~ 15 ~
психиатры В.Гризингер механикалық және электрлік процестердің
психикалық ҥрдіске айналуы мәселесін шешілмейтін мәселе деп тапты.
Ӛткен ғасырдың екінші жартысында орыс психиатрларының ішінде
психикалық бҧзылыстардың шығу тегіне материалистік кӛзқарас кең
таралды. П.П.Малиновский «Помешательство как оно является врачу в
практике» кітабында, психикалық бҧзылыстар мидың тікелей немесе жанама
зақымдануы нәтижесінде болады деп келтірген. И.П.Мержеевскийдің
«Соматическое исследование неистовых больных» деген кітабы шықты.
В.Х.Кандинскийдің псевдогаллюцинацияларды психопатологиялық тараптан
зерттеуі бҥкіл әлемге әйгілі болды. Мәскеулік психиатрия мектебінің негізін
қалаушы С.С.Корсаков психикалық бҧзылыстардың шығу табиғатын
материалистік тҧрғыда тҥсіндірді.
Клиникалық психиатрияның дамуында теориялық және практикалық
тараптан қарағанда
психикалық бұзылыстарды нозологиялық жіктеу
сатысы
маңызды болды, бҧл ҧсыныс неміс психиатры Э.Крепелинмен Юрьев
университетінде қызмет етіп жҥрген кезеңінде жасалды. Ол алғаш жеке ауру
ретінде (ерте ақылкемдігін) dementia praecox ашып, кейіннен ол (Э.Блейлер)
шизофрения деген атауға ие болды. Э.Крепелин
Достарыңызбен бөлісу: