғалімі, (Е.Ералиев, «Оралу»), бірі-бүгін ата кәсібін мұралаған кешегі мекеме басшысы, (М.Құштарбеков, «Тек»), бірі-қазақхалқын жер бетінде сақтап қалу қоғамын құрып жүрген зиялы (Азат Әбиіров, «Бір қазаққа-бір қатын?!..»).

Әртүрлі кезеңде әртүрлі мінезді, әртүрлі ситуацияларда өмір сынына түскен осынау кейіпкерлерді ортақтастыратын бір мақсат бар. Ол мақсат «Жанұрандағы» Мэлс сазгердің монологымен айтылады.

Алланың нұры музамын

Мекенін адам жүрегі.

Жасаған саған ризамын,

Түп ием өзің тірегім

Шет-шексіз қара түнекпен

Аямай салдың айқасқа,

Шырылдап шықтым жүректен

Жан беріс-алыс шайқаста.

Жүректен шығып жүрекке

Енсем деп мәңгі ұмтылам,

Жете алмай игі тілекке

Жасайды кейде тылсым ән

Мың жылдар өтті арада

Жалғасып келеді сол айқас,

Арбасқан әрбір санада

Неліктен қос күш қарайлас?!

Ар үшін ұлы майданда,

Жеңілсе муза кімге сын?!

Құлқынқұл бәрін ойрандап

Бұзылар ұлы ойрандап

Бұзылар ұлы үйлесім.

Жібермен, оған жібермен

Рухы қолда бабамның

Шын муза болсам егер мен

Жүрекке жолды табамын.



Бұл, әрине, сазгер Мэлстің ғана серті емес, жазушының да өмірлік мұраты. Қай жазушы жүрекке жол тапқысы келмейді. Өмірінің ұзақ жылдарын күнделікті басылатын газеттерді шығарумен өткізіп келе жатқан жазушы бүрын мақаласында айта алмағандарын көркем шығармаға айналдырады екен. Енді көркем шығармаға енгізіп үлгере алмағандарын газет оқырмандарына ертерек жеткізуге тырысады екен. Оның еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, қаламгер- қайраткерлер Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Құрманбек Сағындықов, Шерхан Мұртаза, туралығымен аты шыққан Мәдімар болыс және басқалар туралы портреттік очерктері, «Адамгершіліктің ақ жолы», «Кісілік» тәрізді халқымызды небір қиындықтардан алып шыққан ұлттық қасиеттері жайлы ойлары жаңа қоғамдық қатынастарға бет түзеген ұрпақ үшін өте дер кезінде жазылды. Байқап отырсаңыз Еленнің қаламына ылғи азаматтық позициясы ұлт мүддесінен тайқымайтын, ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын қайраткер-қаламгерлер ілігеді. Олардың осынау табанды қайраткерлігі жас ұрпаққа жұғысса екен деп тілейді. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.Ясауи, Абай, Шәкәрім сомдаған таза, толық адам бүгінгі күннің жіістарының арасынан шыққанын қалайды. Сондықтан да жоғарыдағы қайраткер-қаламгерлердін, өмірі мен еңбектерінен толық адамдық қасиеттерді іздеп тауып, үлгі етіп ұсынады.

Толық адам идеясын ол біртіндеп көркем шығармаларына да дарыта бастады. Оның шығармашылығындағы бұл сапалық өзгеріс «Қызыр баба» атты балаларға арналған пьесасынан басталады. Әрине, спектакль балалар ұғымына лайық. Мұнда балалар табиғатты, оның перзенттері - түрлі аң балаларының қызық қылықтарын та- машалайды. Ән де, би де мол. Бірақ, спектакльдың мақсаты – Қызыр бабаның кім екенін, оның қай кезде, не үшін келетінін ұғындыру арқылы жас ұрпақтың мәңгүрттенген жадын жаңғырту. Біздің ата бабамыздың Жаратушы, жаратылыс туралы түсінігі қандай еді, соны қалпына келтіру. Оны білмегендіктен де ұрпақ дүбараланып қағынан жериді. Өз халқының ертегі-аңыздарына шекесінен қарайды, салт-дәстүрін жат көреді, түсініктанымын тәрк етеді.

Сөйтіп, «Қызыр баба» арқылы автор адам жөне әлем біртұтас дүние екенін, біріндегі құбылыстар, екіншісіне әсер етіп жататынын жердегі кемшіліктерді түзеу үшін алдымен өзіңнің аспанмен қарым қатынасыңды түзеу керектігін айтады. Бұл тақырып Еленнің «Ақ періште - арманымында» тіпті тереңдейді. Бұл драмада қарапайым қазақ әйелінің басынан кешкен оқиғалар баяндалғанымен, шын мәнінде әңгіме ұлы үйлесім туралы. Ал, ұлы үйлесім - Алла тағаланың құдіреті. Сол ұлы үйлесімді бұзып тұрған басқа ешкім емес, адамдар. Үйлесім бұзылған сайын адамзаттың өзіне қатер көп. Бұл жер де ол өзі отырған бұтақты шауып жатқан аңғал баладай. Қарапайым қазақ әйелі де өзінің бар трагедиясын періштедей таза ұрпақ туа алмайтынынан көреді. Періштедей таза ұрпақ өсіре алмайтыны ұлы үйлесім бұзылған. Ал, осы адамзат трагедиясының тоқтамы тек жүректің тереңі мен сананың биігінде жатыр.

Еленнің елге көрсетпейтін жазбаларында мынадай жолдар бар екен:

Көңіл-күй тартып жабырқау,

Ой-салмақ басқан айықпай.

Ой-мұхит мені апыр-ау,

Ойнатты жалғыз қайықтай.



Жағалау қайда, мен қайда,

Қалтылдап қайда барамын?

Іздеген ауылым шалғайда,



Шыңында биік сананың.

Қазақ қоғамының қазіргі келбетін көркем әдебиетте өрнектеп қалуға тырысып жүрген жазушы Елен Әлімжан өзінің 60 жасында осылай сананың шыңына қарай соқпақ салып барады. Соқпағы даңғыл жолға айналғай!

Мекемтас Мырзахметұлы,

ҚР Мемлеккеттік сыйлығының

лауреаты, филология ғылымының

докторы, профессор

БІР ҚАЗАҚҚА – БІР ҚАТЫН?!

ЭКСЦЕНТРИКАЛЫҚ КОМЕДИЯ
Қатысушылар:

  1. Әнипа (Аня)

  2. Шөпгүл (Шура)-орта жастағы әйелдер

  3. Сартай (Сарик) – Әнипаның күйеуі

  4. Кәрібек (Карик) – Шөпгүлдің күйеуі

  5. Азат – жаңа көрші

  6. Гүлжан – Аззаттың әйелі


І бөлім
Үш пәтерлі үйдің ауласы. Аула бұйымдары. Сахнаның екі жағынан ерлі-зайыпты екі жұп шығады. Екі еркектің де мойындрында қарғыбайлары бар. Шөпгүл (Шура) күйеуін алдына салып айдап, зонтикпен қақпайлап келеді. Әнипа (Аня) күйеуін қарғыбауынан жетектеп алған.
Шура: Кеш жарық!

Аня: Добрый вечер, Шурочка! Қайдан келесіңдер кештетіп?

Шура: ой, несін айтасыз, рестораннан келеміз. Мерекені бастап та жібердік. Мына Кариктің коллективі жиналған екен. «Ұлы Октябрь революциясы жасай берсін!»,- деп коньяк пен шампанды судай ағыздық.

Аня: Да, Октябрьге мың да рақмет, бізді осындай халге жеткізген. Солай ма, жігіттер?

Сарик, Карик: Солай, солай.

Шура: Иә, бұлар Октябрьдің нағыз өрендері! Октябрь үшін қан төгіп күрескен жоқ, Ұлы Отан соғысында да қатысқан жоқ, есесіне жемісін жеп, рахаттанып жүр, солай ма?

Сарик, Карик: Солай, солай.

Аня: Дұрыстап, шын қуанышпен айтыңдар. Қане: Рахаттанып жүрміз!

Сарик, Карик: Рахаттанып жүрміз!

Шура: Кімнің арқасында?

С а р и к: Октябрьдің.

К а р и к: (Кекетіп.) Әйелдеріміздің арқасында.

Аня: Карик қайнымның мерекелік настроениесы байқалмайды. Штрафиться етіп қалган ба?

Шура: Бұл сұмырайдың айыпты болмайтын күні бар ма? Айыпты болу мен түшкіре салу екеуі бұған бірдей. (Карик қозғалақтайды. Шура қарғыбауынан тартып қояды.) Тыныш тұр, әй, жерқұрт құсап жыбырламай. Әйтпесе жыным тағы қозып кетеді. (Аняга) Ресторанда әбден қанымды қайнатты. Көпшіліктің көзінше ұят қой деп бір пәс еркіне жібергенді түсінбейді. Тіпті есіріп кетті.

Аня: Не істеп қойды соншама?

Шура: Көзі жаман мұның, қу түлкідей жымыңдап бір тоқтамайды. Содан беті жылтыраған келіншек көрсе болды, ішіп-жеп қояды. Ал екі рюмкадан соң-ақ аузы-басын жалаймын деп ұмтылады. Мен жоқ болсам бар ғой, сүмең-сүмең етіп, соңынан еруден тайынбайды. Бұл бар ғой өліп жатса да, бөтен әйелге көзін салып жатады.

Аня: Молодец, мен сондай еркекті ұнатамын. (Сарик қозғалақтайды.) Везет тебе.

Шура: Бір аптаға берейін, өзіңіз-ақ безіп шығасыз. Еркек деген мына Сарик ағай сияқты салмақты болу керек қой. Бүгін өзі ағай да арқандалып қалған ба?

Аня: Прогулкаға бірге шығатын итім ауырып қалды. Рекс өліп қала ма деп қорқып жүрмін. (Көңілі босайды.) Сөйтіп мені тастап кете ме, қайдам. Иттің бір кемшілігі - тез қартаяды екен. Қазір спальныйға жатқызып, өзім ухаживать етіп жүрмін. Содан соң амал жоқ, Сарикті алып шықтым прогулкаға.

Шура: Көк аспаннан көз тастап, тоятын өзі таңдайтын қайран мұзбалақ қырандар!

Аня: Рексті айтсайшы!

Шура: Мен иттерді білмеймін. Ал еркек итіңді танимын енді. (Карик ыңыранады. Шура оган.) Немене, қимаң қышып кетті ме? Шыда! Өліп кетсең де шыда! (Аняға) Шалбар кигеннің бәрі еркек емес, әрине. Бірақ небір мықтылары бар-ау. Бізге келмейтіні жоқ қой. Біз де оларды категорияға бөліп тастаймыз.

Аня: Да, ол қандай категория? Айтшы, мен де біліп, сырттарынан салыстырып жүрейін.

Ш у р а: Ең жоғары категорияға мына Сарик ағайлар жатады.

А н я: Сарик пе? (Ішек-сілесі қатып күледі.) Тапқан екенсің высшийді. Ой, Шурочка, высший категорияң мына біздің Са­рик пе? Со смеху умереть можно.

К а р и к: Олай демеңіз. Қазақтың жігіттері даланың тағы жылқыларындай тулап тұрған жоқ па? Сондықтан олар - айғырлар!

Аня: Да, ну! Далада түйе де көп. Таза қанды айғырлар болса, болған шығар. Қазір жоқ.

Сарик: Неге жоқ? Бұрын бір қора қатын алған еркектер қайда кетіпті соншама? Тіпті, бұрынғылар: “Әйел еркектің қабырғасынан жаралған” - деген ғой.

Аня: Бұрын құдай еркектерді артық жаратса, енді әйелдерді артық жаратып жатыр. Так что қазіргі еркектер әйелдерден физиологически де, биологически де кем. Уроды они!

К а р и к: Көңіліңіз қатты қалыпты-ау еркектен. Сәкеңнен не жаманшылық кердіңіз соншама?

Аня: Сарик сондай скучный.

Шура: Сәкең жиналыстарда, кездесулерде жұртты күлдіріп, жайраңдап жүреді ғой.

Аня: Артисты они. Жұрттың көзінше ғана сондай. Шын мәнінде қызмет десе болды, бәрін ұмытады.

Шура: Енді, жұмысбасты адамдар ғой.

Аня: Үйге келгенде семьяга да көңіл белу керек шығар. Жоқ, тіпті тамақ ішіп отырса да, бірінші бастығын, содан кейін жұмысын айтады. Ал туалетке барса, свежий газетті қоса ала кіреді де, соны оқып тауысқанша шықпайды.

К а р и к: Двойной кайф дейді ондайды.

Аня: Болса болар. Газетті жалғыз туалетке оқыса мейлі ғой. Ол чурбан... тесекте жатқанда да көзін алмайды.

Шура: (Ішек-сілесі қатып күледі). Қойшы қай-қайдағыны айтпай, рас па?

Аня: Рас деймін. Содан соң бұрқан-талқан болып ашуланамын да, Рекстің жанына кетіп қаламын. Әзер успокоюсь.

Сарик: (Ыңғайсызданып)Рекстің жағдайы болмай қалды-ау.

Аня: Иә, Рекстің жағдайын ойлау керек. Бар, тез көріп кел.

Аяғыңды тарпылдатып, ваннаны шалпылдатып, оның мазасын алма.



Шура: (Карикке) Сен де үйге барып шай қоя бер. Басымның сақинасы ұстайын деп тұр.

К а р и к: Құп, тақсыр, ханымның айтқаны екі етпей орындалады.

Шура: Майлы қасықтай жылпылдауын, бар тез бұралаңдамай. (Сарик, Карик екі есікке кіріп кетеді. Аняға) Сарик ағай шынында да мазаңды алмай ма? Онда шынында да Сәкең нағыз жігіт екен.

Аня: Сол ма жігіт болғандағысы?

Шура: Демек, тоқ.

Аня: Конечно, тоқ. Тамақты Рекспен бірдей ішеді.

Шура: Гуляет он, сондықтан тоқ.

Аня: Серьезно говоришь?

Шура: Әрине, қырық пен елудің арасы еркектердің нағыз бүлінетін кезі.

Аня: Сездірмейді оңбаған.

Шура: Әрине, сездірмейді. Астында машина, жиналысы, командировкасы көп, біресе саяжайда, біресе қонақ үйде сыйлы меймандарды күтуі керек. Солай ғой?

Аня: Солай.

Шура: Міне, сондықтан да оларды бақылай алмайсың. Бәрі қызмет бабымен істеліп жатады. Сен отырасың үйде, күйеуім жұмыста жүр деп. Ал ол болса бар шаруасын сыртта тындырып келеді де, “уһ шаршадым” деп диванды сүзе құлайды. Жасап қойған тамағыңды да жақтырмайды.

Аня: Біздің Сарик қорқақ.

Шура: Түу, еркектерді білмейді екенсіз ғой.

Аня: Мен Сарикті жақсы білемін. Ол қия басса қызметінен айырыльш қалатындай кереді. Оған портфелін құшақтап отырса болды. Соған мәз.

Шура: Ондай өтірік аңқаулардың талайын білеміз. Жұрттың көзінше мардымсып, маңғазданып, тіпті адамгершілік туралы ақыл айтып тұрады да, оңаша қалса-ақ қылмың-қылмың етіп, “қарындас, өмірде ойнап-күлген жақсы ғой” деп шыға келеді.

Аня: Сарик оңашада да қорқады. Өйткені мен сәл сезіктенсем болды, тура бастығына айта қоямын. Ол үйде отырғанның өзінде бастығынан қорқып отырады.

Шура: Басқаны айтсаңыз да, мұны айта алмайсыз. Өйткені Сәкеңді қызметтен алса, сіз де ешкім болмай қаласыз. Мінген машина да, спецмагазин де, спецкурорт та, спецполиклиника да -
барлығы тю-тю, көзден бұлбұл ұшып жүре береді.

Аня: Ал мен айтамын деп қорқытамын. Соның өзі жетіп
жатыр оған. Так что, ол менің уысымда.

Шура: Онда неменеге арыз айтып тұрсыз? Қорқытасыз ба,

Қорқытасыз ба, өзіңіз білесіз.

А н я: Понимаешь, Аня, скучный ол.

Шура: Скучный болса, қыз кезіңізде кезіңізді біреу байлап
қойған жоқ шығар.

А н я: Ол маған емес, папам мен мамама үйленген.

Ш у р а:Қатын алма, қайын ал” деген мақалды мықты ұстанған екен.

Аня: Конечно. Бұл басында папамның қарамағында істеді,
үйге де жиі келіп жүрді. Ол кезде соңымнан жүгіретін, еще
как жүгіретін. Сосын мамам да әсетін жігіт, жармассаң... жармассаң... қалай еді?

Шу р а: “Етегінен ұстасаң, қор болмайсың” деді.

Аня: Точно, солай деді. Сонан соң мен дура келісе салдым.
Теперь вот, өкінемін,

Шура: Онда қуып шығыңыз. Мынау деген жігіт тауып беремін.

Аня: Шын ба? Ол мені алдап кетпей ме?

Шура: Әрине, алдап кетеді. Ондай еркектер көп болса бір
жыл ермек етеді де, содан соң жалығады, басқаға кетіп қалады.

А н я: Сарик содан соң қайтын келе ме?

Шура: Сарик ол кезде үйленіп те алады. Мынау деген жас
кыз
ға.

Аня: Жоқ, онда болмайды. Сариксіз өмір сүре алмаймын.
Ол айтқанымның бәрін істейді. Рекске де мейірімді.

Шура: Ал сіз оны: “Маған сен сияқты еркек керек емес,
басқа еркекке кетіп қаламын”, - деп қорқытыңыз.

Аня: Вот это идея! Бір қызық болсын. Давай екеуміз де
сүйтейік.


Шура: Карик оған қуана-ңуана келіседі.

Аня: Немене, сонда ол қорықпай ма?

Шура: Сарик ағай сияқты ол партия қызметкері емес,
қорықпайды. Қазірдің өзінде зорға
ұстап жүрмін. Сағат сайын
звондап отырсам да, лып деп шығып кетіп, білгенін істеп келеді де, түк білмегендей отыра береді.

Аня: Сен де кетіп қал. Один-один болады.

Шура: Сіздердің араларыңызда дәнекер болатын, ерге шықса да, қыздарыңыз бар, ал менің Кариктен басқа ешкімім жоқ. Өлердей жақсы көремін оны. Жақсы көргендіктен де жыным келіп кетеді. Оның тірлігінің бәрін жүрегім сезеді де, үйге келген соң жанын шығарамын.

(Сарик кіреді.) \

С а р и к: Рекстің жағдайы жақсы екен. Аздап тамағын ішті.

Аня: Ескі тамағын беріп қойған жоқсың ба? Оны таңертең өзің ішесің. і

Са р и к: Жоқ, жаңадан қайнатып бердім. Ескісін өзім ішемін ғой, білемін.

(Карик кіреді.)

К а р и к: Бұйрығыңыз орындалды, ханым. Столды да бәріңізге арнап жасап қойдым.

Аня: Жоқ, сендер қала беріңдер. Біздің оңаша әңгімеміз біткен жоқ.

Карик: Бүкіл әлемнің проблемасын шешіп жатқан президенттер емес, олардың әйелдері. Бәріміздің тағдырымыз әйелдердің қолында. Жасасын әйелдердің өсегі!

Шура: Сумаңдама, осы жерден ұзамайтын бол.

Карик: Құп болады, ханым.

Шура: Сен “құп болады” деп жүріп құртасың. Байқа!

Карик: Құп болады.

Шура: Жүріңіз, апай.

Аня: Сен мені апай демеші, арамыз үш-ақ жас.

Шура: Ағайды сыйлаған соң. Жүр, Анячка j

(Екеуі Щураның үйіне кіреді.)

Сарик: (Бірден өзгеріп, паңданып Карикке қолын созады). Әй, бала!

Карик: Ләббай, Сәке! (Сариктің қолын, аяғын, арқасын уқалай бастайды.)

Сарик: Бүгін де өзі ауа райы болмай тұр-ау.

Карик: Аспанды бұлт торлан алды ғой, қашан жауарын?

Сарик: Соны белімнің сезгеніне көп болды.

Карик: (Көрермендерге) Мұның басы емес, белі сезгіш. Басы... (Сарикке) Одан да, Сәке, ем қонсын ден оңашалап жібермейміз бе, сонда бәрі орнына келеді.

Сарик: Біздікіне барып па? Ана қатынның Рексі иіс сезгіш, бәлеге қаламыз.

Карик: Үйді қайтесіз, онсыз да ығыр болып жүрген жоқпыз ба? Әйелдерден құлағымыз тыншып, мына таза ауаны көкіректі кере еркін жұтып отырғанға не жетсін! Арасында аздап қан қыздырьш қоямыз. Жаңа бәрін дайындап келдім.

С а р и к: Таза ауа жақсы-ақ қой, шіркін. Бірақ ертең жұмыс бар. Келімді-кетімді кісі бар. Түрімнен сезіп қалып жүрсе...

Кари к: Түу, Сәке-ай, періштесіз-ау. Таңертең ешкімді қабылдамаңыз. Анау жасырын бөлмелеріңіз бар емес пе?

С а р и к: Ия.

К а р и к: Соған кіріп алыңыз да, баяндама жазып жатырмын ДСП, ыстық шайды терлеп ішіп отыра беріңіз. Тіпті, ұйықтап алсаңыз да кім біліп жатыр. Өзіңізге жасалған привилегияны пайдалану керек қой, тегінде.

С а р и к: Үйтуге болады ғой, тек, үлкен үйдегілер шақырып қалмаса...

К а р и к: Оның ретін хатшы қызыңыз-ақ таппай ма, объект аралап кетті деп жауап берсе, бітіп жатыр шаруа.

С а р и к: Сен бала бәрін білесің-ей. Мейлі, әкелсең әкелші. Қарашаның кеші тоңдырын бара ма, қалай?

К а р и к: Е, бәсе, сөйтсеңізші. Не үшін ішеміз?

С а р и к: Ұлы Октябрь революциясынан бастайық енді. Жаңа әйелдер айтқандай, соның арқасында қол жетті ғой осы өмірге.

К а р и к: Мен, имандай шынымды айтсам, күн көріп жүргенім сіздің арқаңыз, Сәке.

С а р и к: Тым кішіпейіл болып қаласың-ау осындайда, қу бала. Нағыз өмір сендердікі. Саудадағылардың қолы жүріп тұр гой қазір.

К а р и к: Жаман емеспіз, әрине. Бізде бәрі болғанымен билік жоқ бірақ. Шіркін, мына сіздерді айтсаңызшы. Тіпті милиция мен прокурордың өзі алдарыңызда қалшияды да қалады. Оңбағандар!

С а р и к: Сондықтан да жұмысымыз аса жауапты. Барлық мәселені ойлайсың. Бәріне директивалық нұсқау беруге тура келеді.

К а р и к: Жауапты жұмыс екені рас. Бірақ жеме-жемге келгенде ештеңеге жауап бермейтіндеріңіз жақсы да. Дефицитті тығып қой деп заставить етесіздер. Бірақ ұсталып қалсақ, оған біз кінәліміз. Приписка етуге мәжбүр етесіздер, ашылып қалса тағы біз кінәліміз. Ал сіздер жаңа бір директиваны ойлап тауып отыра бересіздер.

С а р и к: Әй, сен бала не деп кеттің, байқа! Бюроны сағынып қалғансың-ау өзің.

К а р и к: Сәке, сіз басқарған бюро майдай жағады ғой маған. (Көпшілікке) Қарашы, арағымды ішіп отырып, өзімді қорқытады. (Қайтадан Сарикке) Сіз басқарған бюро ылғи да әділетті шешім қабылдайды.

С а р и к: Солай ма?

К а р и к: Мұны мен ғана емес, бүкіл қала коммунистері айтып жүр. Қарапайым халық айтып жүр. Халық айтса, қалт айтпайды.

С а р и к: Халық қамы ғой жатсақ та, тұрсақ та ойлағанымыз. Сөйтіп жүріп кейде бәйбішеге де жақпай қаламыз. (Күледі) Көрдің бе, бүгін қалай-қалай ойқастайды.

К а р и к: Иә, бұл әйел дегеннің бабын табу қиын болды. Тіпті не істерімді білмеймін. Ұрыссаң, “сен менен құтыла алмай отырсың” деп талқан болады. Күлсең, “сені бүгін кім көңілдендіріп жіберген” деп жабысады. Үндемесең, “сен кімді ойлап отырсың, айт, қане!” деп кенеше қадалады.

С а р и к: “Для лакеев и жен нет великих людей” деген екен бір данышпан. Лакей - бүгінгі шоферің. әйел - сол әйел. Бұлар білмейтін құпия сирек. Шурочкаға сырыңызды алдырып қойғансыз-ау, шамасы.

К а р и к: О, бүкіл адамзат тәңіріндей табынған ұлылардың өзі қатындар мен қызметшілердің алдында әншейін панде ғана болып қалса, біздің жылағанымыз бекер екен.

С а р и к: Сондықтан да қазақ атам: “Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе!” - деген.

