Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет32/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Патологиялық реакциялардың
қалыптасуы бірнеше себептермен 
ерекшеленеді: олар сандық жағынан кҥшейген және оларды шақырған 
ситуация маңыздылығына сәйкес емес; генерализациялануға бейім, осы 
ситуацияның шегінен шығып, патологиялық реакция туындатқан микротоп 
шекарасынан асып, таралуға бейім; әр тҥрлі ситуацияларға жауаптың 
стереотипіне айналуға бейім; әлеуметтік дезадаптацияға соқтырады.
Суреттелген реакциялар
нәтижесінде жҥріс-тҧрыс патологиясы туады. 
Оның негізгі варианты 
делинквентті
жҥріс-тҧрыс болып табылады - заң 
бҧзушылықтар, жҧмысқа бармау, сабақтарды жіберу, ҧсақ бҧзақылық, ҧсақ 
ҧрлық, қоғам тәртібін бҧзу.
Делинквенттіліктің қарапайым себебі тәрбие жетіспеуі, бақылаудың 
жеткіліксіздігі болып табылады. Бҧл жағдайға толық емес немесе ажырасқан 
жанҧядағы тәрбие және соғыс кезіндегі жетімдік алып келеді. Мінез 
аномалиясы бар адамдардың асоциальды орта зияндылығына ҧшырау 
мҥмкіндігі жоғары. Делинквенттілікке жақын жҥріс-тҧрыстың патологиялық 
варианттары ҥйден қашу және жасӛспірімдердің қаңғыбастығы болып 
табылады. Осы сияқты әрекеттер мотивтерінің арасында сауық-сайранға 
талпыну, жазалау қорқынышы, ҥлкендердің қатаң талабына немесе кӛңіл 
аудармауына қарсы наразылық кӛрсету. Кей жағдайда ҥйден қашулар жиі 
қҧбылысқа айналады. 1972 жылы АҚШ-та 1 млн. ҥйден қашу тіркелген.
Қоғамда ҥрей тудыратын жҥріс-тҧрыс варианттарына жасӛспірімдер 
алкоголизациясы және наркотик қолдануы жатады. Кеңес авторлары 
мәліметтері бойынша мектепте оқитын тәртібі нашар жасӛспірімдердің 14 
пайызы спирттік ішімдік қолданады, милицияда балалар бӛлмесінде есепте 
тҧрғандың 13 пайызында алкоголизм диагностикаланады. Алкоголизмге 
бейімдейтін осы факторлардан басқа, жанҧялық жайсыз қатынастар және ата-
ананың алкоголизмі, дҧрыс емес тәрбие, сонымен қатар мінез-қҧлық 
патологиясын (психопатия) айтуға болады.
Кӛпшілік наркотик қолданатын шет елдерде, жасӛспірімдердегі 
алкоголизм мәселесі екінші жоспарға қойылды. Осы ғасырдың 50-ші 
жылдарында Жапонияда басталып және басқа елдерге таралған – АҚШ, 
Англия, Канада, Швеция, Испания, Оңтҥстік Америка елдерінде, 
Нидерланды, ФРГ, Австрия, Финляндияда наркотиктер эпидемия сипатын 
алды. Амфетамин, барбитураттар, марихуанна, героин, ЛСД, тҧрмыстық 
химия заттары (желім, тіс пастасы, аяқ киім кремі, еріткіштер) тәрізді 
допингтер кең таралған. Біздің елде жасӛспірімдер наркоманиясына ӛте тың 
кӛзбен қарайды. Наркомания жағдайлары тәртібі бҧзылған психопатиямен 


~ 61 ~ 
жасӛспірімдер арасында жиі диагностикаланады, басқаша айтқанда 
эмоциональды-еріктік сферадағы бҧзылыс салдарынан мінез патологиясы 
және оның акцентуациясы наркоманияға әкеліп соқтырады. 
Жасӛспірімдердің 
наркотик 
қолдануы 
топтасу 
реакциясымен 
байланысты. Ересектер патологиясымен салыстырғанда жасӛспірімдерге 
алғашынан-ақ полинаркомания тән: олар модаға және жалпы тенденцияға 
еліктеп, ойланбастан барлық заттарды қатарынан пайдаланады, емделуге 
ынтасы болмайды.
«Суицидальды тәртіп»
деп ӛзіне-ӛзі қол жҧмсауға талпыну, әрекет ету, 
ӛзін ӛлтіру жӛніндегі ойлармен жҥретін жағдайды айтамыз. Бҧл әрекет 
формалары 14 жасқа дейінгілерге тән емес, 15-16 жаста суицидальды қауіп 
жылдам ӛседі және 16-19 жаста ӛзінің максимальды шегіне жетеді. Ӛзін-ӛзі 
ӛлтіру әдетте психожарақаттаушы ситуацияға реакция болып саналады және 
бҧл жиі мінез-қҧлық қҧрылымы бҧзылған жасӛспірімдерде кездеседі.
Жҥріс-тҧрыс формалары және патологиялық реакциялар педагогтар 
мен психопатологтардың зейінін аударту керек, себебі олар жасӛспірім 
дамып тәрбиеленетін жағдайлардың сәтсіз жақтарын, тәрбиесіндегі жіберіліп 
жатқан қателіктерді кӛрсетіп береді. Медико-педагогикалық коррекция 
мҧндай жағдайларда тҧлғаның типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып 
психотерапия және еңбекке орналастырумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет