Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Балалық және жасӛспірімдік шақ психиатриялық



Pdf көрінісі
бет30/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Балалық және жасӛспірімдік шақ психиатриялық 
аспектілері және психопрофилактика мәселелері 
 
Адамның психикалық саулығының негізі ерте балалық шақтан 
қалыптасады. Сондықтан бала ӛмірге келгеннен бастап оның тәрбиесі мен 
дамуын қадағалап отыру керек. Баланың психикалық жағдайына дҧрыс кӛңіл 
бӛлу керек, себебі 16 жасқа дейінгі кезеңде психикалық бҧзылыстарға 
ҧшырау қаупі жоғары болады. ОЖЖ дамуының жетіспеушілігімен, оның 
жауап беру жеткіліксіздігі балалардың қалыпты жағдайда және патология 
кезінде де жҥйкелік – психикалық реакциялары ӛзіне тән ерекшеліктерімен 
сипатталады. Невроздар мен психоздардың ағымы және нәтижелері ересек 
адамдармен салыстырғанда ӛзгеше.
Ересектерге қарағанда балалар сыртқы ортаның әсеріне кӛбірек тәуелді 
болады. Бала организмі тек ӛмір сҥріп қана қоймайды, сонымен қатар ӛседі, 
дамиды, психикалық процестері қайта қҧрылып отырады. Мҧның ӛзі 
адаптациялық механизм кҥшін керек ететін ҥлкен жҥк болып табылады. 
Типті психикалық дамуында ауытқулары бар, даму ерекшеліктері ӛзгерген 
балалар аса қиын жағдайға тҥседі.
Жалпы 
ауруларға 
байланысты 
(соматикалық, 
инфекциялық), 
микросоциальды ортаның жағымсыз әсерлеріне байланысты кейде ӛсу 
тежеледі, жеке психикалық функцияларға қатысты жалпы немесе жеке 
психикалық даму тежеледі. Жалпы психикалық жетіспеушілік кейде ақыл 
аздық немесе олигофрения – кемақылдық тҥрінде кӛрінеді немесе 
квалификацияланады. 
Басқа 
бір 
жағдайларда 
психикалық 
даму 
жетіспеушілігі әлсіз байқалады және ересектерде балалық, аңқаулық ретінде 
кӛрініс береді-психикалық инфантилизм тҥрінде бағаланады. Әдетте 
психикалық инфантилизмге физикалық инфантилизм сәйкес келеді. Бҧндай 
адамдарда 25-30 жаста жасӛспірімдік бейнесі сақталады, дене салмағының, 
бойының жетіспеушілігі байқалады, екіншілік жыныс белгілері нашар 


~ 57 ~ 
дамыған болады. Ой-пікірінің жетік дамымауы себебінен мҧндай адамдар 
ӛзгелердің ықпалына тҥсіп кетеді, кҥшті және авторитетті кісілердің пікіріне 
бағынады, ӛзгенің еркін орындайтын пассивті орындаушы болады. 
Инфантилизммен қыз балалар мен жігіттер асоциальды ортаға тҥскенде олар 
осы ортаға сәйкес ӛмір стилін жеңіл қабылдайды. Олар спирттік ішімдіктерді 
қолдануға ҥйірленеді. Қылмыстық әрекеттер жасаулары мҥмкін.
Жеке психикалық функциялар дамуының тежелуі психикалық дамудың 
жалпы теңсіздігіне - 
асинхронияға
әкеліп соқтырады. Осындай жағдайда 
сақталған психикалық функциялар, осындай жетіспеушілік болған жағдайда 
соның орнын толтыру ҥшін қарқынды дами бастайды, кейде ол бір жақты 
дарындылық тҥрінде кӛрінеді, психикалық теңсіздіктің айқындылығын 
кӛрсетеді.
Даму біртексіздігі тежелусіз-ақ жҥйелер мен мҥшелердің әдеттегіден 
кҥшті жетілу нәтижесінде де болады. 
Бҧл қҧбылыс 
акселерация
деп аталады. Акселерат жасӛспірімдер мен 
жастардың бойлары ата-анасынан ҧзын, сҥйек-бҧлшықет жҥйесі жақсы 
жетілген; олар жыныстық қатынаста да және ӛздерінің физикалық белгілері 
бойынша ерте дамуларына, басқа жынысқа деген қызығушылықтарының 
ерте дамуына байланысты олар ерте ҥйленіп, балалы болуларына болар еді. 
Бірақ берік социальды жағдайдың болмауы, материалдық және моральды 
дербестіктің болмауы, ең бастысы психологиялық дайындықтың болмауы 
оларға ӛз жанҧясын қҧруға мҥмкіндік бермейді. Қазіргі ӛмір жағдайына 
байланысты, қарым-қатынас және ақпарат қҧралдарының қолжетімділігіне 
(газет, журнал, радио, телевизия, кино) байланысты кӛптеген балалар 
ӛткенмен салыстырғанда жылдам, интелектуальды тҥрде дамиды. 
Нәтижесінде тҧлғалық ерекше маңыздылығын сезіну, ӛзінің қҧрдастары 
қатарында басымдылығы жӛнінде иллюзия, қызығушылықтарының жасына 
сәйкес еместігі кейде-консерватизмге және ересектердің біржақтылығына 
қарсы (ата-ананың оқытушылардың) наразылық тудырады. Ӛмірлік 
тәжірибесі болмай тҧра ӛзін танытуға ҧмтылу, ситуацияларға ересек 
кӛзқарастың болмауы конфликтке әкеліп соқтырады – нәтижесінде, 
барлығынан тҥңілу, депрессивті реакциялар тҥрінде жасӛспірімнің ӛзі зардап 
шегеді. Балаларда психикалық дерттің басталуы жастық криздік кезеңдермен 
ҧштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет