Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет161/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Емі 
 
Жедел алкогольді галлюцинозбен науқастар, олардың қоғамға 
қауіптіліктері 
нәтижесінде 
психиатриялық 
стационарға 
шҧғыл 
госпитализациялауды қажет етеді.
Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті 
дезинтоксикация – алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. 
Ол ҥшін алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мӛлшерде және аз 
ҧзақтықта дезинтоксикациялық ерітінділер, витаминотерапия (В тобының 
витаминдері) тағайындалады.
Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалық 
симптоматиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді 
галлюционезбен 
науқастарға 
психотропты 
дәрілер 
тағайындалады: 
галоперидол (тәуліктік мӛлшері 0,01- 0,015 г), тизерцин (тәуіліктік дозасы 
0,15-0,2г), 
этаперазин (0,03-0,04г). Бҧл нейролептиктермен емдеуді 
артериялық қысымды бақылай отырып, бҧлшық етке енгізуден бастау керек. 
Емедеу кезінде асқынулар болуы мҥмкін: аллергиялық реакциялар, 
бҧлшық ет спазмдары және т.б. Әсіресе тыныс бҧлшық еттерінің спазмы ӛте 
қауіпті. Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бҧлшық етке енгізу, ішке 
қабылдау кезінде де 3-4 рет қабылдауға бӛлінеді. Галлюциноз жойылғаннан 
соң 1-1,5 аптадан кейін доза тӛмендетіледі. Доза тӛмендетілген соң 
преппаратты бір реттік (кешке) қабылдауға кӛшеді. 
Алкогольді галлюцоноздың созылмалы ағымында психотропты 
дәрілермен (галоперидол, аминазин, тизерцин) ҧзақ ем курсы тағайындалады. 
Бҧл кезде белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жҥргізіледі. 
Алкогольді параноид 
 
Алкогольді параноид - клиникалық кӛрінісінде нақты мазмҧны бар, 
қарапайым сандырақпен ӛтетін галлюцинаторлы-параноидты синдром басты 
кӛрініс беретін және анық сана фонында айқындылық дәрежесі тӛмен 
вербальды галлюцинациялармен жҥретін алкогольды психоз. 
Бҧдан 100 жыл бҧрын Г.Ленц қазіргі уақытта алкогольді параноид деп 
аталатын алкогольді психозды алғаш суреттеген. Кейінірек И.В. Стрельчук 
(1949ж) алкогольді параноидты алкогольді психоздың жеке формасы тҥрінде 
бӛліп, суреттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет