Амалдық жүйе (АЖ) — құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. АЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.
Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютердің жабдықтары мен программа- ларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар программалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ганаұсынылады. Дербес компьютерлерде тілдесудің екі түрін (әмірлік және терезелік) көруге болады. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс жұмыс істей алу үшін қолданушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том нүсқаулықтарды оқып шығуы қажет болатын.
Терезелік тілдесу Windows сияқты, компьютермен тек бір құрылгы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын амалдық жүйеде жүзеге асырылған. Бұнда компьютермен қатынас жасау үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде ұсынылған қажетті әрекеттерді таңдаған жөн.
Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстелдер, мәзірлер, қалталар, қосымшалар және құжаттар.
Терезелік тілдесуді меңзерді нысан үстіне апарған кезде қалқып шығатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде шерткен кезде пайда болатын контекстік мәзірлер өте үғынықты етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |