Samsung телекоммуникация нарығына 1977 жылы шығады. Он жыл өткен соң 1988 жылы корей нарығында SH-100 ұялы телефоны пайда болады. Бұл тек Самсунгтың алғашқы телефоны емес, Кореядағы алғашқы телефон ретінде тарихта қалған.
Тачскринді алғашқы телефонын Samsung 2008 жылы шығарады. Ал Android жүйесіндегі алғашқы телефон I7500 2008 жылы шыққан. Бұл алғашқы Galaxy болатын. Диагоналі 3,2 дюймдік AMOLED дисплейі бар телефон WiFi-ға қосылатын және GPS қондырғымен жабдықталған.