Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет19/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
ЕҢБЕК ПСИХОГИГИЕНАСЫ 
Еңбек адамның жалпы және психикалық денсаулығын сақтап
нығайтудың негізгі факторы болып табылады. Адамның жҧмысынан 
айырылуы, оның психикалық жағдайының нашарлауына және соматикалық 
сырқаттың жиілеуіне алып келетіндігі кӛптеген зерттеулермен анықталды. 
Бҧл сҧрақ 1970 жылы қолданбалы психология бойынша 17 халықаралық 
конгрессте жҧмыссыздық мәселесін талқылауға байланысты кӛтерілді. 
Еңбек арқылы психикалық денсаулықты нығайтып, сау адамның 
қабілетін кӛтеріп қана қоймай, сонымен қатар психикалық ауруларды 
емдеуге болады. Еңбек терапиясы психиатрия тәжірибесінде кең 


~ 37 ~ 
қолданылады. Басқа емдік әсерлер сияқты еңбек терапиясы қатаң тҥрде 
мӛлшерленеді, оның мӛлшері аурудың психикалық жағдайына тәуелді. 
Еңбек жеке тҧлғаның ерекшеліктерімен сәйкес келгенде ғана қуаныш 
әкеледі. Белгілі бір қабілеттің болмауы кейбір жҧмыстарды орындауды 
қиындатады. Басқаша айтсақ, музыкалық қабілеті жоқ адам композитор бола 
алмайды. Еңбектің кейбір тҥрі ҥшін жеткілікті физикалық кҥш немесе 
тҧлғаның кҥш-жігерлі болуы, психикалық жауаптың жылдамдығы және т.б. 
қажет болады. Мҧндай сәйкестікті, тҧрғындар контингентінің кәсіби 
бағдарын қарастыра келе кәсіби таңдау жҥргізу, және де арнайы 
медициналық және психологиялық зерттеулер қамтамасыз ете алады. Егер 
адамның қабілеті кәсіби еңбекпен идеалды сәйкес келген жағдайда да шектен 
тыс ҧзақ және қарқынды еңбек патологияның кӛзі болып табылуы мҥмкін. 
Егер еңбек кҥші қалыптыдан жоғарыласа, ӛндірістік кҥштеме кҥннің, 
аптаның, айдың, кварталдың және жылдың ҧзақтығына дҧрыс бӛлінбесе осы 
аталған жағдай дамиды. Мҧндай еңбек жағдайы зорығу мен невротизацияға 
алып келеді. Шудың адам денсаулығына теріс әсер ететіні белгілі. Бҧл 
жағдайда дыбыс кҥшімен қатар оның жиілігі де маңызды. 20 минут жиілігі 
400 гц шу жағдайында бір кҥн бойы жҧмыс жасайтын адамдар зейінін бір 
ойға шоғырландыра алмайды. 
Еңбек ҥрдісінде адам организміне уақыт жеткіліксіздігі де жайсыз әсер 
етеді. Сынақта математикалық есепті жеткіліксіз уақыт аралығында шығару 
ҧсынылды. Бҧл кезде артериалдық қысымның ҧзақ уақытқа кӛтерілуі 
міндетті реакция болды. Уақыт жетіспеушілік жағдайы болмаған кезде 
сынақтағылардың кҥрделі есептерді шешуі кезінде артериалды қан 
қысымының жоғароылауы қысқа мерзімді болды және айқын байқалмады. 
Адамның еңбекке қабілетін кҥшейтіп және қажуға кедергі болатын фактор 
жҧмыстың орындалуына оң эмоциональды кӛзқарас, жҧмыс нәтижесіне 
қанағаттану сезімі болып табылады. Бҧл жағдай моральды және материальды 
сҥйемелдеумен, жҧмыс орны мен еңбек эстетикасын сақтау, коллективте 
жайлы психологиялық жағдай жасау арқылы жҥзеге асырылады. Адамның 
нақты мамандыққа бейімділігінің маңызы ҥлкен. Эмоциональды ақау 
дамыған әлеуметтік дезадаптацияланған шизофрениямен науқастарды 
реабилитациялау мәселелері бойынша зерттеулер қатары ол науқастарды 
еңбекке баулу және коллективке қосу тек жҧмысқа қызығушылық болғанда 
ғана дамитынын кӛрсетті. Сонымен бірге ҧжыммен жҧмыс жасағанда басқа 
адамдармен қарым қатынасы және жҧмысқа қабілеті жақсарады. 
Эмоциональды қажу ол адамның жҧмысқа қабілеттің тӛмендеуімен 
және жҧмысқа қызығушылықтың тӛмендеуімен, ҧйқының кемуі мен 
назардың бҧзылуымен кӛрінеді, нәтижесінде ӛндірістегі қайғылы жағдайлар 
қаупінің жоғарылауына алып келеді. Бҧның негізгі себебі болып, бір қалыпты 
еңбек операциялары кезіндегі сенсорлы депривация болып табылады. 
Жҧмыстың монотондылығын ӛзгерту ҥшін іс-әрекетті алмастыру керек
ӛндірістік шынықтыру ҥшін қысқа ҥзілістер ҧйымдастыру, функционалды 
музыка енгізу қажет /дыбысы, ырғағы, мелодиясы ӛзгермелі музыкаы/. Қысқа 


~ 38 ~ 
уақытты жҧмыс кезінде қызыл тҥс еңбектің ӛнімділігін арттырады, ал кӛк тҥс 
тӛмендетеді, ҧзақ уақытты жҧмыс ҥшін жасыл тҥс оптимальды болып 
табылады. Сары және қара тҥс мекемелердегі қауіпті орындарды 
маркировкалауға ыңғайлы. Бҧл зейінді ынталандырып, психикалық 
активтілікті жоғарылатады. Еңбек мазмҧнына бар ынтамен терең ену, 
жҧмысшыларды моральды-саяси тәрбиелеу, ӛзара кӛмекті дамыту 
қызығушылықты жоғарылатады және қажуға кедергі болады. Еңбектің 
адамға жайлы әсер етуінің маңызды талабы коллективизм болып табылады. 
Топтасу арқылы адам мемлекеттің және қағамның әлеуметтік мәселелеріне 
араласады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет