Программалық талаптардың негізін білуі Программалық жабдықтауды жобалауды білуі


Ақпараттық модельді жобалау. Деректер қорын жобалау сатылары. ER–диаграммалар



бет12/45
Дата27.01.2023
өлшемі3,19 Mb.
#166618
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
УМК ИСРП каз (2)

Ақпараттық модельді жобалау. Деректер қорын жобалау сатылары. ER–диаграммалар.
ДБ жобалау сатылары. Ақпаратты жүйені жобалау үшін осы жүйеге талдау жүргізіп, оған жеке тұтынушылардың талабын анықтау керек. Деректерді жинау, ұйымдастыру мәндерін және осы мәндерді қолданатын процестерді (пәндік аймақ) зерттеуден басталады. Мәндер «ұқсастық» бойынша (қандай да бір әрекеттерді орындау үшін олардың қолдану жиілігінде) және олардың арасындағы ассоциативті байланыстардың саны бойынша топтастырылады (ұшақ – жолаушы, оқытушы – пән, студент – сессия және т.б.). Үлкен ұқсастық және үлкен жиілікті ассоциативті байланыстары бар мәндер және (немесе) мәндер тобы пәндік ДБ біріктіріледі.
Тұтынушыларды сұрау нәтижесінде алынған ДБ құрамы туралы жеке көрсетілулерді, сондай-ақ болашақ қосымшаларда қажет болатын деректер жайлы өзіңнің түсініктеріңді біріктіре отырып жобалаушы алдымен құрылатын деректер базасының формальді емес сипаттамасын құрады. Деректер базасын жобалаумен айналысатын барлық адамдарға түсінікті кәдімгі тіл, математикалық формулалар, кестелер, графиктер және басқа құралдарды қолдану арқылы орындалған сипаттама деректердің инфологиялық моделі деп аталады. Мұндай адам-бағытталған үлгі деректерді сақтау ортасының физикалық параметрлерінен толық тәуелсіз. Қалған үлгілер компьютерлі-бағытталған болып табылады. Олардың көмегімен ДББЖ тұтынушылар мен бағдарламаларға сақталынған деректерге физикалық орналасуын ескермей аттары бойынша жетуге рұқсат береді. Қажетті деректер ДББЖ деректердің физикалық үлгісі бойынша сыртқы еске сақтау құрылғыларымен табылады.
Көрсетілген кіріс нақты ДББЖ жүзеге асырылса, онда модельдер осы ДББЖ деректер сипаттау тілінде суреттелу керек. ДБ жобалаушысымен құрылған берілген суреттеме деректердің даталогиялық үлгісі деп аталады.
Үш деңгейлі архитектура (инфологиялық, даталогиялық және физикалық деңгейлер) сақталынатын деректердің оларды қолданатын бағдарламалардан тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.
Инфологиялық модельдер құру үшін ER-диаграмма тілін (ағылш. Entity-Relationship, яғни мән-байланыс) пайдалануға болады. Онда мәндер белгіленген тіктөртбұрыштармен, ассоциациялар – белгіленген ромбтармен немесе алтыбұрыштармен, атрибуттар – белгіленген сопақшалармен және олардың арасындағы байланыс – үстінде байланыс дәрежесі (1 немесе К «көп» деген мағынаны беретін) көрсетілген бағытталған қабырғалармен белгіленеді және қажетті түсініктеме беріледі.


1- сурет − ER-диаграмма тілінің бөлшектері
Сипаттамаларды баяндау үшін жаңа нфологиялық модельдеу тілі (ИМТ) қосымшасы пайдаланылады, жалпы түрі төмендегідей:
СИПАТТАМА (атрибут1,атрибут2, ..., атрибут n)
АССОЦИАЦИЯ [МӘН S1, МӘН S2, ...]
(атрибут1,атрибут2, ...атрибут n)
мұндағы S – байланыс дәрежесі, ал кілтке кіретін атрибуттар астын сызу арқылы сызылып көрсетілу керек.
Осылайша, мәндер арасындағы байланыстар көпшесінің үлгісін қарастырайық:
Дәрігер (Дәрігердің нөмірі , Аты – жөні, Мамандығы)
Науқас (Регистрациондық нөмірі, Аты-жөні, Мекен-жайы, Туған күні, Жынысы)
Емдейтін дәрігер [Дәрігер 1, Науқас К]
(Дәрігер нөміріРегистрациондық нөмірі)
Консультант [Дәрігер 1, Науқас К]
(Дәрігердің нөміріРегистрациондық нөмірі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет