Балалардың церебралдық салдану



Дата08.02.2022
өлшемі227,94 Kb.
#117779
Байланысты:
Балалардың цере-WPS Office

Балалардың церебралдық салдану

Орындаған:105-38(2топ)

ЖОСПАР І. КІРІСПЕ 1.1. Балалардың церебралдық салдануы (БЦС) ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1. БЦС жіктемесі 2.2. Клиникалық белгілері 2.3. БЦС түрлері 2.4. Емі ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Балалардың церебралдық салдану– туылғанға дейінгі, туу кезінде жəне ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының (шала салдану, салдану, гиперкинездер, қимыл-қозғалыстың бұзылуы) көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысқақтық жəне құрысқақсыз талмалармен қатар келген полиэтиологиялық ауру. БЦС – қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, ол статистикалық ақау мен жетілмеген

Жіктемесі Л.О.Бадалян (1988) мынандай топтарға бөледі: Емшек жасындағы БЦС: 1. Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия. 2. Дистониялық. 3. Гипотониялық түрі. Ересек жастағы БЦС: 1. Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия. 2. Гиперкинетикалық түр. 3. Атактикалық түр. 4. Атоникалық-астатикалық түр. 5. Аралас түрлері (спастикалық-атактикалық, спастикалық-гиперкинетикалық, атактикалық- гиперкинетикалық). К.А.Семенова сатысы бойынша (1990) төмендегілерді белгілейді: 1. Ерте саты (4 айға дейін). 2. Бастапқы созылмалы-резидуалдық сатылар (5-6 айдан 3-4 жасқа дейін). 3. Кеш резидуалды (3 жастан кейін).

БЦС клиникалық формалары ауырлығына байланысты *Жеңіл дәреже (61 %) – науқастар өздігінен жүреді, өзін-өзі күтеді, интеллект бұзылмаған, жұмыс істей алады. *Орташа ауырлықта (23 %) – науқастар балдақтың немесе басқа біреудің көмегімен жүреді, өздігінен киіне алмайды, интеллект бұзылған. Сөйлеудің, көру, есту дефектілері. *Ауыр дәреже (16 %) – төсек тартып жатады, интеллект, сөйлеу, көру, есту қатты бұзылған.

Негізгі клиникалық белгілері: Бұлшық ет тонусының өзгеруі Қозғалыс бұзылыстары. Статиканың және жүрістің бұзылуы. Өз еркінен тыс қозғалыстар . Рефлекстердің жоғарылауы және патологиялық рефлекстердің пайда болуы. Контрактуралар және деформациялар. Мишықтық зақымданулар. Психиканың бұзылуы және бас-ми нервтерінің зақымдары

Гемиплегия. Спастикалық гемиплегия: дененің бір бөлігінің қозғалыстық бұзылыстармен сипатталады. Бұл мидың бір жартышарының зақымдалуымен түсіндіріледі. Оң жақ гемипарез кезінде сол жақ жартышар, сол жақ гепипарез кезінде – оң жартышар зақымдалады. Зақымдалған жағында бұлшық ет тінінің гипотрофиясы, айқын контрактуралар және ірі буындар деформациясы, қол буындарында бүгілген, кіші балаларда денеге әкелінген қол білезігі жұдырық болып бүгілген, ересектеу балаларда – акушер қолы тәрізді. Спастическая диплегия (болезнь Литла)

Тетраплегия. Бұл екі қол және екі аяқтың зақымдалуы, жиі жұлын мидың мойын сегменттерінің жарақаттануы нәтижесінде дамиды. Жұлын мидың зақымдалуы нәтижесінде оның жүйке жасушалары және тіндері қалпына келмейді де, зақымдалу нерв импульстары өтетін жолды бөгеп тастайды. Негізгі белгілер: зақымдалған аймақтарда сезімталдылық жойылып, науқас ауырсыну, қызбаны, жанасуды мүлдем сезбейді.

Атоникалық-астатикалық түр. Психикалық дамудың тежелуі, тепе – теңдік бұзылыстармен сипатталады. *Атаксиялық түрі: Қозғалыс координациясының және тепе – теңдік бұзылыстармен сипатталады. Бір жаста бұлшық ет гипотониясы және психомоторлы бұзылыстармен сипатталады *Дистониялық түрі: Дистонияға атетоз және торсионды спазм жатады. Торсионды спазм кезінде дене және дененің жоғарғы бөліктері жүрген кезде бір жаққа иіледі және дене қисайып артқа ығысады. Атетоз кезінде бұлшық ет топтарының изометриялық жиырылуында қатып қалуымен сипатталады. *Гипотониялық түрі: Балалардың церебралдық салдануы бұл түрі мишықтың зақымдалуымен шақырылған. Бұл ауру кезінде бұлшық ет тонусының бұзылысы әр түрлі жастарда көрінеді. Баланың бұлшық еттерін бақылауға мүмкіндік жоқ, соның себебінен дене бөліктерін қозғалта алмайды. *Гиперкинетикалық түрі: Мидың қыртыс асты бөлімдері зақымдалудан дамиды. Ол тұрақты емес бұлшық ет тонусымен көрінеді. Баланың қалыпты қозғалыстары бұзылған.

Балалардағы церебералды салданудың диагностикалық критерийлері: нəрестеде бірқатар рефлекстерінің кешігуі; психологиялық — моторлық жəне сөйлеу дамуының кешігуі; гиперкинездер, бұлшықет тонусының өзгеруі (гипо- немесе гипертония); когнитивтік, қимыл-əрекеттік, ортопедтік аурулармен үйлескен неврологиялық статустағы ауытқулар; танымдық бұзылыстар; мишықтық синдром.

Балалар цереберальды салдануын емдеу Емдеу тактикасы: невролог, логопед, физиотерапевт, ортопед, психолог, емдік дене шынықтыру мамандар күшінің үйлесімлігін талап етеді, онтогенетикалық рефлекторлық жəне аналитикалық қағидаларда негізделген (Бобат, Войт, Кэбот, Фелпса, К.А. Семенова жəне т.б. əдістемелері) бұзылған функциялар дамуына бағытталған. Емдеу ерте мерзімдерде басталуы қажет, комплексті және үздіксіз болуы қажет.

Пайдаланылған əдебиеттер: Л.О.Бадалян с соавт.Детские церебральные параличи.-Киев,1988. К.А.Семенова. Детские церебральные параличи.// Неврология детского возраста: Под ред. Г.Г.Шанько. Минск,1990.С.165-206 К.А.Семенова,Н.М.Махмудова.Медицинская реабилитация и социальная адаптация больных ДЦП.Ташкент.1979. Ш.Ш.Шамансуров, В.М. Трошин, Ю.И.Кравцов.Детская неврология. Руководство для врачей. Ташкент,1995. С.204-213.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет