~ 260 ~
психоздар байқалады. Корсаков синдромы дамуы мҥмкін (ең алдымен
фиксациялық және ретроградты амнезия, аз дәрежеде – антероградты
амнезия және конфабуляциялар) Жарақаттан кейінгі кататония тҥрінде
кӛрінетін апалликалық синдром суреттелген, бҧл кезде ми қыртысы
қызметінің тоқтауы-декортикациямен байланысты психикалық және
неврологиялық бҧзылыстар бірігіпкӛрініс береді. Сонымен қатар,
акинетикалық мутизм бақыланады, бҧл кезде қимылдың болмауы сӛйлеудің
тоқтауымен қосарланады. Сирек жағдайда аффективті (дисфорияға жақын
кӛңіл - кҥйдің тӛмендеуі) және сандырақтық (сезімдік сандырақпен,
вербальды галлюцинациялармен) психоздар байқалады. Ми контузиясы
кезінде эпилептиформды ҧстамалар жиілей тҥсіп, эпилептикалық статустың
пайда болуына әкеп соқтыруы мҥмкін.
Жарылыс толқынымен жарақаттану
– бас-ми жарақатының ерекше
тҥрі - ми шайқалуы және соғылуы, ми қанайналысының бҧзылысымен
жҥреді. Бҧл кезде сана жарылысты дыбыстық қабылдауға дейін кенеттен
жоғалады. Сӛнген сана кезеңі - бірнеше минуттан 5-6 сағатқа дейін
созылады; сырттай бҧл кезде науқас ӛлген адамға ҧқсайды. Бҧл науқастардың
жҥріс-тҧрысы жарақаттанғандар жҥріс-тҧрысынан кҥрт ерекше. Жарылыс
толқынымен жарақаттанғаннан кейін науқастар сылбыр, аз қозғалады,
ажыраған. Сурдамутизм қҧбылыстары байқалады.
Ашық
бас-ми жарақаттары кезінде бастапқы және жедел кезең
симптоматикалары жабық бас-ми жарақаты кезіндегі белгілерден
ерекшеленбейді.
Достарыңызбен бөлісу: