Программалық қамтамасыз ету. Виртуалдық машиналар



Дата28.09.2023
өлшемі46 Kb.
#182767
түріПрограмма
Байланысты:
дәріс 2


Дәріс №2.
Пән: Информатика.
Тақырыбы: Программалық қамтамасыз ету. Виртуалдық машиналар.
Программалық қамтамасыз ету - компьютерде белгілі командаларды орындауға арналған программалар жиынтығы
Программалық жабдықтамалар:
Жүйелік ПЖ
Операцялық жүйе драйверлер. Қосымшалар. Офистік қосымшалар; деректер қоры; желілік қосымшалар; энциклопедиялар; анықтамалар: мәтінді тану пргораммалары; шетел тілдерінен аударушы программалар; ойындар.
Жүйелік ПЖ:

  • Операциялық жүйе-компьютердің кондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады.

  • Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар

  • Утилиттер-компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программа

Қазіргі таңда пайдаланушының көзқарасы бойынша виртуалды машина (ВМ) – бұл арнайы бағдарламалық құралдардың көмегімен жасалған қандай да бір виртуалды есептеу ортасының («виртуалды компьютердің») нақты көшірмесі. Әдетте мұндай құралдар, нақты компьютердің физикалық ресурстарымен ғана шектелген виртуалды машиналардың еркін санын құруға және жүктеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде виртуалды машина жасауға және оны басқаруға Microsoft компаниясының Virtual PC 2004, VMware компаниясының VMwareWorkstation, Parallels компаниясының Parallels Workstation құралдары кеңінен қолданылуда деп айтуға болады. Бұл құралдарға (виртуалды машиналарға) қатысты, яғни олардың жалпы сипаттамалары, оларды құрастыру, орнату, баптау, олармен жұмыс істеу және олардың мүмкіндіктері туралы толық мағлұматты, А.К.Гультяевтің «Виртуальные машины: несколько компьютеров в одном» кітабынан және htpp://www.piter.com, www.microsoft.com және www.vmware.com сайттарынан табуға болады.
Дербес жағдайда, виртуалды компьютер - Linux ОЖ–де іске қосылған арнайы бағдарлама, және ол Intel х86 процессоры негізінде нақты физикалық процессордың моделі десек болады. Виртуалды компьютердің мониторы болып ақпарат шығарылатын Windows ХР (Windows NT 4.0 немесе басқа ОЖ) графикалық қоршамының терезесі алынады және виртуалды компьютер келесі виртуалды құрылғылар жиынынан тұрады:· виртуалды IDE және SCSI қатты дискілері;· виртуалды CD - ROM;· иілгіш диск үшін стандартты дискжетек;· екі бірінші (primary) және екі екінші (secondary) IDE дискілерін қолдайтын 82371 PCI Bus Master - IDE қатты диск контроллері;· BusLogic BT-958 – мен үйлесімді SCSI – дискілері адаптері;· стандартты PCI графикалық адаптері;· стандартты 101/102 – пернелік пернетақта, PS/2 – сәйкес тышқан;· AMD PCNET Family Ethernet adapter (PCI-ISA) желілік карта;· COM1-COM4 тізбекті порттары;· LPT1-LPT2 параллельді порттар;· Sound Blaster 16 – мен сәйкес келетін дыбыстық карта.
Бұл көрсетілген виртуалды құрылғылар жиыны виртуалды машина жүктелетін нақты компьютердің құрылғылыр жиынына қарағанда (кейбір құрылғыларсыз, мысалы, пернетақта, тышқан, процессор, дыбыстық карта болмаса да болады) өзгеше. Егер операциялық жүйе тікелей виртуалды компьютер ішіне орнатылса, онда орнату барысында бұл құрылғылардың барлығы нақты анықталады. Виртуалды компьютерді қосқан кезде (ол программа-эмулятордың менюіндегі Power On/off арнайы батырмасының көмегімен іске асырылады) қалай BIOS «аппараттық бөлігін» тестілеп жатқанын көруге болады, және де физикалық компьютердегі сияқты Setup бағдарламасына кіріп, BIOS орнатуларын (настройка) беруге немесе өзгертуге болады. Виртуалды компьютерге кез-келген операциялық жүйені орнатуға және онымен әдеттегідей жұмыс істеуге болады. ВМ жасаудың құралы (кейде оларды виртуалды машиналар қосымшасы (немесе ВМҚ) деп те атайды) - бұл нақты операциялық жүйеге орнатылған кез-келген басқа қосымшалар сияқты қарапайым қосымша. Бұл нақты ОЖ «басты» немесе хосттық деп аталады (ағылшын терминологиясынан алынған host - «басты», «базалық», «жетекші»). Виртуалды машиналарды басқарудың барлық мәселелерін ВМ қосымшасының құрамындағы арнаулы модуль - виртуалды машинаның мониторы (ВММ) атқарады. Монитор виртуалды машиналар және базалық қондырғы арасындағы барлық қарым – қатынастарда делдалдық роль атқарады, сонымен бірге бірыңғай аппараттық платформада жасалған барлық ВМ орындалуын қолдап, олардың сенімді оқшаулануын (надежную изоляцию) қамтамасыз етеді. Пайдаланушының виртуалды машинаның мониторына тікелей қатынауға мүмкіндігі болмайды. Бағдарламалық өнімдердің көбісінде пайдаланушыға виртуалды машинаны жасауға және үйлестіруге арналған графикалық интерфейс қана ұсынылады (5 сурет). Бұл интерфейс әдетте виртуалды машиналардың консолі деп аталады.
5 сурет. ВМ консолынің мысалы
Пайдаланушы, виртуалды машинаның «ішіне» нақты компьютердегі сияқты өзіне керекті операциялық жүйені орнатады. Осындай, нақты ВМ-ға тиісті операциялық жүйе қонақтық деп аталады (guest OS). Қолданылатын қонақтық ОЖ тізімі - виртуалды машиналардың ең маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Бүгінгі күнгі заманауи виртуалды машиналар Windows, Linux және MacOS операциялық жүйелері ұрпақтарының бірнеше ондаған нұсқаларын қолдауды қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет