Функцияның формальды және нақты аргументтері Айнымалылар жергілікті және сыртқы болуы мүмкін. Жергілікті айнымалылар функция ішінде сипатталады да сонда ғана “көрінеді”. Сыртқы айнымалылар кез келген функция сыртында сипатталады да, сол функцияның кез келген жерінде қолданылады. Кез келген функцияны анықтау үшін форматы:
Функция аргументтерінің берілу тәсілдері. Аргументтерінің айнымалы-мән ретінде берілу тәсілі: Аргументтер мән ретінде берілгенде функцияның ішінде аргумент аттас жергілікті айнымалы құрылады да оның мәні функцияда өзгеруі мүмкін, бірақ аргументтің мәні өзгермейді. Айнымалы-сілтеме арқылы берілу тәсілі: Аргументтегі айнымалы сілтеме арқылы берілгенде функция аргументтің мәнін емес, оның адресін алады. Ал мұнда құрылған жергілікті айнымалы көрсеткіш болады. Бұл, жадыны үнемдеуге мүмкіндік береді және функцияның орындалу барысында айнымалы аргумент мәні өзгереді. Бұл жағдайда функция аргумент айнымалы сілтеме арқылы бірнеше мән қайтара алады. Әртүрлі типті аргументті функцияларды қарастырайық: Функция аргументтері Char, int, float, double, массив типті бола алады. Функция аргументтері болмауы да мүмкін. Онда Void қызметші сөзі қолданылады және ол функцияның аргументтерінің жоқ екенін білдіреді.