Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Дәрілік, тағамдық, ӛндірістік және басқа улармен улану кезіндегі



Pdf көрінісі
бет170/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Дәрілік, тағамдық, ӛндірістік және басқа улармен улану кезіндегі 
психикалық бҧзылыстар 
Соңғы 10 жылдықта фармакологияның, химияның, ӛнеркәсіптің жылдам 
дамуына және халық шаруашылығында сәйкес препараттарды кеңінен 
қолдануға 
байланысты 
интоксикация 
нәтижесіндегі 
психикалық 
бҧзылыстарды дҧрыс клиникалық және диагностикалық бағалау аса 
маңызды. 
Интоксикациялар кезіндегі психикалық бҧзылыстар жеке тҥрде кӛрініс 
бермейді, неврологиялық және соматикалық бҧзылыстармен қосарлана 
жҥреді. Бҧл кезде қаннан, зәрден және ликвордан токсикалық заттарды 
табуға болады. Токсикалық агент кӛп реттік әсер еткенде ағзаның улы затқа 
жоғары сезімталдығы пайда болады, осылайша улы заттың аз дозасымен 


~ 257 ~ 
шақырылған патологиялық реакция токсикалық зат әсері тоқтағаннан кейін 
де жалғасады. 
Әртҥрлі интоксикациялар кезінде аса айқын кӛрінетін синдром 
сана 
бұзылысы 
болып табылады, сананың делириозды кҥгірттенуі тҥрінде жҥреді. 
Делирий
бір реттік массивті интоксикация кезінде немесе айқын емес, бірақ 
қайталамалы ҧзақ интоксикация жағдайында пайда болады. Сананың 
делириозды кҥңгірттенуі атропинмен, тетраэтилқорғасынмен, бензинмен
кҥкірткӛміртегімен, мышьякты сутегімен және т.б. уланғанда болады.
Жиі гипоксия шақыратын заттармен (кҥкіртсутегімен, кӛміртек 
тотығымен) уланғанда есеңгіреу бақыланады, ал массивті уланғанда сопор 
мен кома жағдайы болады. 
Иісті 
газбен, 
анилинмен, 
антифризбен, 
қорғасынмен, 
сынап, 
радиоактивті заттармен уланғанда мнестико-интеллектуальды бҧзылыстар 
бақыланады.
Жиі шизоформды симптоматика бақыланады: маниакальды (АКТГ, 
акрихинмен уланғанда, кататониялық, гебефренді (сынаппен, радиоактивті 
заттармен). 
Психоз дәрежесіне жетпейтін психикалық бҧзылыстардан астениялық, 
невротикалық, депрессивті және ипохондриялық синдромдар тән болып 
табылады.
Клиникалық кӛрінісі басым жағдайда сана бҧзылысымен жҥретін психоз 
жедел 
тҥрде 
ӛтеді. 
Созылмалы 
ағымдағы 
психоз 
шизоформды 
симптоматикамен жҥреді. 
Интоксикациялық психоздардың 
емі
ең алдымен психоз жағдайына алып 
келген интоксикацияны тоқтатудан, және массивті дезинтоксикация және 
патогенетикалық терапия жҥргізуден тҧрады. Интоксикация кезінде организм 
кейбір улы заттармен және бірқатар дәрілік заттармен де белгілі бір дәрежеде 
сенсибилизацияланады, сондықтан оларды сақтықпен қолдану қажет.
Бҧл кез- келген интоксикациялық психоздар терапиясының ортақ 
принциптері, дегенмен жиі қолданылатын және жоғары тиімділік кӛрсететін 
антидотты 
препараттарды 
тағайындауды 
естен 
шығармаған 
жӛн. 
Десенсибилизациялық әсері бар препараттар да жақсы эффект береді 
(димедрол, супрастин, новакаин және т.б.). Инсулинді аз мӛлшерде 
тағайындауға болады.
Сынап, мышьяк (қорғасынды есептемегенде) және т.б. металдар 
қосылыстарымен уланғанда дезинтоксикациялық ем жҥргізу ҥшін 
унитиолдың 1 г ішке немесе 5% - 10 мл ерітіндісін бҧлшықетке егеді, тері 
астына физиологиялық ерітінді, кӛктамырға қан, плазма, қан алмастырушы 
заттар жіберу керек. Жҥрек, тыныс мҥшелерінің қызметін сҥйемелдеу қажет 
массивті витаминдік терапия, әсіресе В тобының витаминдерін тағайындау 
керек. 
Ауыр улану кезінде улануға қарсы кҥрес орталықтарында немесе 
реанимациялық бӛлімшелерде гемосорбция және басқа да заманауи әдістер 
қолдану арқылы жҥргізілуі тиіс.


~ 258 ~ 
Интоксикациялық психоздардың 
профилактикасы
сәкес іс жҥзіндегі 
санитарлық бақылаудан, интоксикацияның алғашқы симптомдарымен 
науқастарды ерте анықтау және зиянды факторлардың ағзаға әсерін тоқтату 
шараларынан тҧрады. Дәрілік препараттардың кӛп мӛлшерін алғаш және ҧзақ 
тағайындағанда сақтылық қажет, әсіресе жас балалар мен қарттарда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет