Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет40/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Бақылау әдісі.
Науқасты сҧрай отырып дәрігер оның сҧрақтарға 
реакциясына, жҥріс-тҧрысына, мимикасына кӛңіл аударады. Бҧл тексерудің 
маңыздылығы ауруды сҧрастыру қиындаған жағдайда, яғни ступор, сананың 
ӛзгерген жағдайында, естің дӛрекі бҧзылыстарында, негативизімде және 
диссимуляциялық жағдайларда артады. Сҧраудың және бақылаудың 
нәтижесінде дәрігер аурудың психикалық жағдайын суреттеп кӛрсетеді. 
Психикалық жағдай.
Ауру тарихында психикалық жағдайды белгілі бір 
ретпен жазу керек. Суреттеу схема бойынша сҧраққа жауап ретінде болмауы 
тиіс, ол науқастың және орын алған психикалық бҧзылыстардың кҥрделі, 
жоспарлы сипаттамасы болуы тиіс. Психикалық статусқа дәрігердің жеке 
ойын кӛрсететін сӛз тіркесін және терминдерді жазуға болмайды: мысалы, 
«Науқаста жабысқақ ойлар бар», «Науқастың галлюцинациясы бар” т.б., бҧл 
қҧбылыстардың бәрі нақты суреттелуі тиіс.
Психикалық статуста науқаспен контакт бар-жоғы бекітіледі. Аурумен 
байланыс толық немесе формальды ӛтуі мҥмкін: сҧрады – айттым, сҧрамады 
– айтпадым-деген тәрізді. Байланыс толық емес болуы мҥмкін: науқас ӛзінің 
сандырақтық немесе ӛзге кҥйзелістеріне қатысты емес тақырыптарда ашық 
әңгімелесуі мҥмкін. Ступор, негативизм, диссимуляция, науқастың дәрігерге 
деген сандырақтық кӛзқарасында, императивті галлюцинациялар кезінде 
контакт қиынға тҥседі немесе мҥмкін болмайды. 
Одан әрі статуста аурудың уақытқа, орынға, жеке басына байланысты 
бағдары белгіленеді. Ес пен интеллект бҧзылыстарында аурудың қоршаған 
ортаны, уақытты бағадарлауы бҧзылады, мысалы, науқас ауруханада екенін 


~ 78 ~ 
біледі, бірақ қай ауруханада екенін білмейді, жылды біледі, қандай ай, кҥн 
екенін білмейді. Науқастың сандырақ әсерінен бағдары бҧзылуы мҥмкін: ӛзін 
ауруханада емес тҥрмеде жатырмын деп, дәрігерді тергеуші деп, жазған ауру 
тарихын тергеу қағазы деп ойлайды. Кейбір ауруларда екі жақты бағдарлау 
болады: бҧл кезде ауру ӛзін бір уақытта ауруханада да тҥрмеде де жатырмын, 
кейбір науқастарды емдейді, кейбіреулері тергеуде жатыр деп есептейді. 
Бағдарлау бҧзылуы сана бҧзылыстарын анықтаудың критерияларының 
бірі болып табылады. Делирий уақыт пен кеңістікті бағдарлау бҧзылысымен 
жҥреді, аменциядан айырмашылығы бҧл кезде ӛзіндік жеке тҧлғасын 
бағдарлау бҧзылысы болмайды.
Сонан 
соң 
қабылдау 
бҧзылыстарын 
суреттейді: 
иллюзия, 
галлюцинация, психосенсорлық бҧзылыстар т.б. Патологияның бҧл тҥрі 
туралы мәліметтерді ауруды арнайы сҧрау арқылы біледі: дауыстар естиді 
ме, олар қайдан естіледі, олар кӛп пе, оларды кімдер айтады және т.б. 
Бақылау әдісі арқылы галлюцинациялардың объективті белгілері анықталады 
(олардың мазмҧнына байланысты мимика, поза, жҥріс-тҧрыс және т.б. 
ӛзгереді).
Осылайша нақты, тҥпкіліктітҥрде ойлау сипатталады: оның темпін, 
ассоциациялық қызметін, логикалық ҥрдістің бҧзылуы – жабысқақтықтар, аса 
бағалы идеялар, сандырақ. Ассоциациялық ҥрдістердің бҧзылуы кезінде 
науқас сӛзінің ҥлгісін немесе оның жазбасының ҥзіндісін мысалға алуға 
болады.
Одан әрі ес пен интеллектті зерттеу мәліметтері келтіріледі. Ес жӛнінде 
мәлімет анамнез жинау кезінде аурудың сҧрақтарға жауабынан білуге 
болады. Аурудың есі бҧзылғанда анамнездік мәліметтерді науқас ретімен, 
толық жеткізе алмайды, соңғы уақыт кезеңінде болған, ағымдағы оқиғалар 
ҧмытылады. Ауруға жеңіл еске сақталатын информацияны ҧсынуға болады, 
оқыған кітабының, кӛрген кинофильмінің мазмҧнын айтып беру сҧралады. 
Аурудың білім қоры, оның қоғамда алатын орнына сәйкестігі анықталады. 
Науқастың ой тҥйіндеу, пікірлеу қабілетін анықтау ҥшін оған арифметикалық 
қызметті қажет ететін қарапайым есептеу операцияларын, сурет бойынша 
әңгімелеу, мақалдарды тҥсіндіріп беру т.б. ҧсынылады.
Эмоциялар толық суреттеледі: кӛңіл-кҥй, реакциялар және т.б. 
эмоциялық кӛріністер. Науқас эмоциясының кӛлемі, тҧрақтылығы, басым 
сипаты, ситуацияға және науқастың физикалық кҥйіне және жалпы 
психикалық мазмҧнға сәйкестігі кӛрсетіледі. Осылайша, эйфория кезінде 
кӛңіл кҥй әдеттегідей кӛтеріңкі емес, адекватсыз тҥрде кӛтеріледі, мҧндай 
жағдайлар 
ӛлім 
алдындағы 
кахексиялық 
ауруларда, 
ӛкпе-жҥрек 
жетіспеушілігі ауруларында, трансмуральды миокард инфарктында, 
алкоголизмнің ҥшінші сатысында және т.б. жағдайларда кездеседі. 
Депрессивті немесе маниакальды жағдайларда, дисфория, апатия, ҥрей 
қорқыныш кезінде олардың белгілеріне кӛңіл аудару керек.
Еріктік-қозғалыстық бҧзылыстар науқастың активті және пассивті 
назарына, әуестіктеріне, тілектеріне, аурудың әрекеті мен жҥріс-тҧрысына 


~ 79 ~ 
әсерін тигізеді. Тексеру кезіндегі науқастың мимикасын, пантомимикасын, 
сыртқы кӛрінісін және бӛлімшедегі жҥріс-тҧрысын суреттеу қажет. 
Психикалық статустың аяғында науқастың ӛз жағдайына сыни 
кӛзқарасын және болашағына болжамын атап ӛту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет