Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет27/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Заңды іс- шаралармен 
әр тҥрлі кәсіби зияндылықтарда қызмет етушілерге 
арналған жҧмыс кҥнінің, жҧмыс аптасының ҧзақтығының нормалары 
регламенттеледі, жеңілдіктерге, жҧмыс қабілеті жартылай немесе толық 
жойылған жағдайда компенсацияға кепілдік беріледі, зейнетақы тағайындау 
тәртібі анықталады, жасӛспірімдер мен әйелдер ҥшін жҧмыс нормасы мен 
жағдайларын анықталады. 
Заңның орындалуы мен нормаларын бақылау санитарлық қадағалаумен іске 
асырылады, ол дҧрыс ҧйымдастырылса алдын-алу шаралары сипатына ие болады. 
Оның мәні келесі 
санитарлық - техникалық шаралардан тұрады

пайдалануға тапсырылатын ӛндірістік обьектілерді, машиналарды, механизмдерді 
жаңа жабдықтардың санитарлық жағдайын бақылау; технологиялық процестерді 
және химиялық заттарды қауіпсіз тҥрлеріне алмастыру; шығарылған ӛніммен 
контактта 
болмау 
және 
дистанциондық 
басқаруды 
ҧйымдастыру, 
шаңсыздандыруға 
бағытталған 
жҧмыстар 
жҥргізу; 
жабдықтарды 
герметизациялау; жоғары эффективті вентиляция жасау; жҧмысшылардың 
индивидуальді қорғаныш заттарын дҧрыс, жҥйелі тҥрде пайдалану, оның тәртібін 
сақтауды бақылау; оларды инструктаждау және гигиенаны ҥйрету; токсикалық 
заттардың ауадағы МДК-сының жоғарлауын болдырмайтын жағдайларды 
бақылау және т.б. 


~ 50 ~ 
Жалпы профилактикалық жҧмыстардың ҥшінші бағыты сауықтыру болып 
табылады, ол міндетті тҥрде алдын-алу және кезеңдік медициналық 
тексерулерден, емдік-профилактикалық қоректендіру, витаминизация, ӛндірістік 
гимнастика, шаң мен газды орындарда жҧмыс істейтін адамдарға ингаляция
массаж, физио және сумен емдеуден тҧрады. Ӛндіріс жағдайындағы барлық 
жедел уланулар ерекше тіркеуге алынып, СЭС тексеруінен 24 сағат ішінде ӛтуі 
керек, созылмалы уланулар СЭС тексеруінен хабар алынған кҥннен бастап 7 кҥн 
ішінде ӛтуі керек. 
Тексеру нәтижелері арқылы алдағы санитарлық – техникалық және емдік 
шаралардың мазмҧны анықталады.
Арнайы жҧмыстар біріншілік, екіншілік, ҥшіншілік психопрофилактикамен 
байланысты болуы мҥмкін. Сау адамдардағы жҥйкелік - психикалық 
бҧзылыстарды ескертуге бағытталған жҧмыстар комплесін мысалға келтіреміз 
(біріншілік психопрофилактика): 
1.
Цехтарда және белгілі бір ӛндірісте, оның бӛлімдеріндегі жҧмыс 
сипатын және жҧмыс жағдайын оқу. 
2.
Ӛндірісте жҧмыс істейтіндер арасындағы жалпы аурушаңдық ішінен 
жҥйкелік-психикалық ауруларды зерттеу. 
3.
Медико-санитарлық 
бӛлімдегі 
психоневролог 
консультациясы,
жҧмысшыларды кезеңмен тексеру және диспансеризация жҥргізу, 
осы мәліметтерді талдау. 
4.
Жҥйкелік-психикалық бҧзылыстарға байланысты жоғарғы қауіптегі 
контингентті динамикалық бақылау, тіркеу, айқындау: егде жастағы 
адамдарды, жасӛспірімдерді, жоғарғы және орта білім беру оқу 
орнында оқып жҥріп жҧмыс жасайтындарды, жиі және ҧзақ 
ауыратындарды, созылмалы кәсіби аурулармен ауыратындарды және 
т.б. 
5.
1-4 
іс-шаралардың 
мәліметтерін 
анализдеу 
негізінде 
психопрофилактикалық жҧмыстың жоспарын қҧру және оны медико-
санитарлық бӛлімнің жалпы комплексті жоспарына енгізу. 
6.
Жҧмысқа тҧратындарды алдын-ала тексеру және психикалық 
денсаулығына байланысты кәсіби тҥрде таңдап алу. 
7.
Заңды 
нормативтерді 
және 
техникалық 
қауіпсіздік 
және 
индивидуальды қорғаныш ережелерін сақтауды қатаң бақылау. 
8.
Профилактикалық ем жҥргізу – спецификалық, нақты кәсіптік 
зияндылықтарға бағытталған және қоршаған ортаның зиянды әсеріне 
ОЖЖ-нің және организмнің қарсылық әсерінің жоғарлауын 
қамтамасыз ететін спецификалық емес ем. 
9.
Зиянды әдеттермен және алкоголизммен кҥресу. 
10.
Арнайы топтарды керекті дағдыларға ҥйрететін психогигиена 
бойынша жҧмыс жҥргізу (қажу мен невроздың және т.б. 
профилактикасы); арнайы дайындалған бағдарлама бойынша 
жҧмыстар, ӛндірістік-техникалық оқыту жҥйесіне енгізілуі мҥмкін. 
11.
Кең психогигиеналық ҥгіттеу, ағарту жҧмыстарын жҥргізу.


~ 51 ~ 
Осы мақсатта жергілікті және радиотрансляциялық тораб бойынша 
ҥзіліс кезінде мәліметтер беру, стационарлық және кӛшпелі қабырға 
газеттерін әдемі кӛркемдеу, санитарлық бюллетень шығару, жҧмыс 
жасайтындар мен оқитындарға психогигиеналық актуальды тақырыптарға 
нҧсқаулар беру, денсаулыққа арналған тақырыптық кештер ӛткізіледі. 
Екіншілік 
психопрофилактика 
мақсаты 
басталған 
жҥйкелік-
психикалық бҧзылыстардың ауырлауы мен рецидивтерін болдырмау ҥшін, 
сонымен қатар оның асқынуларын ескерту болғандықтан, оның негізі ерте 
этиологиялық диагностика жҥргізу болып табылады. Бҧл ең алдымен 
дерттің кәсіби факторлармен байланысты немесе байланыссыз екенін 
анықтайды. Бҧл ҥшін диагностика кезінде анамнез мәліметтері талқыланып, 
жиналады, лабораториялық кӛрсеткіштермен бірге клиникалық зерттеудің 
нәтижелері салыстырылады (соматикалық, неврологиялық, психологиялық). 
Анамнезінде аурудың жҧмысқа тҧрмастан бҧрынғы аралықтағы 
денсаулық жағдайына кӛңіл бӛлінеді, алғашқы медициналық зерттеу 
нәтижелері ескеріледі. Қазіргі кездегі патологияның сол кезде байқалмауы 
кәсіби ауру диагностикасының критерияларының бірі болып табылады. 
Аурудың кәсіби зияндылықтармен байланысы анықталады, оның сандық 
бағасы беріледі (ҧзақтығы, ҥздіксіздігі, әсер интенсивтілігі) зиянды 
факторлардың 
сапалық 
сипаты 
анықталады, 
осы 
мәліметтердің 
патологиялық 
ӛзгерістердің 
динамикасымен, 
айқындығымен 
және 
динамикасымен 
арасындағы 
байланыс 
салыстырылады. 
Арасында 
байланыстың болуы кәсіби аурулардың пайда болу жиілігін жоғарылатады. 
Осылайша, сынап, марганец фосфорорганикалық қосылыстармен уланғанда 
және басқа да кәсіби патология тҥрлері кезінде астенизациямен, 
интелектуальды-мнестикалық тӛмендеу, ой жҧмысы кезіндегі жоғары 
шаршағыштық, тҧлға қҧлдырауымен кӛрініс беретін энцефалопатия дамуы 
мҥмкін. Сол бӛлімде жҧмыс жасайтын адамдардағы патологияның 
ҧқсастығын және ӛндіріспен байланысы жоқ ауру белгілерінің пайда болуын 
анықтау маңызды болып табылады. 
Жағдайды анализдеу кезінде психопатологиялық жауаптың сипаты 
(экзогенді және эндогенді тҥрдегі реакция), оның соматикалық, 
неврологиялық ӛзгерістерге және лабораториялық зерттеу кӛрсеткіштеріне 
байланыстылығы ескеріледі. Психопатологиялық жауап берудің экзогенді 
тҥрінде және сәйкес анамнестикалық мәліметтер болғанда, организмде улы 
заттардың немесе зат алмасу, эндокринді және басқа да бҧзылыстар 
зияндылықтары әсерінен дамыған соматопсихикалық параллельдің болуы - 
жҥйке - психикалық ӛзгерістермен кәсіби ауру диагнозын айқындай тҥседі. 
Осылай тітіркенген әлсіздік кӛріністерімен және ҧйқының бҧзылуымен 
астениялық симптоматиканың пайда болуы, қорғасынмен жҧмыс істейтін 
адамда апатияның, жоғары шаршағыштықтың, ҧмытшақтықтың ҥдеуі 
созылмалы уланудың болу мҥмкіндігін білдіреді. 
Қызыл иек қырындағы қорғасындық жиек, гипохромды анемия, қанда 
базофильді-дәнді 
эритроциттердің 
кӛп 
болуы, 
ретикулоцитоз, 


~ 52 ~ 
порфиринурия, зәрмен қорғасынның бӛлінуі, бауырдың функциональды 
жеткіліксіздігі, полиневрит сияқты белгілердің болуы тҧжырымның дҧрыс 
екендігін дәлелдейді. 
Ауруды анықтау терапияны бастауға мҥмкіндік береді, оның шарты 
кәсіби зияндылықтармен жҧмысты тоқтату болып саналады. Организмнен 
улы заттардың шығарылуына, жойылуына, ыдырауына шаралар 
қолданылады, патогенетикалық, синдромальды терапия жҧмыстары 
жҥргізіледі, жалпы әлдендіретін шаралар қолданады. Жағдайдың 
синдромологиялық қҧрылымына байланысты психофармокологиялық 
басушы 
және 
әлдендіретін 
терапия 
тағайындалады, 
витаминдер 
қолданылады, ноотроптар тағы басқа психоэнергетикалық заттар, жеке 
тҧлғалық реакцияларда - психотерапия тағайындалады. Егер психиканың 
патологиялық ӛнімі психотропты дәрілермен толық және тез басылатын 
болса, кәсіби патология кезіндегі психопатологиялық дефицитарлы 
психопатологиялық 
симптоматика 
(психоорганикалық 
синдром, 
амнестикалық синдром, ақыл естің кемдігі) аса тҧрақтылығымен 
ерекшеленеді. Емдік және реабилитациялық жҧмыстардың эффективтілігін 
кӛтеру ҥшін белсенділік пен жігерлілік қажет. Кӛбіне курорттарда емделу 
жақсы нәтиже береді. 
Кәсіби аурулар кезіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет