НАЗАР АУДАР! Әрі қарай жұмыс кітабының қандай да бір парағына мәлімет енгізгіңіз келсе, қалған парақтардың белгіленуін алып тастаңыз. Ол үшін бірінші параққа өтіп, оның ярлыгына тышқанмен шертіңіз, сосын Shift пернесін басып тұрып бірінші парақтың ярлыгын тағы да шертіңіз.
Әрбір парақтың D3 ұяшығына сәйкес пәннің аттарын енгізіңіз: математика, физика, тарих.
Математика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 3, «4» саны — 7, «3» саны —3, «2» саны — 1, «келемегендер» саны — 1.
Физика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 6, «4» саны — 7, «3» саны —1, «2» саны — 0, «келемегендер» саны — 1.
Е6 ұяшығына сәйкес емтихан қабылдаушының фамилиясын енгізіңіз. Е бағанының ұяшықтарын қажетті ұяшыққа дейін автотолтыруды жүзеге асырыңыз. Осындай операцияны Емтихандық ведомостьтің барлық парақтарында орындаңыз.
В бағанына топта алынған бағалардың қорытынды санын енгізіңіз В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына – «жақсы», В24 – «қанағаттанарлық», В25 – «қанағатсыз», В26 – «келген жоқ», В27 – «БАРЛЫҒЫ».