Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Экспериментальды - психологиялық зерттеу



Pdf көрінісі
бет42/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Экспериментальды - психологиялық зерттеу 
Экспериментальды-психологиялық, 
немесе 
патопсихологиялық 
зерттеулер психикалық патологияның сипаты мен мӛлшерін негіздеу 
мақсатында қолданылады, сонымен қатар оның компенсациясына 
мҥмкіндіктерді 
анықтау 
болып 
табылады. 
Психиатриядағы 
экспериментальды-психологиялық зерттеу клиникалық психопатологиялық 
зерттеулердің жалғасы болып табылады, яғни оның жауапты кезендерінде, 
диагностикада, 
дифференциалды 
диагностикада 
және 
клиникалық 
сҧрақтарды шешуде, әлеуметтік еңбекті бастағандағы емнің нәтижелілігін 
бағалауда және реабилитациялық жоспарлауда, экспертизалар және 
мамандық сараптауда маңызы зор.
Психологиялық тесттер тҧрғындарды жаппай тексергенде, соның 
ішінде 
психикалық 
ауруларға 
бейім 
контингенттерді 
анықтауда 
қолданылады. Артынан мҧндай науқастар клиникалық психиатрда 
сауықтыру және аурудың алдын алу шараларын жҥргізу ҥшін қаралып, 
тексеріледі. Тҧрғындарды зерттеу кезінде басқа да сҧрақтар шешіледі
мысалы, нақты ауданға қажет мамандандырылған кӛмектің мӛлшері. 
Тестілеу алынған кӛрсеткіштерді математикалық ӛндеуге, бҧл ҥшін заманауи 
техниканы қолдануға және бҧл жҧмыс бойынша ғылыми негізделген 
нҧсқаулар беруге мҥмкіндік береді.
Жеке адамның типологияық және негізгі индивидуальды ерекшелігін 
анықтауға кӛмектесетін психикалық қызметтің барлық сферасын зерттеу 
ҥшін кӛптеген тесттер қҧрылған. Патопсихологиялық лабораторияларда 
жасалатын ондай зерттеулер ӛте қиын және кӛп уақыт алады. 
Экспериментальды психологиялық зерттеудің салыстырмалы тҥрде 
қарапайым әдісін дәрігер-психиатрлардың басым бӛлігі игерген, науқасты 
клиникалық зерттеуді тереңдете тҥсу мақсатында қолданады және бҧл 
мәліметтерді психикалық статусты суреттеу кезінде ауру тарихына енгізеді. 
Қандай жағдай болса да науқастың жағдайы жӛнінде шешуші сӛз клиницист 


~ 82 ~ 
еншісінде, патологиялық тест қорытындысы кез-келген лабораториялық 
кӛрсеткіштер тәрізді тек қосымша кӛмек ретінде қолданылады. Қарапайым 
ҥрдістерді – назар, қажу, есте сақтауды зерттеу ҥшін бірнеше әдістер 
қолданады.
Корректуралық сынама
. Типографиялық бланкте басылған, аз ғана 
текстті науқасқа беріп, 10, 5 не 3 минут ішінде белгілі ретпен текстегі К және 
Р әріптерін сызып тастауын сҧраймыз. Науқастың қорытындысын текстке 
арналған арнайы жауаппен салыстырып аурудың нақтылығы мен әрекет 
жылдамдылығын есептейміз. Маниакальды жағдайдағы науқас жҧмысты ӛте 
тез жасайды, бірақ кӛп қате жібереді, ал депрессиямен науқас ӛте баяу 
жасайды. Психикасы сау жас адам 10 минут ішінде 10-15 – ке дейін, мидың 
қантамырлық және органикалық патологиясы бар науқас 40 – 60 қате 
жібереді. Жҧмыс қабілеті тӛмендегенде минуттарға шаққанда қателер бір 
қалыпты болады, ал шаршаған кезде қателердің саны зерттеудің соңында 
кӛбейеді. 
 
Крепелин бойынша санау
. Науқасқа типографиялық бланк береді, ол 
одан ҧзын қатар жасап орналасқан сандарды кӛреді. Белгілі бір уақытта 
зерттелуші сандарды жіктеп, нәтижелерін жазып отыруы керек. Науқастың 
ісі бойынша оның жылдамдығын және жҧмысының нақтылығын, жҧмыс 
қабілетінің ауытқуын, қажу сатысын анықтайды.
 
Санау әдісі
. Науқастан мысалы 100-ден немесе 200-ден 7, 17, 13 немесе 
басқа санды алуын сҧрап қалдығын анықтатады. 
 
Шульте таблицасынан санды іздеу
. 5 таблицада шашылып орналасқан 
1-ден 25-ке дейін сандарды дауыстап айтып кӛрсету керек. Қажудың жоғары 
деңгейінде бір таблицаға кететін уақыт аз болады. Церебральды 
атеросклерозбен ауыратындар тапсырманы жиі тоқтап, ал эпилепсиямен 
ауыратындар баяу темппен орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет