С/С++ тілдің элементтері, типтерін талдап көрсетіңіз
Символдар: - латын әріптері; - цифрлар; - арнайы символдар; - пробелмен ажыратылмаған символдар комбинациясы, бір мағыналы символ ретінде қабылданады, Мысалы ++, - - , «» , += , /- , //. Идентификаторлар: Идентификаторлар – символдардан, цифрлардан және «_» таңбасынан тұрады. С компиляторы 31 символды таниды. С және С++ тілдері символдар регистріне қарайды, яғни компилятор үлкен және кіші символдарды әртүрлі символ ретінде қабылдайды. Мысалы, Name_TYPE және name_type идентификаторлары әртүрлі деп қарастырылады. Программистер арасында жарияланбаған келісім бойынша кезкелген идентификаторды сәйкес типінің бірінші әрпінен бастау ұйғарылған. Қызметші сөздері: С тіліндегі қызметші сөздер қосалқы идентификаторлар болып табылады. Оның әрқайсысы белгілі бір әрекет орындайды. Қызметші сөздер мағнасын өзгерту мүмкін емес, тек, #define препроцессор директивасы арқылықызметші сөз псевдонимін құрып, оның әрекетін көшіруге болады.
С/С++ тіліндегі типтер С немесе С++ тілдерінде мәндер төмендегідей базалық типтер бірімен бейнеленеді. Олар: 1. char - бірлік байт, қолданылатын литерлер жиынтығындағы бір литерді меншітей алады. 2. int – бүтін. 3. float - 3.4E- 38 және 3.4E+38 аралығындағы нақты сандар. 4. double – 1.7E-308 –1.7E+308 аралығындағы жылжымалы нүктелі сандар. 5. Void типті, ешқандай мән қайтармайтын функцияларды қолданылады. 6. bool типті айнымалы С++-те true немесе false мәнін қабылдайды. 7. Санылымды тип. 8. Көрсеткіштер. Саналымды типті айнымалы санап көрсетілген тұрақтыға оның атауы арқылы сілтейді. С/С++ тілі машинадан тәуелді тіл болғандықтан аталған типтерге жадыдан бөлінетін орындар көлемі нақты атап көрсетілмейді. Дегенмен, шамамен сипаттау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, базалық типтерге қолданылатын бірнеше квалификаторлар бар. Квалификаторлар short (қысқа) және long (ұзын) квалификаторлары бүтін типтерге қолданылады: Short int sh; 40 Long int counter; Бұндай сипаттауларда int сөзін жазбауға болады. Көбінесе short квалификаторы арқылы сипатталған бүтінге 16 бит бөлінеді, long квалификаторымен сипатталса - 32 бит, ал int типіне - не 16, не 32 бит бөлінеді. Signed (таңбалы) және unsigned (таңбасыз) квалификаторларын char типіне және кез келген бүтін типке қолдануға болады. Unsigned мәні әрқашан оң немесе нөлге тең және 2n модулі бойынша арифметика заңына бағынады. Мұндағы, n- типті бейнелегендегі биттер санына тең. Мысалы, char мәніне 8 бит бөлінсе, онда unsigned char 0-ден 255-ке дейінгі диапазондағы мәнге, ал signed char -128-ден 127-ге дейінгі мәнге ие. Барлық өлшемдегі атаулы тұрақтылар және стандартты тақырыптық файлдарында орналасады. Сонымен қатар, С тілінде екі квалификатор бар: Const және Volatile. Const – мәні өзгермейтін айнымалыларды, ал Volatile кез келген уақытта мәні өзгеретін айнымалыларды белгілеу үшін қолданылады. Const -программа орындалу барысында өзгермейтін айнымалылар - тұрақтылар деп аталады. Сипатталуы: Мысалы, Const float pi=3014159; Const int imin=1, isale=5; Тұрақтыны сипаттаудың екі тәсілін білеміз, Const және define; көпшілік жағдайда екеуі бірдей нәтиже береді, бірақ мынадай ерекшеліктері бар: define – макротұрақты, ал Const арқылы айнымалы құрылады. Volatile бұл айнымалының мәні сыртқы әрекеттер әсерінен өзгеруі мүмкін екенін білдіреді. Мысалы, Volatile int EV_time; Бұл жағдайда EV_time айнымалысы таймер, яғни жүйелік құрылғы арқылы өзгереді. Бұл бұл квалификаторлар бір уақытта қолданылуы мүмкін, мысалы, Const Volatile Const EV_time; Мұнда Const EV_time айнымалысының мәні программасының денесінде өзгертілменгенмен, оның мәні сырттай жанартылуы мүмкін.