Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған



Pdf көрінісі
бет47/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған 
томограмма 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ
– мидың барлық бӛліктеріне 
қатысты патологиялық ӛзгерістерді зерттеуге мҥмкіндік беретін қабатты, 
рентгенографиялық, рентгеноскопиялық зерттеу. 
ЭВМ кӛмегімен бір уақытта алынған мәліметтерді ӛңдеу ӛлшем 
нәтижелерін бірден алуға мҥмкіндік береді. Ми ісіктері, киста, гуммалары, 
селдіреуі және бас миының семуі диагностикаланады. 
Лабораториялық зерттеулер 
 
Психикалық ауруларды зерттегенде міндетті тҥрде зәр мен қанның 
жалпы және клиникалық анализдері болуы керек. 
Бҧдан кейін, осындай зерттеулерді аурудың жағдайына байланысты 
жҥйелі және кезеңді тҥрде жҥргізіп отырады. Бҧл тек аурудың фонды 
соматикалық жағдайын бағалау ғана емес, сонымен қатар психикалық 
аурулардың белсенді терапиясы ҥрдісінде соматикалық кҥйді бағалауға 
қажет. Бҧдан ӛзге анализдерде психикалық патологияны кӛрсететін оны 
сипаттайтын ӛзгерістер болады.
Соматогенді, 
инфекциялық, 
интоксикациялық 
психозда 
жиі 
лейкоцитоз, ЭТЖ-ның кӛтерілуі, нейтрофилия, қан формуласының солға 
ығысуы, ал аллергиялық реакцияларда эозинофилдер кӛбеюі, созылмалы 
қабыну ҥрдістерінде лимфоцитоз байқалады. Ҥдемелі салдануға эозинопения 
тән. Шизофрениямен науқастар қанында лейкоциттер 4500 – 3000 дейін 
тӛмендейді. Емдеу мақсатында сульфозинді бҧлшықетке жібергенде әлсіз 
лейкоцитарлы реакция пайда болады, бҧл организм реактивтілігінің 
тӛмендеуімен байланысты. Аса жедел жағдайларда – фебриальды кататония 
кезінде науқас ағзасының сусыздануы әсерінен зәрдің тығыздығы 
жоғарылайды, қанда - эритроциттердің тҧну жылдамдығы жоғарылайды, 
лейкоцитоз, нейтрофилдердің улы тҥйіршіктелуі кӛрінеді. Маниакальды – 
депрессивті психоздың маниакальды фазасында зәр тығыздығының азаюы 
мен полиурия байқалады, ал депрессияда зәр бӛлінуі азайып, оның 
тығыздығы 1030 – ға дейін кӛтеріледі. Эпилепсиямен ауыратын науқаста 


~ 90 ~ 
эпилепсия ҧстамасынан кейін қанның лейкоцитарлы реакциясын, зәрде белок 
пен қантты кӛруге болады.
Кӛптеген психикалық ауруларға қан мен зәрдің биохимиялық 
ӛзгерістері тән. Оның сипаты және қарқындылығы нозологиялық форманың 
ерекшелігіне ғана емес, сонымен қатар оның синдромальды кӛрінісіне, 
психикалық бҧзылыстардың жеделділік дәрежесіне, науқас қозған немесе 
тежелген жағдайда ма, ауру ҥрдісіне мҥшелер мен жҥйелердің қатыстылығы 
дәрежесіне де байланысты. 
Қимылдық қозу жағдайындағы әрбір науқаста нозологиялық формаға 
тәуелсіз 
гипергликемия 
пайда 
болады. 
Сонымен 
бірге, 
қанда 
кортикостероидтар мен катехоламиндер де кӛбейеді. Анық аффективті 
бҧзылыстарда гипергликемия мен глюкозурия кездеседі. Маниакальды – 
депрессивті психоздың бастапқы ҧстамасы негізгі зат алмасудың 
жоғарылауымен сипатталады, ал ҧстамаға дейінгі аралық кезеңде негізгі зат 
алмасу тӛмендейді де, қанда диабетке тән ӛзгерістер болады. Бҧрыннан, 
жайсыз ағымда келе жатқан шизофрения ҥрдісінде сәйкес алмасу 
бҧзылыстарымен 
эндокринді 
ауытқулар 
байқалады; 
глюкозаға 
толеранттылығы азаяды. Алкоголизмде бауырлық сынамалар ӛзгерген, 
церебральды атеросклерозда қанда холестериннің мӛлшері кӛбейеді, 
триглицерид кӛрсеткіші жоғарылайды. Қан мен зәрдің биохимиялық ӛзгерісі 
соматогения, инфекциялық, интоксикациялық психозбен сәйкес келеді.
Зат алмасудың туа пайда болған ауыр бҧзылыстары олигофренияның 
кейбір тҥрінде анықталады: фенилкетонурияда, лейцинозда, клен шырыны 
ауруында және т.б.
Белсенді емдеудің кейбір тҥрлерінде бағытталған биохимиялық 
зерттеулер жҥргізу міндетті болып табылады. Инсулинокоматозды терапия 
жҥргізгенде глюкозаға толеранттылық зерттеледі, ал литиймен емдеу 
жҥргізгенде оның мезгіл – мезгіл қандағы мӛлшері анықталып отырады. 
Литий тҧздары қанда 0,8 – 1,0 ммоль/л кӛп болған жағдайда асқынулар мен 
жағымсыз әсерлер туады, ол дәрінің артық мӛлшерде берілуімен 
байланысты. Қанды серологиялық зерттеу әдістері негізінен мерезге реакция 
- Вассерман (RW), Закс – Витебский, Кан болып табылады. Кейбір 
жағдайларда органикалық қабынулық церебральды ауруларда сәйкес 
антигенмен токсоплазмоз реакциясы жҥргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет