~ 65 ~
дамыған) егіздің біреуі қатерлі шизофрениямен ауыратын болса, екінші
баланың ауруға шалдығу кҥші 100 пайызға жетеді. Зигота тҥріне
байланыссыз егіздерде аурудың басталу уақытының аралығы 4 жылдан
аспайды. Әдетте егіздердегі шизофрения ауруы біркелкі симптоматикамен
және ағым типімен кӛрініс береді.
Осылайша, шизофрения ауруымен ауыру қаупі жоғары адамдарға
науқас адамның жақын туыстары жатады. Психопрофилактика мақсатында
2-топқа бӛлеміз: 1) жоғары қауіптілік тобы - ата-анасының біреуі
шизофрениямен зардап шегетін балалар, дизиготалы егіздер және олардың
ата-аналары. 2) аса жоғары қауіптілік тобы - ата-анасының екеуі де ауру
балалар, монозиготалы егіздер. Психопрофилактика мақсатында екінші топ
адамдары аурудың басталуын ерте анықтап, емдеу ҥшін тҧрақты
диспансерлік қадағалауда тҧрады.
Эпилепсия,
шизофрения тәрізді басым полигенді берілетін ауруға
жатады. Демек, тҧқым қуалау арқылы ҧрпаққа аурудың ӛзі емес, тек ӛмір
сҥру барысында осы ауруға бейімділік беріледі. Генуинді эпилепсиямен
ауыратын монозиготалы егіздерде (85 пайыз) және ата-анасының екеуі де
ауру балаларда (15 пайыз) аурудың пайда болу қаупі ӛте жоғары.
Ҥшінші эндогенді психоз - маниакальды - депрессивті (МДП) психоз
болып табылады, аутосомды-доминантты болып келеді, тҧқым қуалау типі
50
пайыздан аспайды. МДП
бойыша
монозиготалы
егіздердің
конкорданттылығы 57-100 пайызға тең, ал дизиготалы егіздерде 16-23
пайызға, ал балалар ҥшін 10-24 пайызға тең.
Кейбір жанҧяларда ақыл кемдігіне алып келетін кәрілік шақ аурулары
жағдайларының жинақталуы бізге мәлім. Аутосомды – доминантты белгі
ретінде Гентингтон хореясы беріледі, ал науқастың балаларында аурудың
даму қауіптілігі 50 пайыз болады. Паркинсон ауруында 1-дәрежелі
туыстықтағы туыстар ҥшін қауіптілік 12 пайызды қҧрайды. Альцгеймер
ауруында сибстар мен балаларда қауіптілік пайызы тӛмен, ал Пик ауруында
ол шамамен 7 пайызды қҧрайды. Сенильді деменция кезінде сибстар мен
аурудың ҧрпақтары ҥшін сәйкес келетін жалпы популяциялық жастық-
спецификалық қатердің 4 есе жоғарылауы бақыланады. Дегенмен
индивидуальды қатер жоғары емес; 70 жастағыларда 1,5 пайыз шамасында,
75 жаста 5 пайыз, 80 жаста шамамен 8 пайыз болады.
Кемақылдық
кезінде мидың экзогенді зақымдалу жағдайын жоққа
шығару ҥшін мҧқият зерттеу ӛткізу керек. Кемақылдықтың қайталану
қауіптілігі сибстарда аутосомды-рецессивті және х-айқасқан рецессивті
(фенилкетонурия, галактоземия, гомоцистинурия және т.б.) ауруларда
жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: