көшіреміз. Автотолтыруды қолданыңыз.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып және формулаларды енгізуден алынған тәжірибелерді қолданып, студенттің стипендиясының мөлшерін есептейтін формуланы Е6 ұяшығына енгізіңіз:
=ЕСЛИ(И(С6>=4,5;D6=3);$D$2*1,5;ЕСЛИ(И(С6>=4;D6=3);$D$2;0)).
Формуланы енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталатынын ұмытпаңыз.
Бұл формуланы Е бағанының барлық ұяшықтарына көшіріңіз. Үлгеріміне байланысты әрбір студентке стипендияны тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады.
3) «Стипендия» кестесінің мәліметтері негізінде диаграмма құру Сессия және стипендия есептеудің қорытындысы бойынша диаграмма құру үшін тағы бір парақ қосыңыз және оны Диаграмма деп атын өзгертіңіз.
1. «Орташа балл» диаграммасын құру.
Студенттердің бағаларының орташа балы бойынша гистограмма құрыңыз. Диаграмманы форматтаңыз.
2. «Стипендия тағайындалуы» диаграммасын құру.
Студенттердің стипендия мөлшері бойынша тек стипендия алатын студенттер үшін дөңгелек диаграмма құрыңыз. Диаграмманы форматтаңыз.