Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері.
Абсолютті көрсеткіштер, яғни науқас өзіне және айналасындағы адамдар үшін қауіпті болғанда жүзеге асырылады. Туыстарының, қамқоршысының немесе басқа да адамдардың келісімінсіз жүргізілуі мүмкін.
Көрсеткіштер:
Дистрофиялар, галлюцинациялар, сандырақтар, сана бұзылыстары және басқа да жағдайлардың нәтижесінде агрессиялы әрекеттер мен психомоторлы қозу.
Айналасындағы адамдарға агрессиялы қатынас және қоғамға қауіпті сипаттағы сандырақтық идеялар.
Суицидальды тенденциялармен жүретін депрессивті синдром.
Қоғамдық тәртіп бұзушылықпен немесе агрессивті әрекеттермен көрінетін маникальді синдром.
Сана бұзылысының барлық синдромдары.
Психопатия, олигофрения және органикалық синдром декомпенсациясы кезіндегі агрессивті әрекеттермен көрінетін психомоторлы қозу.