К а р и к: Қайран бабалардың сөзі әлгі данышпандыкінен де асып түсті ғой тіпті. Дегенмен де олардың заманы да, заңы да басқа еді гой, шіркін! Қаламаса атын да, қатынын да ауыстыра салатын. Ал қазір шоферіңді ебін тауып ауыстырып жіберуге болады, ал қатынды қайтіп ауыстырасың?

С а р и к: Немене, ойыңда бірдеңе бар ма сен баланың? Байқа!

К а р и к: Түу, Сәке-ай, осы күніміз күн бе енді?

С а р и к: Неге күн болмасын, әйел - ана, сыйлаймыз.

К а р и к: Біз де қазақпыз, білеміз. Ата-бабам жарықтықтар оларды қыз, келін кезінде еркелетіп ұстаган, ал бәйбіше, апа, әже кезінде от басының шырағындай табынып, ақылшысы көріп, құрмет тұтқан. Ал тура ортасында қатын кезі бар емес не, мына біздің ханумдардың жасындағы тілі сала құлаш ұзарып, қынту-мынтуы шығатын кез, міне, сол кезде қайран қазекем қамшының ұшымен сейлескен бұлармен. Білген ата-бабам қатындардың иығына шайтан қонатын кезді. Ал қазір шайтанын қағып алуға, әттең, заң көтермейді. Еркектің қамшысын көрмеген шайтан иыгында шоқиып отырып алады да, әйелді анаған да, мынаған да соқтықтырады.

С а р и к: Олар тегін соқтықпайды. Совет өкіметі оларга теңдік әперген.

К a p и к: Баяғы аталарымыздың өшін бізден алсын дегені ме сонда?

С а р и к: Олар өш алмайды, правосын ғана пайдаланады.

К а р и к: Сол правоны артық беріп жіберген екен. Қайтып біразын алуға болмай ма?

С а р и к: Сен бала. Совет заңына қүмән келтіресің-ау деймін. Жалпы саяси түсінігің төмен сияқты. Келесі бюроға мәселеңді енгіземіз-ау.

К а р и к: (Көпшілікке) Өзінің көрген күні үйіндегі иттен жаман, бұл несіне шіренеді-ей. (Сарикке) Сәке, мына тосты күллі қала халқының қамқоршысы сіздің денсаулығыңыз үшін аламын.

С а р и к: (Ішіп тастайды). Рахмет, бала, денсаулық керек, әрине. Бұл денсаулықпен әлі талай нәрсе істеп тастауға болады.

К а р и к: Әрине, әрине. Сіздің талант-қабілетіңіз мемлекеттік масштабтағы жұмыстарға лайық қой. Мен мына тосты сіздің үлкен үйге, үлкен жұмысқа баруыңыз үшін аламын.

С а р и к: Айтасың-ау, дегенмен түсінігің жоғары жігітсің. ІІІынында да бюроға тағы бір келетін кезегің келіп қалған си­яқты.

К а р и к: (Қорқып) Ойбай, не жаздым, Сәке?

С а р и к: Енді өспейсің бе? Отыра бересің бе бір жерде? Мына ағаңды пайдалануың керек.

К а р и к: Ләббай, Сәке, айтқаныңызға құлдық, аузыңызға май, астыңызға ат.

С а р и к: Қандай ат, ей, ол?

К а р и к: Қазіргінің аты да, жұтынып тұрған “Жигули”.

С а р и к: Міне, мұның жөн. Жеңгең өзім жеке машина мінемін деп құлагымның етін жен жүр еді. Рексті тауға шығарып тұрамын дейді.

К а р и к: Қазір қазынаның машинасын міну де қиындан кетті, онысы жөн жеңгейдің.

С а р и к: Дегенмен байқау керек. Өзім сенгеннен кейін ғана айтып отырмын. Скоро үлкен өзгерістер болады.

К а р и к: Қандай өзгеріс? Қайда болады?

С а р и к: Ана жақта! (Сахнаның түкпіріне қарайды. Ол жақтан біреу көрінеді.) Әй, ана біреу кім өзі намаздыгердің көлеңкесіндей. (Келген адам ауланы аралап көре бастайды.)

К а р и к: Мынаның жүрісі жаман. Ұры емес не? (Бөтелкелерін жасырады.)

С а р и к: Тың тыңдап, факт жиып жүрген біреу шығар?

К а р и к: Бұл - ұры. Нағыз квартирщиктің өзі. Олар ссылай интеллигентный жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет