Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі, программалау технологиялары туралы түсіндіріңіз


Айнымылылар, тұрақтылар, есептеу тізбегін басқару, функциялар және қарапайым енгізу-шығару негіздеріне сипаттамасын талдап көрсетіңіз



бет7/45
Дата25.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#114132
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
Программалау тілдері

Айнымылылар, тұрақтылар, есептеу тізбегін басқару, функциялар және қарапайым енгізу-шығару негіздеріне сипаттамасын талдап көрсетіңіз

Айнымалылар. Программаланың орындалу барысында мәні өзгеретін шамалар айнымалылар деп аталады. С/С++ тілінде кез келген айнымалы оны қолданғанға дейін анықталуы керек. Декларацияда айнымалылардың қасиеттері хабарланады. Ол типтің атынан және айнымалылар тізбегінен тұрады. Мысалы, int fahr,celsius; int lower,upper,step; Мұндағы int типі көрсетілген айнымалылардың мәні бүтін екенін білдіреді, ал, float бөлшек бөлігі бар мәндер.

Тұрақтылар Программаның орындалу барысында мәні өзгермейтін шама – тұрақты деп аталады. Бүтін тұрақты, мысалы, 1234, int типімен сипатталады. Long типті тұрақты l немесе L әрпімен аяқталады. Мысалы, 123456789L. Таңбасыз тұрақтылар u немесе U әрпімен аяқталады. Ал ul немесе UL-мен аяқталатын тұрақтылар типі - unsigned long екенін көрсетеді. Сонымен қатар, бүтін мән ондық форматта немесе басқа 8-дік немесе 16-лық форматта берілуі мүмкін. Егер тұрақты нөлден басталса, онда ол 8-дік форматта, егер 0х немесе 0Х болса, онда 16-лық форматта көрсетілген. Мысалы, ондық бүтін 31-ді 037 немесе 0Х1F түрінде жазуға болады. 8-дік және 16-лық тұрақтылардың жазылуы L және U әрпімен аяқталуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет