Сабақтың тақырыбы: Атомдардың валенттігі және тотығу дәрежесі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі73,52 Kb.
#30002
түріСабақ




Пәні: химия

Мұғалімі: Демеубаева Г.С.

Сыныбы: 10 ә

Сабақтың тақырыбы:

Атомдардың валенттігі және тотығу дәрежесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Химиялық элементтердің валенттігі, валенттілік мүмкіндіктері, тотығу дәрежесі ұғымдарын атом құрылысы және химиялық байланыс тұрғысынан түсіндіру.

Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элементтің жоғары және төменгі валенттіліктерін анықтау, тотығу дәрежесін анықтай білу.

Талдау, қорытындылау, есте сақтау, байқау, ұқыптылық білік-дағдыларын дамыту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақтың типі:

Жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Құралдар мен реактивтер:

Оқулық, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ, шар өзектері

Күтілетін нәтиже:

- Тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

- Оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

- Оқушылар алған мағлұматтардың қолданылу аймағын білу.


Уақыты

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Оқушының

іс-әрекеті

2 минут

І . Ұйымдастыру кезеңі

(оқушылармен амандасу)

Сәлемет пе, оқушы, өрендерім,

Тоқыған көңіліне білімдерін.

Өткізелік сабақты қызықты етіп,

Жігерлен, білім болсын сүйенгенің.



Қызығушылықты ояту

Қызық думан өміріміз ғаламат,

Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.

Қыруар істің қайсысында болса да,

Құдіретті химия жүр аралап.


Мұғаліммен амандасады. Мұғалім оқушы-ларға сабақтың сәтті өтуіне атсалы-суларын тілейді.

5 мин

ІІ. Жаңа ұғымды меңгертуге әзірлік

«Өткенді ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы» (Білу). «Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де, басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр» деген орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеевтің сөзімен бүгінгі сабағымызды бастаймын.

Танымдық сұрақтар:

  1. Атом деген не?

  2. Молекула деп нені айтады?

  3. Периодтық жүйеде неше элемент бар?

  4. Менделеев деген кім?

  5. Натрийдің электрондық формуласын жаз.

  6. Элементтер периодты түрде қалай өзгереді?

  7. Топ номері ядроның оң зарядына сәйкес келе ме?

  8. Элементтің электрондық формуласы .........3s2 3p4 аяқталады. Бұл қай элемент?

  9. Электртерістілік деген не?

  10. Атом құрылысы неден тұрады?

Оқушы-лар тез, әрі жылдам жауап береді.

10 мин

ІІІ. Жаңа ұғымды меңгерту

«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» (Түсіну)

Балалар, 8-сыныпта өткен тақырыптарымызды еске түсірейікші, табиғатта кездесетін нәрселерді не деп атаймыз? (Зат) Затты құрамына қарай қалай жіктейміз? (Жай және күрделі заттар, дұрыс айтасыңдар) Жай заттар бір атомнан (N, Cl, C, H т.б.), күрделі заттар бірнеше атомдардан (H2O, NO2, CO2, Na2SO4 т.б.) құралады. Осы күрделі қосылыстарды жазған кезде нені ескереміз, неге сүйенеміз? Яғни, валенттікті ескереді екенбіз.

Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз Атомдардың валенттігі және тотығу дәрежесі.

Д.И.Менделеев периодтық заңды ашарда «валенттік» ұғымын атомның негізгі қасиеттерінің бірі ретінде қолданды. Валенттік атомның басқа атомды қосып алу қасиетін сипаттайды. Химияға валентілік ұғымын 1853 жылы ағылшын химигі Эдуард Франкленд (1825-1899) енгізген. «Валенттік» термининің физикалық мәні атом құрылысы және химиялық байланыс туралы ілім дами келе түсінікті болды. Элемент атомдары электронды береді немесе қосып алып, ортақ электрон жұптарын түзеді. Атомдар арасындағы химиялық байланыс түзуге қатысатын электрондар валентті электрондар деп аталады. Валенттік тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді. Химиялық элементтердің атомындағы валенттік электрондардың жалпы саны периодты жүйеде элемент орналасқан топтың номеріне сәйкес болады. Мысалы, күкірт атомының (6-топ) 6 валенттік электроны бар, сондықтан күкірттің валенттіктері (6 жоғары), (4- және 2-ші аралық). Валенттіктің мәні берілген атомның басқа атомдармен қосылғандағы химиялық байланысының саны ретінде анықталады. Валенттікті рим цифрымен жазады. Ал атомдардың күйін сипаттау үшін тотығу дәрежесі деген ұғым енгізілген. ТД – бұл қосылыстардың тек иондардан тұруы және есептеумен табылған қосылыстардағы атомдардың шартты заряды. ТД теріс, оң және нөл мәнді бола алады. Оларды элементтің белгісінің үстіне «+», «-» белгісімен және араб сандарымен өрнектейді. Тотығу дәрежесінің нөлдік мәні жай заттардың молекуласындағы атомдарда болуы мүмкін. Теріс тотығу дәрежесін бейметалдар көрсетеді (N2,O2, Fe, Zn). Оң тотығу дәрежесін металдар мен сутек көрсетеді. Сонымен, элемент атомының ТД – шартты түсінік, бірақ ол әртүрлі заттарды жіктеу кезінде, олардың ұасиеттерін сипаттағанда және тотығу-тотықсыздану реакцияларын қарастырғанда жиі қолданылады.көп жағдайда ТД көп жағдайда валенттікке сәйкес келмейді.






5 мин


Сергіту: алдарыңызға формулалар, элементтер жазылған парақшалар тараттым. Әркім «өз көршісін» тауып алсын. Na2SO4, Pb(NO3)2, BaCl2, K3PO4, Al2(OH)3, Mg(OH)2, RbOH, Ca(OH)2, HBr, H2SO4, HCl, HF. «Қышқылдар. Негіздер. Тұздар» болып 3 топқа отыра қойыңдар.

IV. Жаңа ұғымды қалай меңгерді. «Кім епті?» (Қолдану).

1-топқа: аммиак пен бром қышқылы;

2-топқа: су мен метан;

3-топқа: тұз қышқылы мен силанның шар өзекті модельдерін жасауға тапсырамын. Периодты жүйедегі орналасқан элементтердің топ санын ескере отырып, валенттікті шығарып алуға болады.




Оқушы-лар топқа бөлінеді.
Тақтада-ғы шар өзекті модель-мен салысты-рады.


10 мин

V. Шығармашылық тапсырма.

«Өзің біл де, басқаға да үйрет» (Талдау).

1-топқа 1-тапсырма: оқулықтағы №8 –жаттығуды қарайық (78-бет)

2-тапсырма: валенттік пен тотығу дәрежесін белгілеуде қандай айырмашылық бар? Мына қосылыстардың тұз қышқылы, су, аммиак, көмірқышқыл газы – валенттіктері мен тотығу дәрежесін белгілеңдер.



2-топқа 1-тапсырма: мына қосылыстардағы: темір (ІІ) сульфиді, алюминий карбиді, фосфор (ІІІ) бромиді, натрий нитриді – элементтердің тотығу дәрежелерін көрсетіңдер.

2-тапсырма: марганец оттекпен валенттіктері әртүрлі болып келетін бірнеше оксидтер түзеді. Құрамында марганец (II), (IV), (VI) валентті болатын оксидтер формуласын жазыңдар.



3-топқа 1-тапсырма: периодтық жүйені пайдаланып, мына элементтердің: литий атомы, магний атомы, алюминий атомының қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін (тұрақты ма, айнымалы ма) көрсететінін мысалмен түсіндір.

2-тапсырма: берілген валенттіктері бойынша мына элементтердің фосфор (ІІІ), кремний (IV), хлор (І), күкірт (ІІ) сутекті қосылыстарының формулаларын құрыңдар.


Оқушы-лар тақтаға шығып орындайды.



10 мин

VІ. Жаңа ұғымды бекіту.

«Ерінбей талмай төгіп тер, білгеннің үстіне біле бер» (Жинақтау).

1-топқа: егер заттың құрамында 37,7% - Na, 23% - Si, 39,3% - О болса, оның химиялық формуласын қалай шығаруға болады? Валенттік пен тотығу дәрежесін көрсетіңдер.

2-топқа: егер элементтердің Н, Р, О массалық қатынастары 3:31:64-ге тең болса, оның формуласы қандай? валенттігі мен тотығу дәрежесін көрсетіңдер.

3-топқа: егер заттың құрамында 69,64% - К, 1,79% - Н, 28,57% - О болса, оның химиялық формуласын қалай шығаруға болады? Валенттік пен тотығу дәрежесін көрсетіңдер.

Есептер-ді дәптерге шығара-ды.



3 мин

VII. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бүгінгі сабақтан өзіңіз үшін не алдым деп ойлайсыз немесе бүгінгі сабақтың сіз үшін маңызы қандай ?



Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқу. 6, 7-жаттығуларды орындау (79, 80-бет)

Ермексаздан шарөзекті модельдер жасап келу

Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау



Стикерге өз ойларын жазады.

№36 орта мектеп



Атомдардың валенттігі және

тотығу дәрежесі

10 «ә» сыныбы

Пән мұғалімі Демеубаева Г.С.

2014-2015 оқу жылы

№36 орта мектеп

Химиялық реакцияның жылу эффектісі
8 «а» сыныбы

Пән мұғалімі Демеубаева Г.С.



2014-2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет